Материалдар / 11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан ТЖБ ҚГБ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан ТЖБ ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан ТЖБ ҚГБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2024
51
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















«Дүниежүзі тарихы» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)




















Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

7. Модерация және балл қою 5

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

ІІI ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 31

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудыңмақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, білім алушы тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтынқұжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер

Білу:

    • әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды;

    • әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;

    • қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;


Түсіну

    • мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;

    • әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;

    • тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;

    • әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;

    • түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;

    • әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын;

    • жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын;


Қолдану

    • түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;

    • әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;

    • өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын;


Талдау

    • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

    • тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;

    • тарихи деректерді;

    • жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын;


Жинақтау

    • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

    • әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын;

    • әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды;

Бағалау

    • түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;

    • әлем тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын;

    • әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдікдәрежесін.


  1. Ойлау дағдыларыныңдеңгейі



Ойлау дағдылары ның деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау, қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін «либерализм», «ұлтшылдық», «социал- демокра тия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм» түсініктерін қолдану, әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтарымен

айырмашылықтарын анықтау.

Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ)

Қолдану

Әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау, қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін «либерализм», «ұлтшылдық», «социал- демократия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм» түсініктерін қолдану, әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін

тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары

Экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу, экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің әртүрлі амалдарын зерттеу, мемлекеттер мен аймақтар дың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау, әртүрлі мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау, азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау, заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу, жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік- экономикалық дамуға әсерін талдау

Деңгейді тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін

тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады

  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

І

0%

40%

60%

ІІ

0%

40%

60%

ІІІ

0%

20%

80%

ІV

0%

20%

80%

Барлығы

0%

30%

70%


  1. Жиынтық бағалауды өткізуережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралыайтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйымсалынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларынөтініңіз.


  1. Модерация және баллқою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 30 балл


Тапсырмалар түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететінтапсырмалар

ТЖ – толық жауапты қажет ететінтапсырмалар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма

*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойынша балл










Өркениет: даму

ерекшеліктері

11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу


Жоғары деңгей дағдылары


1


1


ҚЖ


8


7












30

11.1.1.5 әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тәнбелгілерді

анықтау


Қолдану


1


2


КТБ


5


5

11.1.2.2 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің әртүрлі амалдарын зерттеу


Жоғары деңгей дағдылары



1



3



ҚЖ



8



6

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі

экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау



Қолдану



1



4



ҚЖ



6



3

11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!