400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау тренингі" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілетін,ҰБТ-ге деген сенімділігін, көтеріңкі көңіл-күй сезімдерін психологиялық тұрғысында дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау »тренингі.

Мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілетін,ҰБТ-ге деген сенімділігін, көтеріңкі көңіл-күй сезімдерін психологиялық тұрғысында дамыту.

Көрнекі-құралдар: табиғат көрінісінің слайдтары, алма талының суреті, алмалар.

-Құрметті оқушылар, әуелі орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Енді денелеріңізді, ішкі дүниедегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар!

Мен сіздерге бірнеше сөз айтамын,соны қайталаңыздар.

Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!

Әлемде мені бәрі жақсы көреді!

Мен бақытты оқушымын!

Мен білімді оқушымын!

Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!

Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын!

Рахмет,орындарыңызға жайғасып отырыңыздар!

Медиатация:Ал,енді көздеріңізді жұмыңыздар,көз алдарыңызға елестетіңіздер!

Әсем бір шебер бағбанның баптап өсірген алма бағында қыдырып жүрсіздер.Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетсін. Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар.Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын, менде бәрі жақсы болады, менің өзіме деген сенімділігім мол, мен үшін бәрі оңай және түсінікті болады.

-Па, шіркін қайран алмалардың иісін-ай, танауларыңызды керіп,демдеріңізді ашып,рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең демалыңыздар!Ал енді жайлап көздеріңізді ашыңыздар.

Құрметті оқушылар,ендігі мақсат мынау! Шебер бағбанның бағында өскен алманы сіздерге таратамын. Осы алмаға әркім өзінің жүрек түбіндегі жатқан арман мүдделерін,тілектерін жазсын.(3 минут уақыт беріледі.) Алмаларды жинаймыз.Мына алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман алма талы» сіздердің жүрек түбінде жатқан арман тілектеріңіз орындалды деп есептеңіздер.

Рефлексия:

-Бүгінгі аутотренинг сіздерге ұнады ма?

-Қандай сезімде болдыңыздар?

-Тренингтен алған әсеріңіз қандай?

Қорытынды: Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақыт -ол бақытты секундтан, бақытты минуттан, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Сәттілік тілеймін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі