жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
10 сыныпқа арналған химия пәнінен«Химия және әлем» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы
Жаратылыстану-математика
бағытындағы қолданбалы курс
бағдарламасы
1
0
сынып
2018-2019 оқу жылы
«БЕКІТЕМІН» Мектеп
директоры _______________ «____»
___________
«КЕЛІСЕМІН» Әдістемелік
кабинет меңгерушісі _____________ «____»
___________
10 сыныпқа арналған жаратылыстану-математика бағытындағы
«Химия және әлем»
тақырыбындағы
қолданбалы курс бағдарламасы
Түсінік хат
Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты бойынша химия пәнінен 10 сыныпқа арналған «Химия және әлем» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты негізінде жасалынған.
Курстың құрылымы оқушылардың өздігінен іскерліктерін дамытуға арналған. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.
Химиялық білім жалпы адамзаттық құндылықтарға, дүниежүзілік экономикалық білім жетістіктеріне ынта қойған, Егеменді Қазақстан Республикасының дамуына белсене қатысатын, өзін-өзі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуға міндетті.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, экономиканың барлық салалары бойынша еңбекке тәрбиелеу;
Оқушыларда қоршаған әлем және табиғаттың химиялық заңдары жөнінде химиялық білім қалыптастыру.
Міндеті:
Оқушыларда қазіргі химияның маңызды экологиялық проблемаларын шешудің жолдары жөніндегі түсініктерді қалыптастыру, дамыту;
Оқушыларға жеке тапсырмаларды орындауға көңіл бөлу және соның негізінде олардың мамандыққа талпынысын, икемділігін және қаблеттілігін дамыту;
Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу;
Аймақтық компоненттерді пайдалану арқылы жергілікті жердің экологиялық жағдайын зерттеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы өзінің мүмкіндік деңгейінде жұмыс істейді, білімі мен іскерлігі жөнінен ілгерілей түседі;
Болашақ мамандық таңдауға жол ашады;
Оқушылар қабілетіне қарай стандартқа сәйкес сапалы білім алады.
Курс мазмұны
І. Д.И. Менделеев- ұлы ғалым
(3 сағат)
Д.И. Менделеевтің өмірбаяны. Д.И. Менделеев-танымал ғалым. Периодтық заң және химиялық элементтер.
ІІ. Табиғаттағы элементтер. Ежелгі және орта ғасырлар элементтері
(15 сағат)
Көміртек-жердегі тіршіліктің негізі. Кремний-жер қыртысының негізі. Күкірт-химия өнеркәсібінің қозғаушы күші. Күміс және оның адамға пайдасы. Мыс-электрониканың басты металы. Хлор-түссіздендіргіш газ. Темір-ежелгі элемент. 1669 жылы ашылған элемент-фосфор. Сурьма және оның маңызы. Мырыш, оның ашылу тарихы. Мен нені білемін, нені білдім, нені білу керек? Ақ түйірлі натрий. Фтор-бүлдіргіш элемент. Бор жұмбақ зат. Элементтер әлемін терең меңгерту.
ІІІ. Ауа және су элементтері
(5 сағат)
Су, құрамы және қасиеттері. Сутек-жанғыш ауа. Оттек-тіршілік ауасы. Азот-тіршілік тірегі. Жердегі тіршілік үшін ауа ластануының зардаптары.
ІV.Аналитикалық және электролиз жолымен алынған элементтер
( 11 сағат)
Біздің айналамыздағы барий. Хром және металлургия. Уран шикізаты. Алюминий-болашағы зор металл. Калий-өсімдік гүлі. Магний. Кальций-тіршілік тірегі. Сандық есептер шығару. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, периодтық заң. Осы қаралған элементтер адам өміріне маңызды –ия, -жоқ. Қорытынды.
Оқу материалының тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Негізгі ұғымдар мен мәселелер
|
Сағат саны |
Өтіліу мерзімі |
|
Д.И. Менделеев- ұлы ғалым |
|||
1 |
Д.И. Менделеевтің өмірбаяны
|
Ата-анасы, туыстары туралы саяхат |
1 |
|
2 |
Д.И. Менделеев-танымал ғалым |
Топтық жұмыс |
1 |
|
3 |
Периодтық заң және химиялық элементтер |
Оқушы рефераттары |
1 |
|
ІІ. Табиғаттағы элементтер. Ежелгі және орта ғасырлар элементтер |
||||
1 |
Көміртек-жердегі тіршіліктің негізі |
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс |
1 |
|
2 |
Кремний-жер қыртысының негізі |
Оқулық, газет, журналдармен жұмыс |
1 |
|
3 |
Күкірт-химия өнеркәсібінің қозғаушы күші |
Интернетпен жұмыс |
1 |
|
4 |
Күміс және оның адамға пайдасы |
Оқушы рефераттары |
1 |
|
5 |
Мыс-электрониканың басты металы |
Топтық жұмыс |
1 |
|
6 |
Хлор-түссіздендіргіш газ |
Интернетпен жұмыс |
1 |
|
7 |
Темір-ежелгі элемент |
Топтық жұмыс |
1 |
|
8 |
1669 жылы ашылған элемент-фосфор |
|
1 |
|
9 |
Сурьма және оның маңызы |
«Жас химиктер сабағы» |
1 |
|
10 |
Мырыш, оның ашылу тарихы |
Дөңгелек үстел отырысы |
1 |
|
11 |
Мен нені білемін, нені білдім, нені білу кере? |
Оқушы білімін жүйелеу (оқушылардың өз көзқарастары, пікірлері) |
1 |
|
12 |
Ақ түйірлі натрий |
Оқушы рефераттары |
1 |
|
13 |
Фтор-бүлдіргіш элемент |
Интернетпен жұмыс |
1 |
|
14 |
Бор жұмбақ зат |
Оқулық, газет, журналдармен жұмыс |
1 |
|
15 |
Элементтер әлемін терең меңгерту |
Топтық жұмыс |
1 |
|
ІІІ. Ауа және су элементтері |
||||
1 |
Су, құрамы және қасиеттері |
Оқушы шығармашылығы (реферат, баяндама) |
1 |
|
2 |
Сутек-жанғыш ауа |
Ой- толғау сабағы |
1 |
|
3 |
Оттек-тіршілік ауасы |
Топтық жұмыс |
1 |
|
4 |
Азот-тіршілік тірегі |
Слайдтар жасау |
1 |
|
5 |
Жердегі тіршілік үшін ауа ластануының зардаптары |
Қазіргі экологиялық мәселелер жайында ой қозғау |
1 |
|
ІV.Аналитикалық және электролиз жолымен алынған элементтер |
||||
1 |
Біздің айналамыздағы барий |
Интернетпен жұмыс |
1 |
|
2 |
Хром және металлургия |
Слайдтар жасау |
1 |
|
3 |
Уран шикізаты |
Шығармашылық жұмыстарын қорғау |
1 |
|
4 |
Алюминий-болашағы зор металл |
Жарнамалау сабағы. Оқушы мәтін бойынша сөйлейді |
1 |
|
5 |
Калий-өсімдік гүлі |
Дөңгелек үстел отырысы |
1 |
|
6 |
Магний |
Интернетпен жұмыс |
1 |
|
7 |
Кальций-тіршілік тірегі |
Реферат тыңдау |
1 |
|
8 |
Сандық есептер шығару |
Есептер шығару |
1 |
|
9 |
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, периодтық заң |
Не? Қайда? Қашан? ойынының желісі бойынша сабақ өткізу. |
1 |
|
10 |
Осы қаралған элементтер адам өміріне маңызды –ия, -жоқ |
Өз көзқарастарын пікірлерін айтқызу, дәлелдету |
1 |
|
11 |
Қорытынды. |
|
1 |
|
Әдістемелік нұсқаулар
Биология, география пәндермен байланысын көрсету;
Есептер шығару;
Өз бетінше ізденуі мен шығармашылық қабілетін арттыру;
Мамандық таңдауға ой салу, әсер ету.
Оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесі
Зерттеу жұмысы
Есептер шығару
Рефераттар даярлау
Тестік бақылау
Бақылау жұмысы
Курс бойынша сабақ жүргізу барысындағы пайдаланылған
дидактикалық материалдар
Химия мектепке №5 2009
А.А.Сударкина. Химия ауыл шаруашылығында.- Алматы. «Мектеп» ,1989

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген