жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
11-сынып Адам және қоғам мен өзін-өзі тану сабағын интеграциялау
«Өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған
«Адам. Қоғам. Құқық» сабағының жоспары
Мектеп: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мерзімі:
Мұғалім Джалбырова Г.Т.
Cынып: 11
Тақырып: Адам ойының ізденісі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: ұлтжандылық, адалдық, жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты: Адамның үнемі ізденісте болуы оның даму дәрежесін көрсететіндігі жайлы мәлімдеу. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: «Сана», сана мен ми, сана және тіл, сана құрылымы, сана және бейсаналық ұғымдары туралы түсінік беру; 2. Дамытушылық: Оқу материалын өнімді меңгеру, ақпараттар мен дәйектерді талдау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, адал, жауапкершілігі мол, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайд, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығы, «Море» әуені, плакат, фломастер |
||
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру. ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) Сыртқы интеграция «Су асты патшалығына ойша саяхат» Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. -Рахмет
|
Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу. |
||
Үй тапсырмасын тексеру.
|
Үйге берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап беру. |
||
Сыртқы интеграция. Дәйексөз. «Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып алдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады.» Әбу Насыр әл-Фараби (Оқушылар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтады) Дәйексөзді қалай түсінесіз?
Ішкі интеграция. Жаңа сабақтың жоспары:
Сана құрылымының екі деңгейі
Сана құрылымы: Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады. З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады. К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Сананың құрылымы:
т эмоция интуиция
Сананы тазарту:
Ертедегі даналар: «Әлемде тыныштық болсын және де ол менен басталсын!» деген екен.
|
Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаянынан қызқаша ақпарат беру. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Балалардың берген жауаптарына қарай, ойларын жетілдіріп отырамын |
||
Шығармашылық тапсырма. «Жұлдызым менің жоғары» тақырыбына эссе жазу |
|
||
Бағалау Үй тапсырмасы.
|
|
||
Сыртқы интеграция. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады. Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген