400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып Фотосинтездің жарық кезеңі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Фотосинтездің жарық кезеңі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Қоректену

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:

https://youtu.be/Q9y8yTCJ3p8?si=fnAiwGGC6046ZrpX

Сынып:11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Фотосинтездің жарық кезеңі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Сабақтың мақсаты

-фоосинтездің жарық кезеңінде жүретін үдерісті түсіндіреді

-фотофосфорлану механизмінің қысқаша сұлбасын құрастырады

ЕБҚ үшін: фотосинтездің жарық кезеңіндегі өтетін үдерістерді (фотолиз, фотофосфорлану) сипаттау (тіл кемістігі бар оқушы)


Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

-фотосинтездің жарық кезеңінде жүретін фотолиз, І фотожүйе және ІІ фотожүйелерінің қызметін, фотофосфорлану үдерістерін сипаттайды;

-І және ІІ фотожүйелердің жұмыс істеу механизмдерін ажыратады;

-циклсіз және циклді фотофосфорланудың айырмашылықтарын талдайды.


ЕБҚ: фотосинтездің жарық кезеңіндегі өтетін үдерістерді (фотолиз, фотофосфорлану) сипаттайды

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақы1

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

/10 мин/

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру. «Иық тірескен шеңбер..» әдісі арқылы оқушлар бір –бірінің иықтарына қолдарын айқастыра отырып, шеңбер құрады жақсы тілектер айтады. Жағымды ахуал қалыптастырады. Мұғалім шеңберден орын алады

  2. Топқа бөлу арнайы рандом генераторы арқылы жүзеге асады

Табыс критерийлері: -нақтылық; -белсенділік; -бірлескен жұмыс; -уақыт сақтау;






3.Алдыңғы білім

«Дұрыс», «Бұрыс» әдісі

Берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс еместігін анықтаңыздар. Кубик-рубик лактыру арқылы қай оқушы жауап беретінін анықтау.

  1. Хлоропластың ішкі мембранасы тилакоидты құрылым түзеді.*

  2. Тилакоидтың ішкі кеңістігі пропластид деп аталады.

  3. Хлоропластың меншікті ДНҚ-сы, рибосомасы болады.*

  4. Стромада фотосинтездің жарық кезеңінің реакциялары жүреді.

  5. Жасыл пигмент – хлорофилл сары және күлгін сәулелерді сіңіреді.

  6. Хлорофилл молекуласының орталығында пирролды топтардың төрт атомымен байланысқан магний атомы орналасады.*

  7. Каротиноидтер сары және қызғылт сары пигменттер, изопреннің туындылары*

  8. Хлоропластардың негізгі қызметі жарық энергиясын, химиялық байланыстар энергиясына айналдыру.*

  9. Фикобиллиндердің пирролды топтары тұйық тізбек түрінде орналасады

  10. Құрамында оттек бар каротиноидтер ксантофилл деп аталады.*




4.ЕБҚ - оқушыларға арналған тапсырма: Төменде берілген хлорофиллдің қызметтерін кестеге сәйкестендіріп қойыңыз.

Хлоропластың құрылымы

Хлоропластың қызметтері

Сыртқы мембрана


Ішкі мембарана


строма

Генетикалық ақпарат


Сұйықтық және оның құрамындағы заттар



1)құрамында хлорофилл болады; 2) сақиналы ДНҚ; 3) қатпарлы; 4) құрамында ферменттері бар; 5) АТФ түзіледі; 6) глюкоза, қант және крахмал түзіледі 7) ұсақ рибосомалар; 8) граналар; 9) оттегі түзіледі; 10) РНҚ; 11) ламелла; 12) тегіс; 13) қатпары бар; 14) хлорофилдің электрондарын цитоплазмаға өткізбейді; 15) органикалық заттар-көмірсулар түзіледі 16) строма мен цитоплазма арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді; 17) цитоплазмалық, немесе ядродан тыс, тұқымқуалаушылық; 18) жарықтың хлорофиллмен байланысуы





Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, тілектерін білдіреді

1-топ – 

2-топ –

3-топ-




Берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс еместігін анықтайды. Әрбір дұрыс тұжырымдардың тұсына «+» белгісін қояды.














ЕБҚ: Хлоропластың құрылымының негізгі қызметтерін тиісті сөздерді пайдаланып сәйкестендіріп жазады.









Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл







Дескриптор:

-Берілген сұрақтардың дұрыс тұжырымын белгілейді-1балл

-дұрыс емес тұжырымдарды анықтап белгілейді-1балл


Бағалау: Сотка әдісі













ЕБҚ: 1.Хлоропластың сыртқы мембранасының қызметін жазады-1

2.хлоропластың ішкі мембранасының қызметін табады-1

Бағалау: Мұғалімнің бағалауы

Сабақ арнай платформада жасақталған

Топқа бөлу https://www.classtools.net/random-group-generator/

бейнебаян

https://youtu.be/P-eri-rbc4k










Үлестірме материалдар

Ортасы/25мин

  1. «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу арқылы ұжымдық талқылауды суретпен жұмыс жүргізуді ұсынады

Суретте не бейнеленген?

Фотосинтез үдерісі қалай және қайда жүреді

Анаграмма тапсырмасы беріледі

Термин сөздерді жаздыртады.










Фотосинтездің жарық фазасында жүретін үдерістерді видеоматериалдан көріп, келесі тапсырмаларды орындауды ұсынады

1 тапсырма.

А.. Электрондарды тасымалдау тізбегінде қатысатын 1-7 сандарымен берілген бөліктерін атай отырып, үдерісті сипаттау.

Б.Суреттегі қай сандар (қараңғы фаза реакцияларына керек) жарық кезеңінде түзілетін соңғы реакцияларды көрсетеді?

Тилакоидты кеңістік

жарық

жарық

Кальвин циклі

ЕБҚ оқушыларға арналған тапсырма:

Берілген сөйлемдерді анықтап оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып толықтырыңыз.

Фотолиз кезінде ......түзіледі. .......тотықсыздану үдерісінде түзіледі. АТФ-ті синтездейді-........ Фермент болып табылады...... Динуклеотид-....... . Макроэргиялық байланыстар .......бар.






«Сөздер банкі» әдісі

2 Тапсырма: Берілген сөздерді тиісті үдерістердің бағанына сәйкестендіріп қойыңдар:

Н2О , НАДФ, І фотожүйе, АТФ, НАДФН, О2

Фотофосфорлану

Циклді

Циклсіз

жолы



электрондардың бірінші доноры



электрондардың соңғы акцепторы



өнімдер



қатысатын фотожүйелер





Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма:

Фотосинтез – жарық кванттарын сіңіру, пайдалану және өзгерту реакцияларынан тұратын автотрофты кешенді үдеріс. Бұл үдеріс бактериохлорофилл мен хлорофилл пигменттердің тікелей қатысуымен өсімдіктердің, балдырлардың ұлпаларында жүреді. Жарықта жай заттардан - су мен көмірқышқыл газынан күрделі органикалық заттар түзіледі. Бір жыл ішінде өсімдіктер 100 млрд. тонна органикалық заттар өндіріп, атмосфераға 140 млрд. тонна оттегін шығарып, 200 млрд тонна көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл үдерістің маңызы ғаламшарда тек фотосинтездік жүйеде бос энергияны жинақтайды.

  1. Өсімдіктер қоректену типі бойынша жатады:

А.гетеротрофты

Б. сапрофитті

С. хемотрофты

Д.фотоавтотрофты

2. Дүниежүзілік мұхитты «ғаламшарымыздың өкпесі» деп атау себебін түсіндіріңіз.

А.фотосинтез үдерісінің жарық кезеңінде оттегінің түзілуі

Б. фотосинтез үдерісінде органикалық заттардың түзілуі

С. Фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газының сіңірілуі

Д. фотосинтез үдерісінде энергияның жинақталуы

3. Фотосинтез үдерісінің қарқындылығын көмірқышқыл газының концентрациясын 1,5%-ға арттыру арқылы көтеруге болатынын орыс физиологы Владимир Любименко анықтаған екен. Бірақ адамзат ондай қадамға бара алмайды. Себебі:

А. ғаламшарымыздың жылулық теңгерімі (баланс) бұзылуына әкеледі

Б. оттегінің түзілу мөлшері азаяды

С. өсімдіктердің органикалық заттарды өндіру өнімділігі кемиді

Д. фотолиз үдерісіне кері әсер етеді

4. І фотожүйе және ІІ фотожүйе ерекшеліктерін кестедегі бос орындарға толықтырыңыз

Айырмашылықтары

Фотожүйе І

Фотожүйе ІІ

Орналасуы


Тилакоидты

мембрананың ішкі жағында орналасқан

Реакциялық орталық

Р 700


Фотофосфорлану

Циклдік және циклсіз


Фотолиз


Жүреді

Қызметі

НАДФН синтездейді


Сіңіретін сәуле ұзындығы


Қысқа толқынды

сәуле


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгендерін ұжымда талқылап айтады;

Анаграммадан адасқан сөздерді орналастырып тақырыпты ашады

. Қажетті термин сөздердің анықтамасын дәптерге жазып алады.





Видеоматериалды қарап, суреттегі электрондарды тасымалдау тізбегін сипаттайды. Жетелейтін тапсырмаларды орындайды.(топпен жұмыс)










ЕБҚ: Фотосинтездің жарық кезеңінде жүретін үрдістеріне қатысты сөйлемдерді талдап, тиісті сөздердем толықтырады.






Оқулық мәтінімен жұмыс жасай отырып, фотофосфорланудың түрлері көрсетілген сызбанұсқаны ( 18- сурет, 49 бет) пайдаланып, талдап, тапсырманы орындайды











Мәтіннің мазмұнымен танысады. Мәтін мазмұнын, алдындағы білімін пайдаланып жабық және ашық тапсырмалар сұрақтарына жауап береді.

Дескриптор:

-фотосинтез үдерісінің бірнеше мысалын айтады

-Фотосинтез қайда жүретінін түсіндіреді

-Анаграмма тапсырмасын орындайды










Дескриптор:

1.Жарық кезеңінің жүретін орнын анықтайды-1

2.Электрондарды тасымалдау ферменттерін анықтайды-1

3.фотожүйелерді көрсетеді-1

4. АТФ синтезін анықтайды-1

Бағалау:







Көп нүктенің орнына қалып қойған сөздерді тауып жазады-1










Дескриптор:

1.фотофосфорлану жолдарын анықтайды-1

2.электрондардың бірінші донорын анықтайды-1

Бағала










Дескриптор:

-тест тапсырмаларын дұрыс жауабын белгілейді

-
























Дескриптор:

фотожүйелерді салыстыра отырып І фотожүйе ерекшеліктерін айқындайды-1

5. фотожүйелерді салыстыра отырып ІІ фотожүйе ерекшеліктерін айқындайды-1




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
25.09.2023
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі