400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11- сынып оқушыларымен ҰБТ-ге арналған психологиялық қызықты тренингтер мен ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтарға арналған 11-сыныптармен жұмыс жасауға психологиялық тренингтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебі»







Тренинг тақырыбы: «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік»













Педагог-психолог: Б.Б.Жақсылық







Тренингтің мақсаты:

Арттерапия жаттығулары арқылы оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Тренингтің міндеті:

Өзіндік сенімін болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету

Тренинг барысы:

  1. Кіріспе

  2. Жылулық сыйлау” жаттығуы

  3. Библиотерапия. “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”

  4. Музыка терапия “Әуенді тап?”

  5. Құм терапия “Өмір –өзен!”

  6. Арттерапия “Бес айдан соң…»

  7. Маска терапия “ Менің бойымдағы құнды қасиет.”


Кіріспе

Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын!

Жылулық сыйлау” жаттығуы

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалар жылы лебізді бет әлпетімен эмоциямен көрсетеді.

Библиотерапия. “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”

Библиотерапия арқылы балалар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында бір –бірімен қайым айтыс арқылы айтысады. Оқушылар өз ойларынан өлең жолдарын құрайды. Балалар өздері бір-біріне әзіл-қалжың ретінде өлең шумақтарын құрастырып айтысады.

Музыка терапия “Әуенді тап?”

«Әуенді тап?» ойыны арқылы оқушыларға жасырын музыка қойылады, соны оқушылар табады.

  1. Қ.Нұртас өлеңі «Арман»

  2. Н.Абдуллин «Сен қорқақсың»

  3. Е.Есмахан «Аэропорт»

  4. Қ.Нұртас «Жанұямен бірге» әуендері жасырылған.

Құм терапия “Өмір –өзен!” жаттығуы

Мақсаты: баланы өз эмоцияларын білдіруге, басқалардың сезімдері мен көңіл-күйлерін түсінуге , өзін-өзі реттеу дағдыларына үйрету.

Құрал-жабдықтар: Эмоциялар атаулары бар карталар, альбомдар, бояулар, қарындаштар, орамдағы қалың қағаз (мысалы, тұсқағаздың артқы жағы), қарындаштар, гуашь.

Сабақ барысы:

Сәлемдесу жаттығуы. «Эмоциялар добы» жаттығуы

Балалар шеңбер бойымен орындықта отырады. Жүргізуші допты балаға береді. Бала допты келесі қатысушыға бере отырып өзі білетін эмоцияны атайды. Жаттығу доп барлық қатысушылар арқылы өткенге шекті жалғасады.

Арттерапия “Бес айдан соң…»

Пластилинмен немесе түрлі-түсті мәтінмен жұмыс. Алдымен белгілі бір түсті пластилиннің (қамырдың) бір бөлігін таңдап, оған қолайлы пішін беру ұсынылады.

Әрі қарай қатысушылар көңіл-күй түсі бойынша топтарға біріктіріледі. Әркім өзінің пікірін айтады. Содан кейін жеке жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады. (Мысалы: «Менің әлемім», «менің жанымның әлемі», «пластилин қаласы» және т.б.). Қатысушылар өз шығармашылықтарының тақырыптарын, сюжеті мен атауын өздері ойлап тапса жақсы болады.

Маска терапия “ Менің бойымдағы құнды қасиет.”

Қатысушыларға қалаған түсті таңдап, шеңбер салу тапсырылады, содан кейін кез-келген өлшем мен кез-келген түспен тағы бір немесе екі шеңбер салу тапсырмасы беріледі. (оқушы шеңберлердің көрінісін, түсін, орналасқан жерін өзгерте алады). Суреттің контурын салыңыз. Осыдан кейін шеңберлеріңізді өзіңізге ұнайтын шеңберлермен байланыстыру ұсынылады – «Сіз жол жасайсыз». Сіз өзіңіздің шеңберлеріңіздің әрқайсысының кеңістігін сюжеттік суреттермен, белгішелермен, символдармен толтыра аласыз, ал парақтың қалған бос кеңістігін өрнектермен, символдармен, белгішелермен және т.б. толтыра аласыз. Ең алдымен, басқа қатысушылармен ұжымдық сурет салу үшін фонның мазмұны мен тәсілдері туралы келісеміз.













«Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің»

11 «Ә», «А» сыныбында жүргізілген психологиялық тренингтің

Хаттамасы

2025 жылдың мамыр айының 21 күні психологиялық тренинг жүргізілді.

Жүргізілу уақыты: 45 минут

Тренингтің тақырыбы (аты) : «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік»

Тренингтің мақсаты: Сынып ішінде дұрыс психологиялық қарым-қатынас қалыптастыру, сынып климатын диагностикалау, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру, емтиханға дайындық деңгейін анықтау.

Тренингтің міндеті:

Өзіндік сенімін болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету

Тренингке қатысқан оқушылар саны: 19 оқушы

Тренинг барысы:

  1. Кіріспе

  2. Жылулық сыйлау” жаттығуы

  3. «Қобалжудан қалай арылуға болады?»

  4. Атом мен молекулалар ойыны

  5. Кім жылдам?» жаттығуы

  6. «Көңілді домофон» жаттығуы

Маска терапия “ Менің бойымдағы құнды қасиет.”

Нәтижесі: Тренинг нәтижесінде оқушылар достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізге нәр беретін, сын сағатта қасымыздан табылатын достарымыз көбейе берсін. Қай кезде, қай жаста болса да адам өміріндегі достықты сақтау керек деген ой түйіндеп тренингті аяқтадық .

Пендагог – психолог : Б.Жақсылық







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
22.05.2025
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі