400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып оқушыларының ҰБТ алдында бойындағы қорқынышты төмендету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектерге жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№1 Алға мектеп - бақшасы» КММ





















«Бойындағы қорқынышты төмендету»

(тренинг)







Мектеп психологы: Тәжімағанбетова Г.Н

































Тренинг тақырыбы : «Бойындағы қорқыныштан психологиялық арылу жолдары»

Мақсаты: бітіруші түлектерге жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету.

Ұйымдастыру.

Барлық қатысушылар шеңбер болып отырады. Барлық тапсырма осы шеңберде орындалады.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Олай болса бүгінгі «Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі» тақырыбында өтетін тренинг сабағымызға хош келдіңдер.

«Көрші» жаттығуы.
Көршіңді оң жақтан құшақтап,
Көршіңді сол жақтан құшақтап,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Біз үлкен отбасы!

Бұл жаттығуда әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінеді, бір - біріне жылу сыйлайды.



Ең бірінші жаттығуымыз сергіту жаттығуы болмақ. Мақсаты: психофизикалық қысымнан арылу, топты белсендіру.Ол үшін орнымыздан тұрып, екі қолымызбен ауада «8» санын саламыз:

- екі қолымызбен оң бағытта

- екі қолымызбен сол бағытта

- екі қолымыз екі бағытта

Енді аяғымызбен:

  • оң аяқпен;

  • сол аяқпен;

Енді иығымызбен;

Енді мұрнымызбен;

Кері байланыс: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдық?


«Сіздер білмейсіздер ғой...» жаттығуы

Әр қатысушы өзінің соңғы жаңалығымен бөліседі


Кіріспе

Біз өткен сабағымызда стресс және оны болдырмау жолдары жөнінде әңгіме қозғадық. Стресс тесті алынып, кімнің қаншалықты стреске берілгіштігін анықтаған болатынбыз. Ал бүгінгі сабағымызда сол стресс жағдайынан пайда болатын үрей – қорқыныш - мазасыздану сезімдерін жеңудің негізгі әдістерімен танысатын боламыз. Мазасыздану - есте сақтау мен зейінді шоғырландыруымызға кедергі келтіретін сезімдердің бірі. Кез келген адам үрей сезімін жеңудің психологиялық әдістерін білу керек. Біз қандай тәсілдерін білеміз, айтып көрейікші.



(Оқушылардың өздерінен сұрау – үрей дегеніміз не, үрейленген кезде өзіңді қалай сабырға шақырасың?)

Кейбір жағдайларда қорқыныш сендерді билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқынышы араласып, кедергі келтіреді. Сол сияқты қорқыныштармен қалай күресу керек, қалай сенімділік орнату керек. Міне осының барлығы туралы біз бүгін әңгімелесеміз. Негізгі қазіргі шарт - өз-өздеріңе көмектесу.


Сенімділікті неден бастау керек?

Дамудың және өмірдің ең жаман тежегіші – бұл қателіктерден қорқу, яғни жаман бағаны алуға қорқыныш т.с.с.Қателіктер арқылы біз үйренеміз. Олар бірін-бірі басады. Екі рет қателісуге болады, бірақ 3-ші рет болмайды.


Талқылау: Кім және неден қателістіңдер?

Ол өміріңе қалай әсер етті?


Рефлексия: Сабақта жауап беруге қорықсаң - әрбір қолайлы жағдайда жауап беруге тырыс. Емтиханнан қорықсаң – оны қай жерде тапсыруға болатын жағдайды ізде. ҰБТ-ден қорықсаң – пробный тест тапсыр. Қорқынышқа қарсы жүр. Неден қорқасың, соны істеуге тырыс, көп нәрсені істе, бірнеше рет жаса деген ережі ұстан.


Мазасыздану – тест тапсыру кезінде жадының, зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білу керек. Кейде мазасыздануды төмендету үшін денеңді босаңсытуда жеткілікті болады..


Үрей – бұлшық еттердің қалыпты қысымымен байланысты болып келеді. Сабырлыққа келу үшін тек бұлшық еттерді босатып, сергітудің өзі жақсы әдіс болып табылады. Оны психологияда релаксация деп атайды.


Релаксациялық жаттығулардың түрлері:
1. Контрасты душ 
2. Саусақпен сурет салу

3. Газетті мыжып және лақтыру 
4. Газеттің беттерін бояу 
5. Сүйікті әніңізі дауыстап айту 

6. Бірде жай бірде қатты айқаулау 

7. Музыкаға билеу, бірде жай, бірде қарқынды 
8. 10 рет терең дем алу 
9. Орманда, аулада немесе далада серуендеу және айқайлау 
10. Тісіңізді ішкі жағынан санаңыз


Бұлшық ет релаксациясымен бірге тыныс алу релаксациясын өткізуге болады.

«Бұлшықет релаксациясы» жаттығуы.

Мақсаты: Бұлшықеттерді босаңсытуды үйрету

Нұсқау: «Ыңғайланып отырып,арқалрыңызды тік ұстап, алақандарыңызды тізелеріңізге қойып, көздеріңізді жұмыңыздар.

Бар назарларыңызды қолдарыңызға аударыңыз. «Лимон» және «Шыбын» жаттығуы

Анализ:

  • Жаттығуды орындау қиын болды ма?

  • Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

  • Нәтижеге жете алдық па? 



«Шынымды айтсам» деп аталады.

Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аламыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар.

Топтама үлгілері:

«Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам ...»

«Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда ...»

«Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...»

«Шынымды айтсам, мен алдағы тестке байланысты ата-анамның қобалжуын ойлағанда ...»

«Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда ...»

«Шынымды айтсам, мен көшеде серуендеп жүрген кезде ...»

«Шынымды айтсам, мен қобалжығанда ...»

«Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда ...»

«Шынымды айтсам, мен дайындық сабақтарына келгенде ...»

«Шынымды айтсам, мен сынама тесттен шыққанда ...»

«Шынымды айтсам, мен мектепке келгенде ...»

«Шынымды айтсам, мен тест жайлы естісем ...»

Талдау: Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма? Топ қатысушылары туралы бір нәрсе білдіңіздер ма? Сіздердің дал қазіргі өмірлік мақсаттарыңыз қандай?

Өсиет әңгіме, пікіралысу

Қатысушыларға өсиет әңгімені тыңдап, оны талқылау ұсынылады.

«Өмір ұсынған мүмкіндіктер»

Бір күні түнде бір адамға періште келіп, оған оны күтіп тұрған ұлы істер туралы айтып кетеді. Ол адамның қолында үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол өмір бойы сол айтылған ғажайып өмірді күтеді, бірақ ең соңында жалғыздықтың күйін кешіп, кедейліктің азабын тартып, өмірден өтеді. Ол жұмақтың есігінің алдына келгенде сол баяғы өзіне келіп кеткен періштені көріп қалады да айтады: «Сен маған үлкен байлық, қоғамда бедел және керемет әйелің болады деген уәдең қайда? Мен өмір бойы соны күттім, бірақ ешнәрсе өзгермеді», - дейді. Сол кезде періште тұрып: «Мен оны уәде еткен жоқпын, мен саған қолыңда үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігің бар екеніне уәде бердім, бірақ сен оның барлығын өз уысыңнан шығарып алдың», - дейді. Сол кезде ол адам аң-таң күйде періштеге қарап: «Мен сенің не туралы айтып тұрғаныңды түсінбедім»,- дейді. Сол кезде періште: «Есіңде ме, сенде жеке шаруашылық ашу туралы ой болған, бірақ сен тәуекел етпедің, сәтсіздіктен қорықтың, сөйтіп ешнәрсе істемегенің рас қой?»,- деп сұрайды.

Әлгі адам қызарып кетеді. «Сенің сол ойыңды жүзеге асырудан қорқып, одан бас тартқаның үшін, ол бірнеше жылдан кейін басқа өзінің қорқынышын жеңе білген адамға берілген болатын. Егер есіңде болса ол адам хандықтағы ең ауқатты адамдардың бірі болды. Сонымен бірге, есіңдеме, қалада жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады, қаншама адамдар үй астынан шыға алмай мерт болды. Сол кезде сенің кейбір адамдарды құтқаруға мүмкіндігің болды, бірақ сен ешкімді құтқармадың, қорықтың, өзің жоқта үйіңдегі мал-мүлкіңді тонап кетер деп жан айқайы шығып, көмек сұраған адамдарға қарамай, өз үйіңе кетіп қалдың», - дейді.

Ол адам өзінің ұятты тірлігін есіне түсіріп, қызарып кетеді. «Бұл сенің мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға деген үлкен мүмкіндігің еді. Сол кезде сені қалада тірі қалған халықтың барлығы сыйлайтын еді», - дейді періште.

«Есіңде ме, саған бір сарғылт шашты өте керемет әйел ұнаушы еді ғой. Ол оған дейін және кейін көрген әйелдердің ешбіріне ұқсамайтын. Бірақ, сен оны ешқашан өзің сияқты адамға тұрмысқа шықпайды деп ойлап, қорыққаннан одан сырт айналдың. Осы кезде әлгі адамның көзінде жас пайда болды.

«Иә, досым менің», - деді періште, ол сенің жарың болатын еді, екеуіңде тамаша сәбилер де болатын еді, сен ол әйелмен өмір бойы нағыз бақытты адам болатын едің», - дейді.

Өмірде бізге күн сайын әртүрлі мүмкіндіктер кездесіп отырады, бірақ көбінесе біз оны мына оқиғадағыдай қорқыныш пен тәуекелге бара алмауымыздан ол мүмкіндіктерді қолдана алмаймыз.


Сенімділік жайлы ақпаратТестті жақсы тапсыру үшін ең алдымен адамның өз-өзңіне деген сенімділікті және өз күшіне сенуді қалыптастыру керек.Сенімділікті екі жағдайда қалыптасады: сен өзіңді қалай сезінесің немесе қалай көрінесің. Ең алддымен өзіңді сенімді ұста. Егер өзіңді сенімді қалыпта ұстасаң, өзіңе деген көзқарасың да өзгереді.

Кез-келген адамның стресстен шығатын немесе соған сүйенетін өзіндік ресурстары яғни өзіндік әдіс-тәсілдері болуы керек. Енді сендерден мына фразаны жалғастыруды сұраймын.

«Сенімділік мен үшін - »

«Суретті жалғастыр» жаттығуы.

Қазір мына тақтаға сурет саламыз. Мен белгі берген кезде ең бірінші отырған оқушы бастайды, тағы да белгі берген кезде келесі оқушы жалғастырады.Осындай ретпен барлық оқушылар суретті салып, аяқтап шығады. Ойымызға қандай сурет түссе, сол суретті саламыз.

-Қандай сурет шықты?

-өздеріңе ұнады ма?

Қандай көңіл-күйдесіңдер?

«Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы

Нұсқау: бір-біріміздің арқамызға тұрып, шеңбер құрайық. Джунглида қалып қойдым деп елестетіңіз. Күн бастапқыда керемет болып, күн жарқырап, ауа-райы өте ыстық болды. Бiрақ аяқ астынан жеңiл самал желпіді. Алдында тұрған адамның арқасына қолыңды тигiзiп, қолыңмен жеңiл қозғалыстарды iске асырыңыз. Жел (арқаға қысым арта түседі) күшейе түседі. Дауыл (күштi шеңберлi қозғалыстар) басталды. Содан соң (серiктестiң арқасы бойымен жеңiл соғулар) жаңбыр себеледі. Ал (алақанның саусақтарымен жоғары-төмен қозғалыс) жауын асқына бастады. Бұршақ (барлық саусақтармен күштi қозғалыстар) жауды. Жауын қайтадан жауып, жаңбыр сіркіреп, дауыл көтеріліп, қатты жел болып, ал содан соң ақырын азайып, табиғатта бәрі қалыпты жағдайға келді. Күн қайта шықты.

Ал ендi 180 градусқа бұрылып, ойынды жалғастырамыз.

Талдау:

Сіз өзіңізді бұндай массаждан кейін қалай сезіндіңiз?

Өзіңіздің алған әсеріңізбен бөлісіңіз.

«Сенімділік жаттығуы»

Рефлексия

«Келесі кездескенше» жаттығуы.

Менің қолымда «жүрек» тұр. Осы жүректі бір-бірлеріңе бере отырып бүгінгі күннен алған әсерлеріңмен бөлісіп, бір-біріңе жақсы тілектер айтып, бүгінгі күн жайлы талқылаңдар.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі