жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
11-cайыс сабақ
Қазақстан тарихы |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 03.04.2018 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Оқас Жанаргул |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстандағы тарихи оқиғалар бойынша «Білімді мыңды жығар» (тарихи - танымдық сайыс) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындық жұмысының сапасын бақылау, тарих пәніне қызығушылығын арттыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар: Халықтың бірнеше ғасыр ішінде болған жауға қарсы күресі туралы біледі Оқушылардың басым бөлігі: жаугершілік күресінің себеп-салдарларын анықтайды Кейбір оқушылар: Көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығын анықтай алады
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Ақмешіт, Шаш, Черняевск, Верный, Әулиеата, Гурьев, Целиноград |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
6. Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы Өз елінің тарихи танымын қалыптастырып, мәдениетін құрметтеуге баулу, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту 7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Ұлттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып, Қазақстандағы қоғамдық өзгерістерді қарастырып, тиісті қорытынды жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашып, пәнге қызығушылығы артады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Дүниетану, 3 сынып |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
2-3 минут
5-6 минут |
І. Ұйымдастыру сәті.
Кіріспе:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылары арасында «XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстандағы тарихи оқиғалар бойынша «Білімді мыңды жығар» тақырыбында сайыс өткелі жатыр. Сайыстың негізгі мақсаты өздеріңіз біліп отырғандай оқушыларымыздың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындығын бақылау, пысықтау мақсатында өткізгелі жатырмыз. Осы аталған сайысқа ұстаздар, бітіруші түлектеріміз қатысып отыр. Ал, онда сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз алты кезеңнен тұрады. Сайысқа барлығы 3 топ қатысады. І кезең: «Миға шабуыл» ІІ кезең: «Тұлғаны таны» ІІІ кезең: Кім? Қайда? Қашан? IV кезең: мақал –мәтелдер сайысы. V кезең: «Қай топ жылдам» математикалық ойын. VI кезең: Тарихи терминдер. Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына, Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздей өренді Білімнің нәрлі сырына дей отырып, сайысымызды бастаймыз. І кезең: «Миға шабуыл» топтарға 4- сұрақтан қойылады. Көп ұпай жинаған топ бірінші кезеңнің жеңімпазы аталады. Бұл кезеңде оқушылардың ойын жинақтау мақсатында өткен материалдардан сұрақтар беріледі. Әр бір дұрыс жауап бір балдан есептеледі. І топ:
ІІ топ:
ІІІ топ:
|
Карта, интернет мәліметтері, оқулық, жұмыс дәптері, атлас |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
5-6 минут |
Мұғалім сөзі. Ой қозғау. ІІ кезең: «Тұлғаны таны» сайыстың шарты фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу.
І топқа: Шоқан Уалихановтың өмірі туралы. Шоқан Уалиханов 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туылып, балалық шағы Сырымбетте (Сол. Қазақстанда) өсті. Шын есімі: Мұхаммед –Қанапия. Шоқанның әкесі Шыңғыс Абылай ханның немересі. Шоқан 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Кадет корпусында саяхатшы, ғалым Г.П.Потанинмен танысып дос болады. Шоқанның 1857 жылы Алатау қырғыздарына сапары Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. Қырғыздардың «Манас» атты тамаша шығармасына көңіл аударды. 1858-1859 жылдары өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барып қайтты. Морко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бүл елге тұңғыш барған шетелдік -Шоқан еді. 1865 жылы «Русская инвалид» газетінің 51 санында жас қазақ ғалымының Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланады. 1865 жылы сәуір айында Ш. Уалиханов Алтын Емел жотасында Тезек төренің аулында қайтыс болды. ІІ топқа:Ахмет Байтұрсыновтың өмірі туралы. А. Байтұрсынов (1873-1938) –қазақ халқының XX ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педогог-ағартушы, лингвист, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Алаш партиясы жетекшілерінің бірі. А. Байтұрсынов тілтану мен әдебиет зерттеу жөнінде бірқатар еңбектер жазды. Ол қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізін қалаушы, әр түрлі әдістемелік жұмыстардың, оқу кітаптарының авторы болды. 1913 жылдан «Қазақ» газетінің редакторы болды. 1937 жылы тұтқындалып ату жазасына бұйырылды. 1988 жыл ақталды. ІІІ топқа:Н.Ә. Назарбаевтың өмірі туралы. Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қаскелең ( қазіргі Қарасай ауданы) Шамалған ауылында дүниеге келген. Мамандығы инженер –метталург. Экономика ғылымдарының докторы. «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Негізгі қызмет жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресі басқармасында жұмыс жасаудан бастады. 1989 жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып дағайындалды. 1990 жылы 24 сәуірден бері Қазақ КСР –нің тұңғыш Президенті қызметін атқарып келеді. Әр бір дұрыс жауап бес балдан есептеледі.
ІІІ кезең: Кім? Қайда? Қашан? Бұл бөлімде топтарға кесте беріледі. Бұл кестеде қазақ жерінде болған ұлт –азаттық қозғалыстарының аумағы мен болған жылдарын табады. Әр бір дұрыс жауап екі балдан есептеледі.
IV кезең: мақал –мәтелдер сайысы. Сөз атасы мақал демекші ендігі кезеңдегі сайысымыз мақал-мәтелдер сайысы деп аталады. Топтар өздеріне берілген тақырыптар бойынша мақал- мәтелдер айтады. Сайыстың шарты егер топтар мақал-мәтел айту барысында қайталап немесе кідіріп қалса, сайыс осы жерде тоқтатылады. Келесі топ жалғастырады. Қай топ көбірек мақал- мәтелдер айтса сол топ осы кезеңнің жеңімпазы болады. І топ: Отан туралы ІІ топ: Білім туралы ІІІ топ: Бала тәрбиесі |
Оқулық, карта, инетернет желісі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 минут
4 -5 минут
5 минут |
V кезең: «Кім шапшаң?» математикалық ойын онда әртүрлі амалдарды қойып, ретімен орындаса тарихи оқиғалардың болған жылдары шығады. І топ: 1. 35*35+546=1771 (Абылай хан болып сайланды) 2. 2000 – 300+14+12=1726 ( Бұланты шайқасы) 3. 1000*2-5*10- 3=1947 (КСРО –да карточкалық жүйенің жоюлуы) 4. 9000:3-1163= 1837 жыл ( Тастөбе шайқасы болған жыл) ІІ топ: 1. 25*23+500*3 – 130=1945 ( Ұлы Отан соғысы аяқталды) 2. 1000*2+ 100: 2-55=1995 ( Ата Заңның қабылдануы) 3. 800*2+3*100+24=1924 (Сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды) 4. 61000+1000+34 : 2=2017 (Астанада ЭКСПО көрмесінің өтуі) ІІІ топ:
VІ кезең: Тарихи терминдер. Кім жылдам? Жедел жауап. Бұл кезеңде топтарға конверт беріледі. Конверт ішінде қалалардың бұрынғы атауы жазылған, сіздерге тапсырма осы аталған қалардың казіргі атауын табу. Әр бір дұрыс жауап бір балдан есептеледі.
Құрметті сайысқа қатысушылар, тартысқа толы 6 кезеңді аяқтадық. Ендігі жеңімпаз топты анықтау қазылар алқасының еншісіне беріледі. Бүгінгі «Білімді бірді жығар» атты сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды. Жеңімпаз топты марапаттау. Қорытынды: Құрметті қатысушылар, көрермендер ғылым теңіз, білім қайық демекші, бүгінгі сайыста өз білімдеріңізді қаншалықты дәрежеде екенін көрсете білдіңіздер. Алдағы уақытта да осы қалпымыздан таймай, өз білімімізді жетілдіре білсек, алдағы болатын қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ден сүрінбей жоғары ұпай жинаймыз деген үміттеміз. Өз аңсаған мақсат-мұраттарыңызға жетіп, өздеріңіз армандаған мамандық иесі болуларыңызға тілектеспіз. Ұшар қанаттарыңыз талмасын, биік асулардан, белестерден сүрінбей өте беріңіздер дейміз. Алдағы уақытта сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. |
Оқулық, жұмыс дәптері, интернет мәліметтері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасыныңсақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Қосымша тапсырмалар беремін
|
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)? 1:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қайназар ауылындағы №2 орта мектеп кмм
Тақырыбы: XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстандағы тарихи оқиғалар.
«Білімді мыңды жығар!»
(тарихи - танымдық сайыс)
11 сынып
Пән мұғалімі: Оқас Жанаргүл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген