Материалдар / 11 сынып оқушыларының мамандық таңдауына психологиялық кәсіби бағдар беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11 сынып оқушыларының мамандық таңдауына психологиялық кәсіби бағдар беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар беруде 11 сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізгенде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
990
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1 Нұрғали Гүлім Талғатқызы мектеп психологы


«Мамандықты дұрыс таңдау – табысқа жетелейді» тренинг сабақ

Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жәй күнелту, асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек».

Сабақ барысында оқушылар мынадай мәліметтер алады:

  • Өзінің жеке қасиеттерін, қызығушылықтарын және икемділіктерін біле алады.

  • Оқу орындары және түрлі мамандықтар туралы толық мәлімет алады.

  • Мамандық таңдау ережесі жайлы ақпарат алады.

  • Таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтайды

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары : Оқушылардың мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды қоғамдағы еңбектің, мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып , олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат беру.

Тренинг құрылымы: Сабақ 11-сынып оқушыларына арналған . Ойындар, жаттығулар, теориялық бөлімдер, диагностикалық әдістемелерден тұрады.

Сабақтың ұзақтығы 35-45 минут жаттығулардың күрделігі мен басқа да жұмыс жағдайларына байланысты .

Өткізу шарты : Топтағы балалар саны 10-16 адам. Оқушыларды топтастырып отырғызу .

Сабақ барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылар бір-біріне және топтасу арқылы жақсы тілектер айту арқылы көңіл-күйлерін көтереді.

  1. «Сәлемдесу –танысу» жаттығу . Джест арқылы амандасу

Мақсаты : Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту .

Нұсқау: Қатысушылардың шеңбер бойымен тұрады. Өз есімдерін атап, амандасудың ым-ишарасын жасайды. Келесі кезектегі қатысушы өзінен тұрған адамның есімі мен ым-ишарасын айтып , өз есімі мен ыи-ишарасын көрсетеді . Ойын осылай жалғаса береді.

  1. «Мамандықты тап» (ойын)

Нұсқау: Тренингке қатысушыларды үш топқа бөлеміз. Әр топқа карточкада жазылған мамандықтар беріледі. Әр топ сол берілген мамандықтарды басқа топқа ыммен бейнелеп көрсетуге тырысады . Қалған топтар сол мамандық қай мамандық екенін табады.

Хирург , Фабрика басшысы , Хатшы, Бугалтер , Слесарь, Инжинер,

Кітапханашы , Банк қызметкері , Сатушы , Мұғалім , Мүсінші.

  1. Сауалнама

Қатысушылар сауалнама толтырды.

Сіз тренингтен не алғыңыз келеді?

  • Өз қабілетімді тексеру.

  • Оқу орындары туралы толық ақпарат алу.

  • Өз икемділігімді анықтай отырып, іс-әрекет түріне бағыт –бағдарды дұрыс қою.

  • Мамандық әлемі жайында толық білу .

  • Мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде ақпарат алу.

  • Тағы басқа

  1. «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы.

Нұсқау: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді. Ескерту : Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.

  1. «Жалғастыру» жаттығуы.

Мақсаты: психологиялық және дене қатаюынан , күштенуінен арылту , топты ұйымдастыру.

Нұсқау: Бір қағаз алып, ең жағымды қарандашты таңдайды. Шапалақ ұрғанда нені қалайды соны салады, қайтадан шапалақ ұрғанда қасындағы қатысушыға сурет пен қарандашты береді. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі қатысушы жалғастырады. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.

Сурет ұнадыма? Өз сеніміңізбен, көңіл күйіңізбен бөлісіңіз. Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма ?

  1. «Мамандық» акроөлең жаттығуы

Нұсқау : Әр топ мамандыққа байланысты акроөлең шумақтарын шығарып айтып шығу керек.

М-

А-

М-

А-

Н-

Д-

Ы-

Қ-

  1. «Армандар» жаттығуы

Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып , 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып , болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын , жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жақын әуен ойнайды.

Берілген уақыт өткен соң тағы да 3-4 рет терең дем алып көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін , алға қойған мақсат , армандырының бар екенін айтады.

  1. Қорытынды сауалнама

  • Сізге тренингте не ұнады ?

  • Не ұнаған жоқ?

  • Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз ба ?

  • Мамандық таңдай алдыңыз ба ?

  • Тренинг - сабақ керек пе , ол мамандық таңдауда көмектесе ме?

«Бос микрофон» (рефлексия )

Еркін түрде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөлісті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!