400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

11-сынып оқушыларына арналған тест нұсқалары.Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест нұсқалары мектеп бітіруші түлектерге арналған. Қазақ тілі пәні бойынша құрылған жұмыс түрі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тест 11-сынып

1.Баяндауыш қызметіндегі тұйық етістікті тап.

А.Қонақтар көрмені көруде

В.Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді

С.Құл құмырсқаның өсу сатысы да қызық.

Д.Асқар тау алыстан көрінеді.

Е.Мұндай өзара алмасулар екі аралық бейбіт қарым-қатынастың жандана түсуіне әсер етеді.

2.Өздік етістің сөйлемдегі қызметін анықта.

Апыр- топыр киінген сарбаздар сапқа тұра бастады.

А.Толықтауыш

В.Пысықтауыш

С.Бастауыш

Д.Анықтауыш

Е.Баяндауыш

3.Шартты және ашық райлы етістіктерді тап.

А.Бөгемеңдер, жол беріңдер

В.Денесі жылып, маужырып барады.

С.Бетің былғанса, су тазартады.

Д.Сенің де айтқаның болсын.

Е.Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?

4.Үсеудің қанша сөзден тұрғанын анықта.

Сара ертеден қара кешке дейін еңбек етіп жүр.

А.4

В.3

С.2

Д.1

Е.5

5.Септеулік шылауы бар сөйлемді тап.

А.Ән мен күй әрқашан қуаныш сыйлайды.

В.Сен де ғашық болыпсың-ау.

С.Осы –ақ елді менсінбей жүреді екен.

Д.Махаббат деген осы ма?

Е.Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билеп әкетеді.

6.Одағайдан жасалған үстеуді тап.

А.Әлди-әлди ұйықта, жаным бөбегім.

В.Ол бізге жалт-жалт қарады.

С.Уһлеп,аһлеп әзер жеттім.

Д.Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді.

Е.Алдымнан жақсы кезіктің, қарағым.

7.Басыңқы сыңары зат есімнен болған есімді сөз тіркесін тап.

А.Күз сайын

В.Сарыөзекте тұрады

С.От сөнбеді

Д.Жаңа мектеп

Е.Көп ойнау

8.Қиысуды тап.

А.Ойы анықталды

В.Дегеніне көнбеді

С.Ананың сөзі

Д.Елден бұрын келді

Е.Қатты айтты

9.Сөйлемде кездеспейтін сөйлем мүшесін тап.

Тезінен Мағаштың баласы мұнда келсін.

А.Бастауыш

В.Баяндауыш

С.Толықтауыш

Д.Анықтауыш

Е.Пысықтауыш

10. Көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгі мен жалпылауыш сөзді қой.

Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, теңге алу... осы күні болады.

А.Үтір, баршасы

В.Сызықша, баршасы да

С.Нүкте, барлығы да

Д.Қос нүкте, баршасы да

Е.Нүктелі үтір, тегісі

11. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын анықта.

Абай аға, сіз есеп білесіз бе?

А..Шылау арқылы

В.Есімдік арқылы

С.Есіше арқылы

Д.Көсемше арқылы

Е.Интонация арқылы

12.Сөйлем түрін ажырат.

Бұлаққа қиялап түсетін тар соқпақпен келе жатырмын.

А.Жалаң

В:Жақсыз

С.Толымды.

Д.Толымсыз

Е.Атаулы

13.Сөйлемнің түрін анықта.

Балаларға жатуға белгі бергеніне бірталай уақыт болса да,Жарқын әлі ұйықтаған жоқ.

А.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

В.Себеп бағыныңқы сабақтас

С.Шартты бағыныңқы сабақтас

Д.Мақсат бағынықы сабақтас

Е.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

14.Төл сөзі бар қатарды тап.

А.Менің Сайын аударған «Отырар тәбәрігі» деген повесімді жариялап жүрген осы жігіт.

В.Әнекеңнің «Ақ дос,сары дос, қара дос» дейтін кітабының бір кейіпкері осы Мәкең болатын.

С.-Ұлы өнерге қамқорлық жасалды,-дейді Нұржамал Үсенбаева өз сұхбатында.

Д.Мен ол кезде «Жетісу» газетінде қызмет істеймін.

Е.Шығыстың ғұлама ғалымы Әбунасыр Әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» романы жарыққа шықты

15.Сөйлемді ықшамдауға байланысты қойылған сызықшаны көрсет.

А.Қараса, Сары апаң екен.

В.Ашуың келсе-қолың тарт.

С.Инең болса-иінің бүтін.

Д.Тауып сөйлесең- күміссің.

Е.Әкеден-ақыл, Анадан-мейір.

16.Сөйлемге тән стиль түрін анықта.

Әбдрахман кездеме қалса, Күлзипа ұялып-қызарып, тәңірге жазады да қалады.

А.Ғылыми стиль

В.Көркем әдебиет стилі

С.Ресми іс-қағаздар стилі

Д.Ауызекі сөйле стилі

Е.Публицистикалық стиль

17.Пікірдің авторын тап.

Ақыл мен білімнің тілмашы- тіл.

А.Т.Пейн

В:Т.Мор

.С.Ж.Баласағұн

Д.Құтып

Е.М.Қашқари

18. Қорғаушылар мен айыпкерлер сөздері қай қатарға тән.

А.Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздер

В.Білім-ғылымдық сипаттағы шешендік сөздер

С.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер

Д.Діни мазмұнды шешендік сөздер

Е.Сотта қолданылатын шешендік сөздер

19.Кейінді ықпалға жататын сөздер қатарын тап.

А.Қазақстан, адамнан

В.Бұрымнан, сұранысқа

С.Тарағы, жазса

Д.Анаға, табаққа

Е.Мектепке, қаптан

20.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді тап.

А.Сыяды

В:Сияды

С.Сыйады

Д.Сийады

Е.Сиады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі