400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

11 сынып ҰБТ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына ҰБТ тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы


БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН ӘБ отырысында қаралды

Мектеп-лицей директоры Дир. оқу ісі жөніндегі орынб. ӘБ жетекшісі

Қ.Қылышбаева Ж.Жолдас М.Әлібек

«__» тамыз 2024 жыл «__» тамыз 2024 жыл Хаттама №1 «__» тамыз 2024 жыл













Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абызбек Гүлнар Төлебайқызының

9 «А» сыныбына «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша

жоспары

2024-2025 оқу жылы






















Шәуілдір ауылы






«Оқу сауаттылығы» бойынша дайындық жұмысының жоспары


Түсінік хат


Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы – оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Жаңартылған мазмұнда қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Ал 9-сыныпта сабақ кезінде мұндай мүмкіндіктер қамтылмаған. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.


Дайындық жұмысының мақсаты:

  • мәтін талдауды жүйелі меңгерген, талдау әдістерін білетін, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыру;

  • оқушыны кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау, әдеби-теориялық негіздерін меңгерту;

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай білу;


Дайындық жұмысының міндеттері :

  • оқушылардың мәтін талдау машығын қалыптастыру;

  • әдеби-теориялық білімін жүйелеу;

  • теориялық білімдерін орынды қолдануға төселдіру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;





Өзектілігі:

Әдеби мәтіндер мен көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын арттыру бағытында оқушылардың дайындығын жетілдіру. Әдеби-теориялық материалды меңгеру, алған теориялық білімді бекіту, жүйелі тереңдету.



Дайындықта жүргізілетін жұмыс түрлері:

- әдеби-теориялық білімдердің жиынтығын тест кезінде пайдалану;

- мәтінді талдау;

- мәтіннің мәнін түсіну;


Ұйымдастыру мен қорытындылау формалары: дәріс, сараптау, өзіндік жұмыс, тест;


Дайындық жұмысының білім мазмұнының құрылымындағы орны: бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің 9 - сынып оқушыларына арналған.


Күтілетін нәтиже

  • оқылым дағдылары қалыптасады;

  • көркем шығармаларды оқуға деген ынталары артады;

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай біледі;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамиды;

  • оқушылардың мәтін талдау машығын қалыптасады.



Оқу стратегиялары:

Оқушының білім жолы мен іс-әрекет бағдарламасы оқу стратегиясы деп аталады. Оқу стратегияларын үйрену ақпараттық деңгей иерархиясын ашу біліктілігі ғана емес (дәлел, пікір, пайымдау), мәтін мағынасының иерархиясы (негізгі ой, тақырып, тақырыпшалар, шағын тақырып және т.б.), және әрине, түсіну процесі (рефлексивтік ақпарат), яғни оқу барысындағы түсіну рәсімі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін дамытуға аналитикалық, интерпретациялық және сыни оқу өнерін меңгеру көмектеседі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін меңгеру әр уақытта кітап бойынша өнімді оқуға мүмкіндік береді. Стратегияны меңгеру барысында білім алушылардың тілдік қана емес, коммуникативтік құзыреттілігі де топта және жұпта іске асады.












Жұмыс жоспары


І жарты жылдық


Сабақтың тақырыбы

С/с

Мерзімі

1

Оқу сауаттылығының өмірлік дағдыны қалыптастырудағы маңызы

1


2

«Менің оқу сауаттылығым» тесті

1


3

«Оқу сауаттылығын дамыту – заман талабы» эссе

1


4

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


5

Халықаралық зерттеулер нәтижесі

1


6

Мәтін және оның түрлері

1


7

Мәтіндегі жағдайдың санаттары

1


8

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


9

Жеке пайдаланым үшін оқуға арналған мәтінмен жұмыс

1


10

Көпшілік пайдалану үшін оқуға арналған мәтінмен жұмыс

1


11

Жұмыс жасау үшін оқуға арналған мәтінмен жұмыс

1


12

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


13

Оқыту үшін оқуға арналған мәтінмен жұмыс

1


14

Мәтін формасы: тұтас мәтінмен жұмыс

1


15

Мәтін формасы: жадағай мәтінмен жұмыс

1


16

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


ІІ жартыжылдық


Сабақтың тақырыбы

С/с

Мерзімі

1

Мәтін типі: сипаттама мәтінмен жұмыс

1


2

Мәтін типі: мазмұндау мәтінімен жұмыс

1


3

Мәтін типі: нұсқау мәтінімен жұмыс

1


4

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


5

Мәтін типі: келісім мәтінімен жұмыс

1


6

Мәтін типі: аргументациялау мәтінімен жұмыс

1


7

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


8

Аспект: мәтіннен ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу

1


9

Аспект: мәтінді кеңінен түсінуді қалыптастыру

1


10

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


11

Аспект: мәтінді интерпретациялауды дамыту

1


12

Аспект: мәтін мазмұнын көрсету және бағалау

1


13

Аспект: мәтін нысанын көрсету және бағалау

1


14

Әңгімелеу мәтінімен жұмыс

1


15

Сипаттау мәтінімен жұмыс

1


16

Пайымдау мәтінімен жұмыс

1


17

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1


18

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын орындау

1





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
206
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі