400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып қазақ тілі "Сөз мәдениеті туралы түсінік.Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға методикалық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып қазақ тілі Жакипова Г

Сабақ тақырыбы: Сөз байлығы. Тіл тазалығы. Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы.

Мақсаты: Сөз әдебі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Топтастыру, ой – толғаныс

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

 Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, маркер, стикер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Шаттық шеңбері» «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша тілек айту

ә) Тірек сөздер арқылы топқа бөлу.

(Білім алушылардың топ аты жазылған қиындылар арқылы өз тобын тауып бөлінеді) 
1.«Асыл сөз» тобы 
2.«Сөз маржаны» тобы 
3.«Сөз өнері» тобы 


Үй тапсырмасын сұрау:

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындайды. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы өз ойларымен бөліседі.)

Жаңа сабақ: Сөз байлығы . Сөз тазалығы.Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы

Ой қозғау:сөз сапасы мен сөз дұрыстығы дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру. Мағынаны тану:

Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің мөлшерімен, көлемімен байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі - ой байлығы. Сондай-ақ, тілдегі бар сөздерді бір-бірімен жалғастырып, қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізу айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль бояуымен жеткізу ойлау қабілетімен, шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің ендігі бір жолы - халық тілінің дәстүрі мен әдеп ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдік пен көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.

Тілдегі лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып, өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.

- Сөз тудырушы қосымшалар арқылы;

- сөз мағынасының ауысуы арқылы;

- жаңа сөздер кіру арқылы;

- басқа тілден сөздер ену арқылы.

Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы, тұрақты сөз тіркестерімен, сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.

Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде назарға алынатын тұс - тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде әдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін бұзатын артық-ауыс сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз.

Әдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу дегенде, ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, сөйлеуші халық тіліне алыс-жақындығына қарай аламыз. Тілдің қызметі халықтың қоғамдық-өндіріс, қоғамдық-саяси, сондай-ақ рухани байлығын көрсете, аша алуында.

Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, қажеті мәнсіз, орны белгісіз сөздермен әуестенбеуді талап етеді. Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қордан да шығарып тастай алмаймыз. Десек те, оны қолданудың орнын, ретін тапқан жөн. Әрине, көркем әдебиетте белгілі бір ортаның ерекшелігін ашу үшін қаламгер басқа тілден енген сөздерді, диалектілер мен варваризмдерді пайдаланады. Бірақ, бұның өзі - шығарма шырайын ашса ғана мақсаттың өтелгені.

Сөйлеу мен жазуда тілдік норманы сақтау қажет.

Лексикалық норма: сөздің тура және ауыспалы мағына жасау мүмкіншілігін;

- морфологиялық норма: сөзге қосымша жалғау ретін, сөзден жаңа сөз жасау ерекшелігін;

- синтаксистік норма: сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау десек, осы нормаларды білу, ұстаным ету сауатты да білімді, мәдениетті адамның ісі.

Топтық жұмыс: әдеби тіл үлгісінде мәтін құрастыру және оны қорғау тілдің көркемдегіш құралдарының қолданылуына көңіл аудару (эпитет, теңеу)

1-топ: Өз жолдастарыңның портретін

2-топ: Бүгінгі қыстың ызғарлы күнін суреттеп жазыңдар.

3-топ: Табиғатқа байланысты өлең шумақтарын жазу



Жаттығулар орындау:

112-тапсырма. Екі топ жыртқыш аңдарды білдіретін атауларды бір бөлек, қоңыр аңдарды білдіретін атауларды бір бөлек теріп жазады. Тақырыпқа өзі білетін аңдардың атауларын толықтырады.

113-тапсырма.

- Сырға атауларын көшіріп жазыңыз.

- Асыл тас атаулары кездесетін өлең жырлардан мысал келтір

- Кісі есімдерінде кездесетін асыл тас атауларын жаз

119-тапсырма: Мәтін бойынша жеке адам мәдениеті мен сөз мәдениеті жөнінде жазбаша пікір жазу

120-тапсырма: Сөйлемді оқып орынсыз сөз ауысу оның тілдік қолданыста дағдыға айналу туралы айту.

Жаңа сабақты бекіту:


Сұрақтар мен тапсырмалар: ойды мазмұнды жеткізуге қандай нәрселер кедергі болады?



Рефлексия : Стикер толтыру ( Білемін, білдім, білгім келеді)


Үйге: 121-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазып синтаксистік талдау жасау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі