жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
11-сынып қазақ тілі "Сөз мәдениеті және шешендік өнер"
11-сынып қазақ тілі Жакипова Г
Сабақ тақырыбы: Сөз мәдениеті және шешендік өнер
Мақсаты: Сабақтың мақсаты: шешендік сөздердің мазмұны,айтылу формасы, стильдік ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалар көзқарасын сыйлауға, шешен сөйлеуге үйрету, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, ой – толғаныс
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, маркер, стикер
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. «Шаттық шеңбері» «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша тілек айту
ә) Тірек сөздер арқылы топқа бөлу.
(Білім алушылардың топ аты
жазылған қиындылар арқылы өз тобын тауып бөлінеді)
1.«Майқы би»
тобы
2.«Төле би»
тобы
3.«Қазыбек би»
тобы
4.«Әйтеке би»
тобы
Үй тапсырмасын сұрау:
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындайды. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы өз ойларымен бөліседі.)
Жаңа сабақ: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.
Ой қозғау: Сөз мәлениеті мен шешендік байланы бар ма?
Мағынаны тану: Шешендік өнер - өзінің нақты зерттеу нысанасы,белгіленген теориясы,сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі.Қолданбалы пәндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды.Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру,тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу,өз пікірін жеткізу,сендірумен бірге сөз арқылы оқыту,тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес,оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы,дұрыс ойын жеткізе алуы десек,аталған шарттар практиканы көп қажет етеді.
Шешендік өнер тарихы сонау ерте замандардан басталады.Адамзат баласы алғаш игерген әрі желісі үзілмей келе жатқан өнерлердің бірі.Оның тарихын білу халық тарихын білумен бірге,сөйлеу мәдениетін,әдебін үйрену,сөздерді дұрыс таңдай алу ерекшеліктеріне жаттығу.Шешендік өнер қоғамның саяси-экономикалық,әлеуметтік негіздері қажеттіліктерінен туған.
Шешендік өнерді «риторика» терминімен де ауыстырып жатамыз.
Риториканың (грек тілінде rhetorire) алғашқы және негізгі мағынасы – шешендік өнер.Көне Грецияда шешендік өнерді,риториканы,үйрететін мұғалімді ритор деп атаған.
Шешендік өнерді қай халық та болсын меңгерген десек те,Эллада шешендік өнердің отаны деп есептеледі.Ежелгі Грецияда сөз өнерінің құдірет-қасиеті жоғары бағаланды.
Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.
... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.
Мазмұн сипаты жағынан елеуді айырмашылықтар бола тұра бұрыңғы билердің шешендік үлгілері мен қазіргі шешендердің сөздерін жақындастыратын бірнеше факторлар бар.
- Сөздің көркем әрі әсерлі болуы
- Көркемдеу тәсілдерінің орынды қолданылуы
- Әлеуметтік мүддені қорғауы
- Тыңдаушыға жағымды психологиялық әсер туғызу
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.
Шешендік сөздер сөйлесушінің
санына қарай- монологтік, диалогтік, полилогтік болып бөлінеді.
Тіл туралы халық даналығы :
· Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
· Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
· Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ.
Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!
Топтық жұмыс:
Білім алушы жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әр түрлі белгідегі қағаздарды үлестіру.
1.« Сөз мәдениеті және шешендік өнер» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз (топпен жұмыс жүргізіледі)
Білім алушы жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әр түрлі белгідегі қағаздарды үлестіру.
2.Берілген уақыт біткенше білім алушы топтағы идеяларды топтастырып жазады.
Жаттығулар орындау:
1-тапсырма. (Берілген сөздерді оқулықтағы алғы сөзде айтылған оймен сабақтастырып, сұрақтарға жауап береді)
2-тапсырма. Оқылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
5-тапсырма. «Асыл сөз» деген тақырыпта топтар мақал-мәтел, қанатты сөздерді жинақтап жазады
6-тапсырма. Шешендік сөз туралы пікірлерді оқып, талдайды
7-тапсырма. Берілген мақалдарды оқып, мағынасын таратып айтады. Әр топ екі мақалдан.
Жаңа сабақты бекіту: Шешендіктану –ғылым, шешендік сөз-белгілі бір оқиғаға қатысты көркем тілмен кестеленген шындық.
Шешендік үздіксіз үйрену нәтижесінде қалыптасатын қасиет.
Сөз мәдениетінің ең жоғарғы формасы- шешендік
Интеллектуальдық пен
этика-шешеннің қос қанаты.
Сұрақтар мен тапсырмалар: Қазіргі уақыт талабы мен шешендіктің қандай байланысы бар?
Кері байланыс: Постер қорғау (әр топ өз аттарын қорғап шығады)
Оқытушының қорытынды сөзі:
«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде. Әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды» - деген екен ғұлама жазушы М.Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеп «От ауыз, орақ тілді» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, нақылға толы термелерін жадымызда сақтап, кейінгі ұрпағымызға мирас етейік!
Рефлексия : Стикер толтыру ( Білемін, білдім, білгім келеді)
Үйге: 9-тапсырма (даналар сөзін оқу) «Шешендік сөз – өнер падишасы» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау:
1-тапсырма бойынша
Сөз мәдениеті мен шешендіктің байланысы қандай?
Шешендік өнер ме, әлде туа біткен қасиет пе?
Қазіргі қоғамда шешендік не үшін қажет?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген