жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
11-сынып қазақ тілі "Сөз сапасы туралы түсінік. Cөз дұрыстығы"
11-сынып қазақ тілі Жакипова Г
Сабақ тақырыбы: Сөз сапасы туралы түсінік. Cөз дұрыстығы.
Мақсаты: а) Сөз сапасы, тыңдаушысын жалықтырып жібермеу жолдары жайлы түсінік беру; Тілдегі сөз тіркестері мен сөйлемді дұрыс қолдану жолдары жайлы түсінік беру; Ойлы ұшқырлығына, нақтылыққа, сөз қорын жинақтауға, тіл мәдениетіне баулу; б) Тақырып төңірегінде ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру:
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: талдау, баяндау, салыстыру Сабақтың көрнекілігі: Мозайка, тақта, стикерлер, ноутбук
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» тілек айту
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлінеді
(Білім алушылардың мұндағы мақсаты суреттердің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын тауып 3 топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасын сұрау:
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындайды. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы өз ойларымен бөліседі.)
Жаңа сабақ: Сөз сапасы туралы түсінік. Cөз дұрыстығы.
Ой қозғау: Сөз сапасы дегенді қалай түсінесіңдер? Мағынаны тану: Кей адамдардың сөзі жұртты ұйытып,тыңдаушылардың айызын қандырады.Ондай сөзді тыңдай беруден әсте ешкім жалықпайды.Ал қайсыбіреулердің сөзі әсерсіз, нәрсіз болып тыңдаушысын мезі етіп жібереді.Мұның өзі сөздің коммуникативтік яғни қарым- қатынас сапасы, қысқаша айтқанда, сөз сапасы деген аса күрделі ұғыммен тығыз байланысты.Сөз сапасы алдымен тілдік және тілдік емес ( экстралингвистикалық) шарттарға тәуелді.Сөздің қарым-қатынастық сапасының жоғары болуы, ең алдымен,тілмен тікелей байланысты шарттарға тәуелді.Атап айтқанда,сөзді әдеби тілдің нормасына сай қолдану,дәлме-дәл қолдану, талғап, саралап қолдану,бедерін тауып жұмсау, сөз арасын бөтен сөзбен шұбарламау сөз сапасына тән тілдік шарттардың негізгілері.Сөздің жұртшылықтың бәріне ортақ айтылу нормасы, мағыналақ нормасы бұзылып жатса, немесе сөз жұтаң тартып тұрса, сөз арасына бөтен, бөгде сөздер, мазмұны төмен қарадүрсін, қарабайыр элементтер жүрсе, мұндай сөзөдің тыңдаушыға оң әсер ете қоюы екіталай. Сөз бұрыстығы, тіл жұтаңдығы, тіл шұбарлығы, тіл қасаңдығы- сөз сапасына теріс әсер ететін қолданыстар.Сөздің коммуникативтік сапасына теріс әсер ететін қолданыстар.Сөйлеуші сөзі тыңдаушысын, сондай-ақ қағаз бетіне түскен сөз оқырманға ықпал етіп, селқос қалдырмаса, арадағы байланыстың үзілмей беки түсуін қамтамыз етсе, сөз сапасының жоғары екенін көрсетеді.Керісінше, сөйлеушінің сөзі немесе жазба сөз кедір-бұдыр болып, тыңдаушысын, оқырманын «алаңдата» берсе, яғни арадағы байланыстың үзілмей «беки» түсуін қамтамасыз ете алмаса, селқос қалдырса, сөз сапасының төмендегенін көрсетеді.
Сөздің қарым – қатынастық сапасының жоғары болуының басты шарттары:
|
Сөздің қарым – қатынастық сапасының жоғары болуының басты шарттары |
Сөздің коммуникативтік сапасына теріс әсер ететін қолданыстар |
|
1. Сөзді әдеби тіл нормасына сай қолдану; 2.Дәлме-дәл қолдану 3.Талғап, саралап қолдану; 4.Бедерін тауып жұмсау; 5.Сөз арасын бөтен сөзбен шұбарламау |
Сөздің жұртшылықтың бәріне ортақ айтылу нормасы, мағынасы бұзылсы немесе жұтаң тартып тұрса, сөз арасында бөтен, бөгде сөздер, мазмұны төмен, қарадүрсін, қарабайыр элементтер жүрсе; |
Сөзді, грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына сай қолдану, ақиқатты дәл бейнелейтіндей етіп жұмсау – сөз дұрыстығы деген ұғымды білдіреді.Сөз ақиқат өмірдегі белгілі бір затты, нәрсені, құбылысты меңзеп тұрады. Сөз – ақиқат өмірдегі белгілі бір заттың, құбылыстың тілдегі «өкілі». Қазақ тілінде самай сөзінің самай шаш, самайын қырау шалған тәрізді орындарында жұмсалып, адамға байланысты қолданылатыны белгілі.Солай қолданыла тұрса да біз автордың былай деп жазғанын оқимыз: «Баса киген түлкі тымағының екі самайына қалың қырау қатқан Өзен қария шанадан түскені болмаса, қозғалмай тұр» ( газеттен) Сөз дұрыстығынан жөнсіз ауытқудың мұндай түрлері тіл білмегендіктен емес, көбіне мұқиятсыздықтан болып жатады. Әдетте, самай, желке дегендер – адамға қарата айтылатын сөздер. Әлбетте тымақтың самайы , желкесі болмайтыны белгілі.Адамға тән мұндай нәрселерді киімге таңу ақиқатпен үйлеспейді.
Әдетте, сөз түрлі ұғымды, заттар мен құбылыстарды дәл атап қана қоймайды, оларды бейнелеп те атайды.Тілімізде «аса көп мыңғырған мал» деген ұғымды алалы жылқы, ақтылы қой деп те бейнелі тіркеспен атайды: «Алалы жылқы, ақтылы қой, Аңдыған бөрі жемей ме Иесі ұйықтап жатқан соң» ( М. Өтемісұлы) Ал осындай бейнелі сөздер мен сөз оралымдарының мағына – мазмұнын қайсыбір авторлар тап басып дәл тани алмай жатады. Сондай тіл мүмкіндігінің бір мысалы мына тәрізді: «Шағын алаңға шықтым. Анадайдан бір отар ақтылы қой шашырай жайылып келеді» ( журналдан). Әдетте, ақтылы қой «есебіне сан жетпейтін, мыңғырған қой» дегенді білдіреді. Олай болса,бір отар қойдың есебіне сан жетпегені ме?
Топтық жұмыс:
Әр түрлі жағдаятқа байланысты тақырыптар беру.
-
Аудитория таңдау. Сол аудиторияға сәйкес өз пікірін дәлелдеу. Лекция оқу (тезис), (сөз сапасын таныту тиіс)
1-топ: Зейнеткерлер алдында салт-дәстүр туралы ой (рухани жаңғыру)
Ауыл биі (жастарға насихаттау).
2-топ: Мектеп бітірушілерге мамандық таңдау кеші.Өз мамандығы туралы пікір айту. (топтағы бірнеше мамандық иелері сөйлейді)
3-топ: Дәрігер болып ауыл тұрғындарына алдын-ала түсіндіру жұмысы. Топта «Тұмау туралы,тазалық туралы». СЭС маманы: «Дұрыс тамақтану».
Деңгейлік тапсырма:
1.Сөз сапасы деген ұғымға түсінік беріңіз?
2. Сөз сапасы қандай шарттарға тәуелді болады?
3. Неліктен сөйлеуші әрқашан тыңдаушылардың әлеуметтік бейнесін бағдарға алып сөйлеуі керек.
4. Тілдік қолданыстағы сөз дұрыстығы деген ұғым нені білдіреді?
5. Сөз және ақиқат өмірдегі зат нәрсе құбылыс,зат ұғымына түсінік беріңдер?
Жаттығулар орындау:
106-тапсырма:Мәтінді көшіріп жазыңыз.Сөздің коммуникативтік сапа белгілерін білдіретін ұғымдарға талдау жасаңыз. Мәтін неге «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталған? Қарамен жазылған сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз.
Көзге ілмеген - қарамаған, менсінбеген; қырсық шалады – жолы болмау; аман қалады - тірі қалу, жолы болу.
107-тапсырма: Ат тергегенде қыз балаға, ұл балаға айтылатын сөздерді бөліп жазыңыз
108-тапсырма: Мәтіннен ат тергеу мағынасында айтылған сөздерді теріп жазыңдар.
109-тапсырма. Ғасырлар бойы қалыптасып, тұлғасы тұрақты сипат алған фразеолеогиялық тіркестердің, мақал-мәтелдердің құрамын орынсыз өзгертіп, мақсатсыз ауыстыру тіл бұзарлыққа апарады. Төмендегі тұрақты тіркестердің дұрыс-бұрысын ажыратып, мағынасын анықтап жазыңдар:
|
Бұрысы |
Дұрысы |
11.Алақандағы аялысы |
1. Өтірікті судай сапырды. 2. Тасы өрге домалаған. 3.Төсек жаңғыртты. 4.Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда. 5.Күн бір жауса, терек екі жауады. 6.Тізесі қалтырап 7.Қаперіне кіріп шықпады 8.Екі аяғын бір етікке тығып 9.Абыройын айрандай төкті 10.Жібек матадай үлбіреген 11.Алақандағы аяулысы |
Жаңа сабақты бекіту: Сөз дұрыстығын сақтау үшін нені білуіміз қажет деп ойлайсыңдар?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кері байланыс:
1. Неліктен сөйлеуші әрқашан тыңдаушылардың әлеуметтік бейнесін бағдарға алып сөйлеуі керек? Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар мен факторлар туралы айтыңыз.
Оқытушының қорытынды сөзі: Сонымен, сөз дұрыстығы, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз әдебі дегендер сөздің коммуникативті сапасын көрсететін белгілер болып табылады.
Рефлексия : Стикер толтыру ( Білемін, білдім, білгім келеді)
Үйге: Сөз сапасы туралы түсінік. Газет- журналдан, теледидардан сөз сапасынан қате кеткен қолданыстағы сөздерді табу.Күнделікті өмірден де.
Бағалау:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген