10-сынып Қазақ тілі 3 тоқсан (2)
Тыңдалым
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия (1835—1865
жж.) — ұлы ағартушы, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы,
этнограф. Шоқан ауыл мектебінде оқыды. Арабша жазып, оқи білуді
үйренді. Оның балалық шағы Сырымбетте өтті. Ол Айғаным әжесінің
қасында болды. Әжесі Шоқанға аңыздар мен хикаяларды айтып
беретін.
1847—1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. 1853жылы 18
жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады.
Ол генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып
тағайындалады.
Шоқан ерекше еңбектерімен
өзінің орыс достары мен жолдастарын таң қалдырған.
Ғалым Орталық Азия халықтарының тарихын, географиясын, фольклорын
жан-жақты
зерттеді. Бейнелеу өнерімен де айналысты. Шоқанның портрет, пейзаж
және халықтың
тұрмыс-салтын бейнелеген 150-ге тарта суреті
бар.
Шоқан Қашқарияға саяхат жасап,
елдің саяси құрылысы, табиғаты, халқының кәсібі,
әдет-ғұрпы туралы еңбек жазды. Шоқан Уәлиханов қазақтың халық
поэзиясына қатты қызыққан. Бала кезінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
және «Еркөкше» атты халық поэмаларын жазып алған. Кейін оны ұстазы
Н.Ф. Костылецкийге берген.
Академик Н.И.Веселовский Шоқан
туралы былай деп жазды: «…Шоқан Уәлиханов
шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды.
Орыстың Шығысты
зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан
түрік халықтарының
тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ
Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп
кетті».
Белгілі ғалым
П.П.Семенов-Тянь-Шанский Уәлихановты «ұлттық аймақтардың ішінде
ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп
бағалаған.
Мәтін бойынша тест
1. Шоқанның шын есімі кім ?
а) Шоқан в) Мұхаммед с) Қанафия д) Мұхаммед Қанафия е) Шыңғыс
2. Омбыдағы кадет корпусында қай жылдары оқыды?
а) 1853 ж. в) 1847—1853 ж. с) 1835—1865 ж.
д) 1845—1853 ж. е) 1846—1853 ж.
3. Шоқан Уәлиханов кім ?
а) тұңғыш ғалым в) ақын с) жазушы д) сазгер е) ұстаз
4. Ол неше жасында кадет корпусын бітіріп, жұмыс істей бастады?
а) 17 в) 16 с) 18 д) 14 е) 15
5. Шоқан қандай өнермен айналысты?
а) фольклор в) география с) этнография д) тарих е) бейнелеу өнері
6. Шоқан Қашқарияға саяхат жасап, не туралы еңбек жазды ?
а) әдет-ғұрпы в) географиясы с) фольклоры д) тарихы е) тілі
7. Шоқанның портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеген неше суреті бар?
а) 149-ға тарта в) 150-ге тарта с) 151-ге тарта
д) 152-ге тарта е) 153-ке тарта
8. Оның балалық шағы қай жерде өтті.?
а) Омбыда в) Қашқарияда с) Сырымбетте д) Азияда е) Шығыста
9. Шоқанды «ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған кім?
а) Н.И.Веселовский в) генерал-губернатор Гасфорт с) Н.Ф. Костылецкийге д) П.П.Семенов-Тянь-Шанский е) В.Г. Потанин
10. Шоқан Уәлихановтың ұстазы кім болған?
а) генерал-губернатор Гасфорт в) П.П.Семенов-Тянь-Шанский с) Н.И.Веселовский д) В.Г. Потанин е) Н.Ф. Костылецкий
10-сынып Қазақ тілі 3 тоқсан (2)
Оқылым
Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды
облысының Бірінші Май ауылында туған. Оның ата-анасы ерте қайтыс
болды. Ол апасының
қолында тәрбиеленген. Бала Тоқтар кішкентай кезінен ұшқыш болуды
армандайды. Бос
уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіріп
үйренеді.
Ол мектепті бітірген соң,
Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. Училищеде
инженер-ұшқыш мамандығын алады. Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеді
және 1-санатты
әскери ұшқыш атанды. Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде қиын әрі
күрделі жұмыстарды
аса үлкен жауапкершілікпен атқарды: түрлі маркадағы бірнеше әскери
ұшақты сынақтан
өткізді.
1986 жылы «Тбилиси»
авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын
қондырып, әлемде тұңғыш болып трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы
үшін
Т.Әубәкіровтің есімі Гиннестің рекордтар кітабына
жазылды.
Талғат Мұсабаев 1952 жылы 7
қаңтарда Алматы облысында туды.1974 жылы Ригадағы
азаматтық авиация инженерлері институтын бітірді. 1990 жылы
ғарышкерлер отрядына
қабылданып, Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау Орталығында оқып,
жаттықты. 1993
жылы Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін
бітірді.
Ол «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен
қатарынан үш рет ғарышқа барып қайтты. Ол космоста
алғашында126 тәулік, екінші сапарында 208 тәулік болды. Үшінші
сапарында америкалық
миллионер Денис Титоны да экипаж құрамымен бірге алып ұшып, әлемде
тұңғыш рет
космосқа саяхат жолын ашты. Талғат Мұсабаев—ашық ғарышта жұмыс
істеген тұңғыш
қазақстандық ғарышкер. Ол ғарыш айлағынан тыс ашық ғаламда 41 сағат
21 минут болды.
Мәтін бойынша тест
1. Бала Тоқтар кімнің қолында тәрбиеленген?
а) анасының в) ата-анасының с) апасының д) әкесінің е) әжесінің
2. Бала Тоқтар кішкентай кезінен кім болуды армандайды?
а) инженер в) инженер-ұшқыш с) әскери ұшқыш д) ғарышкер е) ұшқыш
3. Армавирдегі ұшқыштар училищесінде қандай мамандық алады ?
а) ұшқыш в) ғарышкер с) инженер д) инженер-ұшқыш е) әскери ұшқыш
4. 1986 жылы «Тбилиси»
авиакрейсеріне қандай дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын
қондырып, әлемде тұңғыш болып трамплиннен ұшып
шықты?
а) ғарыш айлағы в) «МИГ-29К» с) «Союз-ТМ»
д) әскери ұшақ е) ғарыш кемесі
5. Кімнің есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды ?
а) Тоқтар Әубәкіров в) Денис Тито с) Талғат Мұсабаев
д) Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев е) Талғат Мұсабаев, Денис Тито
6. Талғат Мұсабаев қай жылы туылды ?
а) 1946 ж. в) 1952 ж. с) 1986 ж. д) 1974 ж. е) 1990 ж.
7. Т. Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан неше рет ғарышқа барып қайтты?
а) үш рет в) төрт рет с) бес рет д) екі рет е) бір рет
8. Әлемде тұңғыш рет космосқа саяхат жолын ашқан ғарышкер кім?
а) Денис Тито в) Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев с) Талғат Мұсабаев д) Талғат Мұсабаев, Денис Тито е) Денис Тито
9. Талғат Мұсабаев космоста алғашында неше тәулік болды ?
а) 208 в) 41 с) 21 д) 126 е) 207
10. Ол ғарыш айлағынан тыс ашық ғаламда неше уақыт болды.?
а) 126 тәулік, в) 41 сағат с) 21 минут д) 208 тәулік е) 41 сағат 21 минут
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10-сыныпқа арналған бақылау жұмысының тапсырмалары

шағым қалдыра аласыз