400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып ЖМБ бойынша қазақ тілі пәнінен БЖБ №2 (2-тоқсан)

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология: ядролық және мұнай өндірістері бөлімі: жаратылыстану-матемитикалық бағыт бойынша 11-сынып оқушыларына арналған № 2 б-л3м бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»


Оқу мақсаты: 11.2.4.1 – әртүрлі стильдегі (ғылыми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем

әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,

мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін

салыстыра талдау

11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды

қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына

білу

Бағалау критерийі Білім алушы

  • әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

  • берілген тақырыпта көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Орындау уақыты: 20-25 минут


1-тапсырма: Мәтіндермен мұқият танысып шығыңыздар. Салыстыру жұмыстарын жүргізіп, кестені толтырыңыздар.

1-мәтін: Қала экологиясы

Өзгерісті байқармыз талай әлі,
Басы болған нәрсенің бар аяғы.
Түнде жауған аппақ қар
Алматыда
Түске дейін түтінмен қараяды.
Сұрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,
Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.
Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,
Ақ жем болды қос қолым судан шықпай.
Болу қиын қалада шын ханшайым,
Қанып ішпей газдағы құмған шайын.
Газ бен бензин иісінен безер болам,
Терезенің пердесін жуған сайын.
Жыртқан сайын календарь парақтарын,
Жұқарғандай жүйке мен тағат тағы.
Асфальт жапқан аулаға қарап тұрам,
Пәтерімнен бесінші қабаттағы.
Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,
Сұлулықпен суреттен жолығысып...
Құс секілді құс та жоқ,
жетім торғай
Балкондарда жүреді қонып-ұшып.
Жетім торғай жабығып ұшар одан.
Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.
Күннің көзі кірбиіп көрінеді,
Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан..

К.Ахметова


2-мәтін. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Каспий_теңізі



Мәтін тақырыбы

1-мәтін:

2-мәтін:

Аудиториясы

1-мәтін:

2-мәтін:

Стилі:

1-мәтін:

2-мәтін:

Тілдік ерекшеліктері

1-мәтін:

2-мәтін:



2-тапсырма: «Мұнай өндірісінің пайдасы мен зияны» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, шығармашылық жұмыс жазыңыз.



Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

әртүрлі стильдегі (ғылыми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

1


Тақырыбын анықтайды

Аудиториясын анықтайды

Стилін анықтайды

Тілдік ерекшелітерін табады

2

2

2

2

әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады

2

көркемдегіш құралдарды қолданады

шығармашылық жұмыс жазады

1


1

Барлығы

10








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі