15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
11-сынып тест
Бекітемін:...............Оқу ісінің меңгерушісі: Бисенова У.
|
Күні:24.01.2017 Сынып: 1 «Ғ» Сынып жетекшісі:Ескелді Т. |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, дүниетану пәндері |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Жалау-флаг |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтас тық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық. Ортаға өзім тұрып қолымды көтеремін.
Оқушылар созылып немесе секіріп қолдарын тигізеді. Үстелдің үстіндегі қима қағаздардың біреуін алу арқылы төрт топқа бөлінеді. «Тайбурыл», «Ақтабан», «Көкойнақ», «Нарқызыл» |
Шаттық шебері |
|
|
Сабақтың ортасы Білу 5 минут Түсіну 10 минут Қолдану 7 минут 5 минут |
«Кубизм» әдісі арқылы өткенді қайталау: 1. Әріп деген не? Дыбыс деген не? 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? 3.Сөйлем деген не? Сөйлемнің неше түрі бар? 4.Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал айтыңдар. 5.Құрамында «Ә» дыбысы бар 3 сөз айтыңдар. 6.Сөздер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? -Балалар,бір аптада неше күн бар? - 7 күн бар. -Жеті қандай сан? -Тақ сан. -Көршілерін кім атай алады? -6 мен 8 -Өте жақсы!Жеті дегенде басында қандай дыбыс естіледі? -Ж дыбысы -Жарайсыңдар!Жеті сөзін буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау. Жеті,семь,seven -Мынау ненің суреті? -Ат жарысы. -Иә, жарыс.Жарайсыңдар! -Балалар, біздің ежелгі ата-бабаларымыз кімдер болған? -Сақтар. -Олар қандай халық болған екен? -Көшпелі халық болған. -Көшпелі халықтың мерекелерде, астарда өткізілетін негізгі ойындарының бірі-ат жарысы. -Атпен ойналатын тағы қандай ойындарды білесіңдер? -Жарыс сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? -Ж дыбысы. -Ол қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс. - Қайдан білдіңдер? Буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау. жылқы, лошадь,һorse Жаңа буындар жасау / жа,жо,жу,жү,жи / Оқылым. Мұғалімнің оқуы, тізбектеп оқу. Мазмұнын пысықтауы: 1.Жайлауда не өтті? 2.Жанаттың аты қандай? 3.Жарастың жорғасы қандай? 4.Кім жарыс мәресіне тез жетеді? Ж дыбысын ж әрпі арқылы таңбалап жазамыз.Баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру.Ауада және тақтаға жазып көрсету.
Жазылым. Дәптермен жұмыс. |
Текше Қима қағаздар Слайд Тақта Кесте,кеспе әріптер, қызыл және көк дөңгелекше лер Буындарды орналастыратын кесте,кеспе әріптер Оқулық Жазу дәптері |
|
|
Сергіту сәті 5 минут Топтық жұмыс Талқылау 5 минут |
«Ортақ белгісін тап» Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалімнің айтуы бойынша ортақ белгілері бар оқушылар орындарын ауыстырады. -Қыздар орын ауыстырсын. -Ұлдар орын ауыстырсын. -Қара түсті аяқ киім кигендер орын ауыстырсын. -Ақ түсті аяқ киім кигендер орын ауыстырсын. -Қуаныштар орын ауыстырсын. -Бір партада отырғандар орын ауыстырсын. -Төлептер орын ауыстырсын. -Егіздер орын ауыстырсын.Көк завор аялдамасынан түсетіндер орын ауыстырсын. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырат. 1-Топ:Тұрма жай, Қамыр жай. 2-топ:Суға жуа-жуа, Тазаланды жуа. Буындардан сөз құрау. 3- топ:жа,жол,лау,рық,а,жу,сыл 4- топ:жал,жыл,тыр,жү,тыр,зім |
Сергіту сәтіне арналған жинақ А 3 қағазы,маркер |
|
|
Жинақтау 1 минут |
|
|
|
|
Рефлексия 2 минут |
|
Бағдаршам ның суреті,стикер |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген