400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып оқушыларына арналған факультатив курс бағдарламасы Тақырыбы : Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру. Автор 11-сынып оқушыларына арнап құрастырған факультатив курс бағдарламасының мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижесіне тоқталып кетеді. Әрі курс бағдарламасының пән мұғалімдер үшін тиімділігі және оқушылар үшін тиімді жақтарын атайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып оқушыларына арналған факультатив курс бағдарламасы

Тақырыбы : Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

Құрастырушы:Файзулина Баян Боткеновна-қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімі.

65 мектеп-гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласы

Мақсаты: қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»[1] деп көрсетілген. Бүгінгі таңда барлық мұғалімнің алдында тұрған міндет – оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, нәтижеге бағытталған білім беру.

Бүгінгі таңда, оқушыларға сапалы білім беруде қолданбалы курстар,таңдау пәндер,факультативтік курстардың маңызы зор.Әсіресе,11-сынып оқушыларын уақыттарын зая өткізбей, тапсыратын ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындау-бүгінгі ұстаз алдындағы үлкен міндеттердің бірі.Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мәтін түрлерімен жұмыс істете отырып,тілдік бағдарға да баса назар аударып отырса деймін.Сонымен қатар,бүгінгі күні,қазақ тілі пәнінен 11-сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын нақты құралдың аздығы.

11-сынып оқушыларына арналған факультативтік курстың маңыздылығы сол,бұл факультативтік курста он бірінші сынып оқушысы қазақ тілінің тіл білімінің салаларына тоқталып, он бір жыл бойы алған білімдерін жүйелеп,қайталайды,саралайды.Бұл факультативтік курста оқушы оқу жылының басынан бастап тіл білімінің салаларын: фонетика, лексика, морфологияны, стилистиканы теория жағынан қайталап, практика жүзінде жаттығулармен өз білімін бекітеді. Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге барған кезде,қазақ тілінен ешбір сүрінбей өзіне қажетті ұпайды жинап, әрі қазақ тілі пәнінен болашақта өзіне қажет білімін толықтырады деген үміттенемін.

Курс бағдарламасы оқушыларға да мұғалімдерге де жеңіл болу үшін құрастырылған.Біріншіден, мұғалімдер үшін қысқа мерзімді жоспары әзірленген,яғни мұғалім күнтізбелік- тақырыптық жоспар тақырыбы бойынша жаттығулар құрастырып отырмайды, ол жаттығулар қысқа мерзімді жоспарда берілген. Екіншіден, оқушылар үшін де өте ыңғайлы. Өйткені, оқушыға жұмыс істейтін оқушының жұмыс дәптері берілген.Оқушы төменгі сыныптарда өтіп,ұмыт болған тақырыптарын естеріне түсіріп, жинақтайды.Жұмыс дәптерінде берілген дайын жаттығулармен жұмыс істейді.Ол дәптер арқылы мұғалім да оқушыға кері байланыс беріп,оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтап жоя алады алады. Сондықтан,бұл курс бағдарламасы оқушылар үшін де мұғалімдер үшін де өте тиімді әрі ыңғайлы деп ойлаймын.

Қорыта келгенде,мектеп түлектері осы курстың арқасында қазақ тілі пәнінен өз білімдерін толықтырып, жинақтап, қазақ тілі пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындалып,ойдағыдай тапсырып, болашақта еліміздің көркейуіне өз үлесін қосатын білімді де тәрбиелі азаматы шығады деген ойдамын.Болашақта мұғалімдердің әрбір құрастыратын құралдары оқушылар мен мұғалімдерге тиімді болып жатса нұр үстіне нұр болар еді.Осы құрастырылған курс бағдарламасы оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс істеулеріне ыңғайлы болады деген сенімдемін.







Қолданылған әдебиттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.09.12.2020 жыл.

  2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
43 ұстаз жүктеп алған
16.01.2022
2478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі