400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

11 сынып қазақ әдебиеті 1- тоқсан БЖБ№1

Материал туралы қысқаша түсінік
1-тапсырманың жауабы: 1. Шоқпардай кекілі бар, қамыс кұлақ. 2.Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты... 1.Көп сөз – көмір, Аз сөз – алтын. 2. арыстанмын , арыстаным, 3. қасқыр едің. түсті (алтын күз); әдемілікті (алтын қасықтай); құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ); атақ-дәрежені (алтын жаға); қазына-байлықты (алтын сандық); жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі), т.б. берілуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырма


Оқылатын шығарма

О.Бөкей «Атау кере» повесі

Оқу мақсаты

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;

11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Бағалау критерийі

Білім алушы


  • көркемдегіш құралдардың орнын, қолданылу мақсатын анықтайды;


  • адамгершілік құндылық тұрғысынан шығарманың идеясын талдап, эссе жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма. .«Атау кере» романының көркемдік ерекшелігін табыңыз. Олардың қызметін анықтаңыз.

Троп түрі

Анықтамасы

Мысалы

Метафора (ауыстыру)






Эпитет






Теңеу








2-тапсырма. Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романындағы әдеби тілді құбылту түрлерін ажыратып талдаңыз.

Үзінді

Троп түрі, білдіретін мағынасы

Көркемдегіш құралдың қызметі, идеяны ашудағы рөлі

Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген. Өзгергені өзі ғана секілді, көшеде көрген жұрттың бәрі бұған үрке қарайтындай сезікті сезінді. Бұрынғыдай емес, бұл ауылдың адамдары бұлдана есендесетіндей, бейне бір кісікиік көргендей көздерінің астымен сүзе қарайды, не болмаса байқамағансып, байырқаламай асығыс өте шығады.



Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба деген күнәлы ой түрткілеп мазаны алар еді.



Көтерем сиырдай орнынан әрең көтерілген. Көтерілген соң буынын мықтап тұрып бекітіп алды да: — Танымай тұрмысың, Қарабауыр.



«Иттің ішіне сары май жақпайды» деген-ау. Дегенмен, осы Қарабураны өзі айтқандай көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді». Омарташы өз ойына өзі қуанды.



Күн шалмай қағаздай ағарған, әбден әжім айғыздаған жүзі сазара қатып, ерні дірілдеді.



Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды. Көзден де, көңілден де баяғыда қашаңдап кеткен жастық дәурен — қыз кезі, бірге өсіп, біте қайнасқан достары, туған-туысқандары есіне түсті.



Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын.





Рас, Айнаның жан сарайы азанда жауған қардай таза, тұманың суындай мөлдір, балиғатқа толмаған баладай аңқау да адал, жақсы мен жаманның, сұлулық пен сұмдықтың ара жігін ажыратып, өмір екеш өмірдің өміршеңдігі мен өшпенділігін де саналай алатын зейін бар, өзіндік көзқарас пен пайымы да жетерлік; олай болса неге ғана арқандаулы аттай өзімшілдігі басым өгей өмірді таңдады екен; неге ғана бұйығы тірліктің бұйдасын үзіп, мынау бәрі бар, бірақ еш нәрсе жоқ шыңырауда шыңғыра бермей, шырқау биікке ұмтылмайды екен; неге ғана... неге ғана...




3-тапсырма. Шығарманың көркемдік құндылығына қандай баға берер едіңіз.?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркемдегіш құралдардың орнын, қолданылу мақсатын анықтайды.






1

Құбылтудың түрлерін анықтайды;

1

Айшықтаудың түрлерін анықтайды;

1

Көркемдегіш құралдың қолданылуын көтерілген мәселемен байланыстырады;

1

Көркемдегіш құралдың қолданылуын авторлық мақсатпен, негізгі идеямен байланыстырады.

1

2

Көркемдегіш құралдарды ажыратады;

1

Көркемдегіш құралдарды анықтайды;

1

Анықтама береді.

1

Адамгершілік құндылық тұрғысынан шығарманың идеясын анықтап, эссе жазады.




3

Шығарманың идеясын анықтайды;

1

Шығармадан аргумент келтіреді;

1

негізгі идеяны адамгершілік құндылық тұрғысынан маңызын талдап, эссе жазады.

1

Барлығы

10












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
27.09.2023
1954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі