11 саб жаратылыс 1 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

11 саб жаратылыс 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 саб жаратылыс 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Менің отбасым және достарым/ Адам

Күні:

20.11.2025ж

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірінің кезеңдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. 2. 3. 1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау

Сабақтың мақсаты

Адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атайды;

Адам өмірінің кезеңдерін атайды

Ұлттық құндылықтар

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;

3-апта дәйексөзі: «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ЖИ мен

Отбасым мақтаным,

Атам мен әжемнің,

Немере баласы.

Әкем мен анамның

Үміті мақтаны!


Өткен тақырыпты еске түсіру, жаңа тақырыпты жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді.

-Өткен тақырып бойынша сыныптастарыңа сұрақ қойып көріңдер.

-Суреттегі дене мүшелері қалай аталады?

-Адамға дене мүшелерінің маңызы қандай?

-Адамның өмірі қандай кезеңдерден тұрады?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда адамның өмірінің кезеңдері туралы қарастыратын боламыз.

Өлең жолдарын қайталайды


Сұрақтарға жауап береді.


Тақырып ашады.




Суреттерді дұрыс топтастырып, сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, жауабын толықтыру, «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.





адамның негізгі дене мүшеле-рінің суреттері







Сабақтың ортасы

32 мин







































(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.

А) Сөздікпен жұмыс.

сәбилік кезең

балалық шақ

жастық шақ

кемелдену кезеңі

қарттық шақ

Ә) «Кел, ойланайық».

Суретке қараңдар.

1. Сендер сәби кезінде қандай болдыңдар?

Ал қазір қандайсыңдар? Өзгеруіңнің себебі неде?


Сергіту сәті:

-Мен атаған дене мүшелеріңді ұстап көрсетіңдер.

Бас – мойын, құлақ, көз, ерін, мұрын.

Қол – иық, шынтақ, білек, саусақ.

Аяқ – сан, тізе, жіліншік, башпай.


(Т) 2-тапсырма «Анықта-нақтыла» әдісі қолданылады.

а) Зерттеу.

Адам өскен сайын қандай өзгерістер болады?

Кез келген жаста денсаулық мықты болуы үшін не істеу керек?

Ә) Ойлан!

Балалар қандай заттарды пайдаланады? Үлкендер ше? Сурет неліктен бұл ретпен орналасқан? Заңдылығын түсіндіріп көріңдер.

Б) Салыстыру

Баланың өсу кезеңдерін салыстырыңдар.

Әр кезеңге тән ерекшеліктер туралы айтыңдар.

Сөздіктің мағынасын түсінеді.







Сұрақтарға жауап береді.










Дене мүшелерін көрсетеді.





Сұрақтарға жауап береді.




Дескриптор:

Сәби кезі туралы әңгімелейді, өсу себебін анықтайды -3 шапалақ;

Сәби кезі туралы әңгімелейді, өсу себебін анықтауда көмек қажет етеді-2 шапалақ;

Сәби кезі туралы әңгімелейді, өсу себебін анықтауда қиналады -1 шапалақ;


Адам өскендегі өзгерістерді анықтайды, мықты денсаулық үшін не істеу керектігін атайды, әркімге қажетті құралдарды атайды -3 шапалақ;

Адам өскендегі өзгерістерді анықтайды, мықты денсаулық үшін не істеу керектігін атайды, әркімге қажетті құралдарды атауда көмек қажет етеді-2 шапалақ;

Адам өскендегі өзгерістерді анықтайды, мықты денсаулық үшін не істеу керектігін атайды, әркімге қажетті құралдарды атауда қиналады -1 шапалақ;

2021ж

жараты-лыстану оқулығы 1-сынып

38- бет,

дәптер






























Саб соңы 6 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын айтыңдар.

-Сабақ барысында не ұнады?

-Қай тапсырманы орындауда қиналдың

Тиісті алма суретін жабыстырады.


Нысана суреті, жебелер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі