Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
ЖШС «125 QYZYLORDA» мектебі
Химия пәні мұғалімі: Дайырбек Аружан Алмабекқызы
-
ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
"Химия" пәнін оқыту - оқушыларға заттар және олардың құрамы, қасиеттері олардың құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар және теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық процестердің орындалуын түсініп, оларды күнделікті өмірде қауіпсіз қолдана алу және шешім қабылдауға мүмкiндiктер арттыру. Білім беру мазмұнын жаңартулар енгізуде жасалған өзгерістердің барлығы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беруге бағытталған. Химия ғылым ғана емес, сонымен қатар өндірістің маңызды саласы ретінде белгілі. Оқушылардың заттардың химиялық құрамын, құрылысын білуі пәнге ғана емес, өндірістік технология салаларына да қызығушылықтарын тудырады. Білім мазмұнын жаңарту, бірінші кезекте, орта білім берудің өзіндік моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін және әдістерін қайта қарау, білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу болып табылады. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде іс-шаралар кешенінің барлығы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
Қазіргі таңда оқушыларды өз бетінше білімді игеруінде түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып саналады. Оқушыларда пәндік білім, әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар қалыптастыруда, өзінің болашағын жоспарлай алуына, сындарлы шешімдерді қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін меңгеруіне де ықпал ету. Мұғалімі мен оқушылар бірлесе отырып шығармашылықпен шұғылдануға да болады. Пәннің мазмұны және оқу мақсаттарына қол жеткізу кезінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда: қажетті ақпараттарды өздігінен іздеуде, оны өңдеуде, қажетті мағлұматты алуда, ақпараттар және түрлі идеялармен алмасуда бірлесіп әрекет ету.
Оқытудағы коммуникативтік деп ақпараттарды таратуда және жариялауда, білім, білік дағдыларымен алмасу, екі немесе оданда көп адамдардың бір - бірімен сөйлесуі арқылы жүзеге асатын әрекеттесулер деугеде болады. Коммуникативтік нәтижесі ретінде тіл арқылы байланыс жасау қабілеттілігі. Өз ойымен бөлісуде, алған ақпараттарын немесе өзгелерден ақпарат алуда қарастырылатын әдіс. Бұл ідсте топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. Одан бқлек оқу жобасында жаңартылған мазмұнда оқытудың бір түрі деуге болды. Оқушылардың түрлі ақпараттарды қорыта алуына осы жоба қорғау жақсы ықпал ете алады. Нақты тақырыбы мен мақсаты қарастырған жобаны оқушы жеке, жұп неме топ болып зерттей алады. Мұнда олар өздері жасай алатын жұмыс түрлерін орындайды және орындау барысында оларды түрлі қабілеттері одан әрі дамиды.
Жаңартылған мазмұнда білім берудегі өзгерістер дамыған мелекеттермен терезесі тең ел болып, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруды, ол үшін мектеп кезеңінде оқушылардың білім деңгейлерінің жоғары болуын көздейді. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары – заман талабына сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңа бағдарлама белгілі бір білім беру материалын беруге емес, күтілетін нәтижелерге бағытталғалған. «Химия» пәнін жаңартылған мазмұнда оқыту оқушыларға химиялық процестердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, сонымен қатар, эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамытуға негізделген.
Химия ғылымы адамзат өмірінде тіршілік ету, өмір сүру, тұрмыстық ісәрекеттерді үйрететін, үлкен маңызға ие пән. Сондықтан да «Химия» пәні орта білім беру саласындағы пәндердің әлем бойынша да ажырамас бөлігі болып табылады. Азық-түлікті дайындау, дәрі-дәрмектер жасау, тоқыма өнеркәсібі сияқты көптеген салалар химияның жетістіктерімен ілгерілеуде. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына баратындарын, мамандық таңдайтындарын ескере отырып, кәсіби бағдар беруге бағытталған. Сондықтан жоғары сыныптарда пәнді өткенде осы жағын ескеріп, тақырыпқа тереңірек бойлап, сабақты білім алушының есінде қалатындай етіп ұйымдастыру ұсынылады. Химияны оқу арқылы оқушылар түрлі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын танып біледі. Әрине химияны оқытудағы басты мақсат ғылыми білімді есте сақтап, жинау ғана емес, алған білімді практилық тұрғыда қорытып, өмірмен ұштастыра алумен тікелей байланысты. Оқушылардың заттар мен құбылыстар жөніндегі өзіндік көзқарастарын дамытып, дүниені танудағы ғылыми әдістерді үйретуді, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыра алуды қажет етеді. Химиялық құбылыстарды түсіндіру барысында сол құбылысқа талдау жасай отырып, олардың қасиеттерін салыстырамыз, байқалған белгілі бір заңдылықтарды анықтаймыз және осының арқасында оқушыларды өзіндік қорытынды жасауға бағыттаймыз. [1]
Химияны оқыту процесінде зертханалық тәжірибе маңызды рөл атқарады, ол оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Химиялық эксперименттердің атаулары химия бойынша оқу бағдарламасында, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарлауда (демонстрациялар, зертханалық тәжірибелер, практикалық сабақтар және есептік есептер) нақты көрсетілген. Жаңартылған оқу бағдарламасында жоғары сынып оқушылары, яғни 10 - сыныпта кәсіп таңдай білуге бағдарлау қарастырылған. Сондықтан теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыны дамытуға көбірек көңіл бөлінді. Ол үшін зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар қарастырылды. Соның бірі «Қағаз хроматографиясы» зертханалық тәжірибесі ораныдалады. Бұл затрханалық тәжірибе жаңадан енген «Химиядағы аналитикалық әдістер» тарауын оқытуда қамтылған. Жаңа тарауда оқушылар аналитикалық әдістер туралы ұғымдармен таныса алады. Талдаудың түрлерін жіктейді.
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1.1 мақала ОРТА МЕКТЕП ХИМИЯСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

шағым қалдыра аласыз