Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

11 сынып вариативтік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырыптық күнтізбелік жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсінік хат

Білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.Орта мектеп бағдарлам асындағы негізгі пәндердің бірі – математика. «Функциялар және олардың қолданылуы» факультативтік курсы оқушыларға негізгі мектептің математика пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтиханға дайындау барысында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру, есептер шешімін өз бетінше табуын жетілдіру . Бұл бағдарлама математикада негізінен жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен қарастырылған тригонометриялық функциялар, теңсіздіктер және теңдеулер, алғашқы функция, логарифм, т.с.с., мәселе есептерді қарастыруға тіреледі.

Математикаға қабілетті оқушылардың ынтасын арттыруда ой орісін кеңейтуде курстың берері мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне,теориялық материалды талдап, түсінуіне көмектеседі, негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді. Функцияларды зерттеудің толық жүйесімен танысып,әр функцияның алғашқы функциясы мен туындысын табуды меңгереді.

Курс аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат.

Мақсаты:

Оқушыларды функцияны талдай білуге, функция графиктерін сала білуге, алған білімдерін әрі қарай жетілдіруге дағдыландыру. Оқушының бейімдігін ескере отырып, оны дамыта түсудің нәтижелі жолдарын қарастыру, ізденуге, шығармашылық әрекетке ұмтылдыру.

Міндеттері:

1. Бағдарламадағы әрбір тақырыпты толық меңгерту.

2. Бағдарламалық тақырыптарға негізделген есептерді шығара білу.

3. Оқыған тақырыпқа қатысты өзіндік ойлай білу.

4. Бүгінгі оқушы – ертеңгі жаңа заман талабына сай, қоғам қажеттілігін өтейтін маман екендігін түсіну.

5. Математикалық дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде кәсіпте қолдануға тәрбиелеу.

Қазіргі заман өзектілігі:

Қазіргі педагогтар алдында тұрған мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру.

Математиканың қолданбалы бағытын көтеру оқушылардың көзқарасын қалыптастырады. Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдың қажеттігіне, өмірдегі пайдасына сенуі керек.

Математикалық анализдің элементтерін оқып-біле отырып, оқушылар оның қолданбалы мүмкіндігін бағалап және меңгеру дағдысын ашады.Оқушыларға терең және тиянақты білім беру, оқу пәндерін өзара байланыстыру, ойлау, пікірлесу, қабіліттерін дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушылардың білімдері мен икемділіктерін, өз ойларын жеткізе алу дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше.

Бағдарламаны меңгеруде оқушыларға қойылатын талаптар:

Оқушы не білу керек ?

1. Мектеп курсындағы математикалық анықтама мен заңдылықтарды;

2. Мектеп курсындағы анықтама мен заңдылықтарды;

3. Мектеп курсындағы формулаларды.

Оқушы нені меңгеру керек?

1. Мектеп курсында қарастырылмайтын ұғымдар мен олардың заңдылықтарын;

2. Функцияның ұтымды формулаларын;

3. Функцияның графиктерін сала білу.

Күтілетін нәтиже:

1. Алған білімдерін практикада дұрыс қолдана білу;

2. Өзіндік ойлау дағдыларын жетілдіру;

3. Есептеулердің тиімді әдістерін шапшаң таба білу.

Білім беруде курстың алатын орны:

Оқушыларды білімдерін кеңейтуде курстың алатын орны зор. Курстың толық курсын оқып, меңгерген оқушы көптеген мектеп курстарында оқытылмайтын тақырыптармен танысып,өз білімдерін нығайта алады. Сонымен қатар белгілі математикалық жарыстарда оқып, үйренгендерін пайдалана алады.

Курсты жүргізу әдістері мен тексеру түрлері:

  1. Есептер шығару.

  2. Тест жұмыстары.

Курстың мазмұны мен құрылымы:(аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат)

Тригонометриялық функциялар.Бұл тарауда тригонометриялық функциялар туралы жалпы түсінік, сонымен қатар тригонометриялық функциялардың туындысы, интегралы және графиктік сызбалары, теңдеулерді шешу жолдары кең ауқымда қамтылып оқытылады.

Иррационал теңдеулер. Бұл тарауда иррационал теңдеулермен теңсіздіктерді олардың жүйесін шешу, түрлендіру жолдары қарастырылады.

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар.Бұл тарауда көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеті, графигін салу, туындысын табу, теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін табу үйретіледі.

Элементарлық функциялар. Бұл тарауда функция жайлы кең тұрғыда түсінік беріледі. Мәселен, элементарлық функциялар, ерекше қасиеті бар функциялар, кері, күрделі функциялар, олардың анықталу, мәндер облысы, графиктері оқытылып, алғашқы функциясы мен туындысын табу үйретіледі.


















«Функциялар және олардың қолданылуы»

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі


І жартыжылдық

1

Тригонометриялық функция туралы ұғым

1


2

Тригонометриялық функциялар графиктері

1


3

Тригонометриялық функция туындысы

1


4

Тригонометриялық функция алғашқы функциясы

1


5

Есептер шығару

1


6

Тригонометриялық теңдеулерді шешу

1


7

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

1


8

Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу

1


9

Есептер шығару

1


10

Иррационал өрнектерді түрлендіру

1


11

Иррационал теңдеулерді шешу

1


12

Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу

1


13

Иррационал теңсіздіктерді шешу

1


14

Иррационал теңсіздіктер жүйесін шешу

1


15

Есептер шығару

1


16

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу

1


17

Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу

1



ІІ жартыжылдық

18

Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу

1


19

Есептер шығару

1


20

Логарифм және оның қасиеттері

1


21

Логарифм теңдеулерді шешу

1


22

Логарифм теңдеулер жүйесін шешу

1


23

Логарифм теңсіздіктерді шешу

1


24

Есептер шығару

1


25

Функцияның АО табу

1


26

Функцияның МО табу

1


27

Периодты, жұп, тақ, күрделі және кері функциялар

1


28

Дәрежелік функцияның туындысы

1


29

Дәрежелік функцияның алғашқы функциясы

1


30

Көрсеткіштік функциясының туындысы

1


31

Логарифмдік функцияның туындысы

1


32

Көрсеткіштік функцияның алғашқы функциясы

1


33

Логарифмдік функцияның алғашқы функциясы

1


34

Қорытынды

1





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Факультативный курс по математике», Шарыгин И.Ф., Голубев В.И. Москва. «Просвещение».1991 г.

2-3. С.Қаниев «Математикадан таңдамалы есептер» І, ІІ кітап А., «Рауан», 1993

4. Электронды тест 5+ есептері

5. «Талапкер» тесттер жинағы.

6. ҰБТ арналған байқау тест кітапшалары 2011, 2012, 2013, 2014 жылдар

7-8. Исмаил Акйол Математика-1, Математика -2, Жоғары оқу орнына түсушілерге арналған оқулық-тест А.: Шың-кітап, 2007

9. «Математика,информатика,физика», «Математика»,«Алгорифм», «Математика және физика» журналдары

10. «Электрондыоқулықтар»

11. Интернет материалдары

12. Pisa, Timssхалықаралық зерттеу материалдары

13-14. «Достық» Қазақстандық білім беру орталығы Математика жұмыс дәптерлері №1,2 Алматы 2013

15. М.У. Ахтаров Математикалық тестер жинағының шешімі, Қиындатылған есептер шешімі, А.:2011



































« » тамыз 2017 Бекітемін: С.С.Калдыгулова Келісілді: Е.Тлепов

Педкеңесте қаралды Қараой мектеп-балабақшасының директоры Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы







Тақырыбы:

«Функциялар және олардың қолданылуы»

(мектеп компоненті)

Сыныбы: 11









Орындады: І.Б.Омарова

Математика пәнінің мұғалімі

Ә/Б отырысында қаралды:____________І.Б.Омарова

(Ә/Б жетекшісі)

Тексерілді: __________________ Г.С.Жарбакиева МДОІЖО









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12