жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
11-сынып қазақ тілі "Тілдік қарым- қатынас туралы түсінік"
11-сынып қазақ тілі Жакипова Г
Сабақ тақырыбы: Тілдік қарым- қатынас туралы түсінік. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі (амандасу,қоштасу,құттықтау,көңіл айту,тілек айту,бата беру)
Мақсаты: : а) Білімділік: Сөз мәдениеті және тілдік қарым – қатынас туралы Жан-жақты мәлімет бере отырып, тілдің жағдаяты, сипаты туралы баяндау. Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін игерту
ә)Дамытушылық: Тапсырмалар орындау, сұрақ – жауап беру, әдептілік ерекшелігіне қарай «сен» мен «сіз» деген ұғымның төркінін түсіндіру. Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір – бірінің пікірін сыйлауға баулу. б) Тәрбиелік:Білім алушыларды дұрыс ,анық ,таза сөйлей білуге, сөз мәдениетін ұғуға тәрбиелеу Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, оқушы қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Танымдық
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап
Көрнекілік: Сызба,суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» тілек айту
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлінеді
(Білім алушылардың мұндағы мақсаты суреттердің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын тауып 3 топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасын сұрау:
1) Көркемсөзбедерідегеніміз не?
2) Сөзбедері мен стиль дегеніміз не?
3)Публицистика лықшығарма, мақалалартілініңайрмашылықерекшелігітуралыайту.
4) Ресмиіс- қағаздартілініңсөзбедерітуралы не білесің?
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындайды. (Білім алушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы өз ойларымен бөліседі.)
Жаңа сабақ: Тілдік қарым- қатынас туралы түсінік. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі (амандасу,қоштасу,құттықтау,көңіл айту,тілек айту,бата беру)
Ой қозғау:
Қатынас
мәдениет
туыстық тілдік,
адамдардыңбір-бірімен заттық рухани
Тілдікқарым – қатынас деген не? Адамзаттың бір–бірімен қарым-қатынасы тіл арқылы жүзеге асады.
Адам көңіліне не әсер етеді? Сөз қатынасының қандай түрлері болады?
Адам көңіліне әсер ететін сөйлеудегі ізеттілік, құрмет, қутықтау, кешірім сұрау, көңілайту сөздердің қарым –қатынастағы рөлі зор.
«Сіз деген–сөздің сынығы, сен деген – сөздің анығы» қалай түсінесіздер?
-
Тілге сыпайылық үстеп, ізеттілікті білдіретін сөздерді атаңдар.
-
Үлкен мен кішінің арасындағы сыпайылықты білдіретін қаратпа сөздерді ата.
Тілдік қарым – қатынастың әлеуметтік сипаты мен жағдаяты.
Кез келген адам қоғам өмірінде белгілі бір әлеуметтік іспен айналысады, онда сол әлеуметтік ортаның өкілі болады.
Мысалы қоғамдық көлікке мінсе – жолаушы, дүкенге кірсе сатып алушы, үйге келгенде – ата – ана,жұмыста – маман, қызметкер. ( жас ерекшелігі, мекені, кәсібі, отбасындағы орны)
Сөздің ортаға байланысты қолдану жағдаяты, мәні деген ұғымға: сөйлеушінің тұрақты әлеуетттк белгілері,айнымалы әлеуметтік белгілері...
Адамдар арасындағы тілдік қарым- қатынасты екіге бөлеміз.
-
Әлеуметтік тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер.
-
Іскерлік қарым – қатынасқа байланысты сөздер (ресми сөздер)
Әлеуметтік - тұрмыстық қатынастағы тілдесудің ерекшеліктері .Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі оның қолданысы жайлы айту
1.«Сәлем-сөздің атасы» Сәлемдесу мен қоштасудың маңызы.
Сәлемдесудің түрлері:
1.Үлкен қарттарға/ білім алушылардан сұрау/
2. Құда жекжаттарға/ білім алушылардан сұрау/
3. Ағайын туысқа/ білім алушылардан сұрау/
4. Құрбы -құрдастарға/ білім алушылардан сұрау/
-
Үйің алтын болғанмен от жақпаған,
Ойың салқын болмасын тот баспаған.
Сөзің алтын болғанмен , тыңдамаса,
Қонақпен тең кетерде қоштаспаған –деп ,қоштаспай кеткен қонақтың адам көңіліне қаншалықты реніш қалдыратынын айтқан. Дұрыс қоштаса білу де әдептілік.
Топтық жұмыс:
Әр түрлі жағдаятқа байланысты тақырыптар беру.
«Салыстыру кестесі»
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты салыстыра отырып жаңа тақырыпты ашу. Топтарға үлестірме қағаздар таратылады.
Білім алушыларға тақырыптарды салыстыру, білімдерін талдату.
Үлестірме қағаздағы тапсырмаларды орындайды
1-топ.Отбасы аясында қолданылатын сөздерді жаз
2-топ.Дос,құрбы-құрдас арасында қолданылатын сөздерді жаз
3-топ.Күнделікті өмірде, көлікте, көпшілік орындарда қолданылатын сөздерді жаз
Үші топқа арнайы тапсырмалар беріледі.
1. Ұлылар үндестігі
1.Абай
2.Мұқағали
Сөз құдіретін тану
Табиғатты тану
1-топ
Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
2-топ
Мұқағали:
Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,
Мен –дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
1-топ Абай:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
2-топ Мұқағали:
Ұялып барады өтіп бұлақ бала,
Бұйығып үн қатпайды, жылап қана.
Баланың майдайынан сипалаған,
Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.
3-топ
№1 қиықша. Сәуле ... сізді қорқытып алдым- ау деймін.
№2 қиықша. Сіз ... мен онымен тағы бір рет сөйлесіп көрейін.
№3 қиықша. Әже ... сіз келіп кетесіз ба?.
№4. Қиықша. ... ары жылжисыз ба?
№5. Қиықша . ... Сізден бірдеме сұрасам бола ма?
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі түрлері -амандасу,қоштасу,құттықтау,көңіл айту, тілек айту, бата беру. Енді осы сөз әдептерін үш топқа бөліп беремін. Әр топ өз тақырыптары бойынша 2-мин дайындалып, рөльдік көрініске шығады.
1-топқа амандасу мен бата беру
2-топқа тілек айту мен қоштасу
3-топқа құттықтау мен көңіл айту
Жаттығулар орындау:
7. Көп жаса! Нұр жаусын! Мұратыңа жет! Тәңірі жарылқасын! сөздері әлеуметтік қатынастың қай түріне жатады.
А) Қошемет, қоштасу сөзі
В) Сағыныш сөзі
С)Тәубешілік сөзі
Д) Өтініш, жалбарыну сөзі
Е) Алғыс, ризалық сөзі
Жаңа сабақты бекіту:
«Сөз-анасы құлақ» деген мақалды түсіндір. «Тыңдамаса –сөз жетім» деп кім айтқан.(ойларын өрбіту)
1.Сөз әдебіндегі жастар ережесін құрып көрейік.
2.Тілдік карым-қатынасқа байланысты мақал – мәтелдер айту.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1-топ. Сөз орамдарын қолданып, сәлемдесуге диалог құру
2-топ. Ақ бата деген не? Мысалдар табу. Теріс бата деген не?
3-топ. Аналар мерекесіне құттықтау жазып келу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген