11-сыныпқа арналған бақылау жұмысының тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сыныпқа арналған бақылау жұмысының тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
2 тоқсан бойынша 11-сыныпқа арналған бақылау жұмысы (тыңдалым және оқылым тапсырмалары)
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі пәнінен ІІ тоқсан бойынша 11-сыныпқа арналған бақылау жұмысы (кілті)

  1. Тыңдалым бойынша мәтін



Мамандық

Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.

Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.

Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

135 сөз

Мәтін бойынша тест (10 сұрақ)


  1. Адамда не болады?

А) үміт

B) арман

C) жұмыс

D) ұялы телефон

E) өмір



  1. Армандаған адам түбінде неге жете алады?

А) мақсатына

B) жұмысына

C) қалаға

D) баратын жеріне

E) шаруасын бітіреді



  1. Шәкірттерді кім жетелейді?

А) дәрігер

B) жұмысшы

C) бала

D) ата

E) ұстаз



  1. Қалаған мамандығына қарай қай кезден бастап бейімделе бастайды

А) ең бірінші минутынан дүниеге келгеннен

B) жас кезінен бастап

C) қартайғанда

D) ақылы толғанда

E) оқуды бітіргеннен кейін



  1. Жақсы маман болу үшін адам не істейді?

А) демалады, ойланады

B) ғаламторда отырады

C) теледидардан біледі

D) ізденеді, талпынады

E) үлкен кісілерден ақыл сұрайды



  1. Өз мамандығына сай болу үшін не істеу керек?

А) армандау керек

B) көп оқу, еңбек ету керек

C) уақытты тосу керек

D) ғалымдардан тәжірибе алу керек

E) ғаламтормен жұмыс жасау керек



  1. Ауылдағы жұмысшыларды ата

А) . Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист

B) жұмысшы, кенші, құрылысшы

C) Бақташы, сауыншы, егінші, шопан

D) ғалым, ұстаз, агроном, инженер

E) космонавт, дәрігер, жұмысшы, басшы



  1. Бала шақтан не басталады?

А) өткен өмір

B) болашақ

C) осы кез

D) тарих

E) жоспар



  1. Бұл әңгіменің мақсаты не?

А) болашаққа арман

B) мамандықты дұрыс таңдау

C) үлкендерді тыңдау

D) беделді адамдармен дос болу

E) ғалымдардан үйрену



  1. Түлектің мақсаты не?

А) мектепті жақсы оқу

B) мамандық таңдау

C) үйге уақытында жету

D) үлкендердің ақылын тыңдау

E) сынып жетекшісіне көмектесу





Қазақ тілі пәнінен ІІ тоқсан бойынша 11-сыныпқа арналған бақылау жұмысы

  1. Тыңдалым бойынша мәтін



Мамандық

Мәтін бойынша тест (10 сұрақ)



  1. Адамда не болады?

А) үміт

B) арман

C) жұмыс

D) ұялы телефон

E) өмір



  1. Армандаған адам түбінде неге жете алады?

А) мақсатына

B) жұмысына

C) қалаға

D) баратын жеріне

E) шаруасын бітіреді



  1. Шәкірттерді кім жетелейді?

А) дәрігер

B) жұмысшы

C) бала

D) ата

E) ұстаз



  1. Қалаған мамандығына қарай қай кезден бастап бейімделе бастайды

А) ең бірінші минутынан дүниеге келгеннен

B) жас кезінен бастап

C) қартайғанда

D) ақылы толғанда

E) оқуды бітіргеннен кейін



  1. Жақсы маман болу үшін адам не істейді?

А) демалады, ойланады

B) ғаламторда отырады

C) теледидардан біледі

D) ізденеді, талпынады

E) үлкен кісілерден ақыл сұрайды



  1. Өз мамандығына сай болу үшін не істеу керек?

А) армандау керек

B) көп оқу, еңбек ету керек

C) уақытты тосу керек

D) ғалымдардан тәжірибе алу керек

E) ғаламтормен жұмыс жасау керек



  1. Ауылдағы жұмысшыларды ата

А) . Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист

B) жұмысшы, кенші, құрылысшы

C) Бақташы, сауыншы, егінші, шопан

D) ғалым, ұстаз, агроном, инженер

E) космонавт, дәрігер, жұмысшы, басшы



  1. Бала шақтан не басталады?

А) өткен өмір

B) болашақ

C) осы кез

D) тарих

E) жоспар



  1. Бұл әңгіменің мақсаты не?

А) болашаққа арман

B) мамандықты дұрыс таңдау

C) үлкендерді тыңдау

D) беделді адамдармен дос болу

E) ғалымдардан үйрену



  1. Түлектің мақсаты не?

А) мектепті жақсы оқу

B) мамандық таңдау

C) үйге уақытында жету

D) үлкендердің ақылын тыңдау

E) сынып жетекшісіне көмектесу





Қазақ тілі пәнінен ІІ тоқсан бойынша 11-сыныпқа арналған бақылау жұмысы (кілті)

  1. Оқылым бойынша мәтін

Банк қызметі туралы не білеміз?


Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

(106 сөз)

Мәтін бойынша тест (10 сұрақ)



1. Банк не үшін керек?

А) құрылыс үшін

B) жалақы алу үшін

C) өндіріс үшін

D) депозит үшін

E) жұмыс жасау үшін



2. Банк қарызға кімге береді?

А) кәсіпорындар мен жеке адамдарға

B) құрылысшыларға

C) спортшыларға

D) зейнеткерлерге

E) бақташыларға



3. Банктін жүйесі қандай?

А) тұрақты

B) әртүрлі

C) бір қалыпты

D) жоспар бойынша

E) тұрақсыз



4. Халыққа қандай банктер қызмет етеді?

А) мемлекеттік

B) коммерциялық

C) бюджеттік

D) халық банкі

E) зейнет банкі



  1. Банк қандай мекеме?

А) нарықтық

B) сауда мекемесі

C) бюджеттік

D) коммерциялық

E) мемлекеттік







  1. Ең бай мекеме қалай аталады?

А) фонд

B) нарық

C) бюджет

D) банк

E) әкімшілік



  1. Онда қандай қызметкерлер жұмыс істейді?

А) кез келген адамдар

B) экономисттер

C) таңыс арқылы келген адамдар

D) орта маман иесі

E) қалталы адамдар



  1. Валютамен жұмыс істеу үшін не алу керек?

А) лицензия

B) несие

C) қарыз

D) ұсыныс

E) жоспар



  1. Лицензия не үшін керек?

А) халықпен карым-қатынаста болу үшін

B) жұмыспен қамтамасыз ету үшін

C) валютамен жұмыс жасау үшін

D) несие беру үшін

E) құрылыс жасау үшін



  1. Несие саясатын жүзеге асыру кімнің қолында?

А) халықтың

B) банктің

C) қызметкерлердің

D) басшылардың

E) шопандардың



Қазақ тілі пәнінен ІІ тоқсан бойынша 11-сыныпқа арналған бақылау жұмысы

  1. Оқылым бойынша мәтін



Банк қызметі туралы не білеміз?

Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

(106 сөз)

Мәтін бойынша тест (10 сұрақ)



1. Банк не үшін керек?

А) құрылыс үшін

B) жалақы алу үшін

C) өндіріс үшін

D) депозит үшін

E) жұмыс жасау үшін



2. Банк қарызға кімге береді?

А) кәсіпорындар мен жеке адамдарға

B) құрылысшыларға

C) спортшыларға

D) зейнеткерлерге

E) бақташыларға



3. Банктін жүйесі қандай?

А) тұрақты

B) әртүрлі

C) бір қалыпты

D) жоспар бойынша

E) тұрақсыз



4. Халыққа қандай банктер қызмет етеді?

А) мемлекеттік

B) коммерциялық

C) бюджеттік

D) халық банкі

E) зейнет банкі



  1. Банк қандай мекеме?

А) нарықтық

B) сауда мекемесі

C) бюджеттік

D) коммерциялық

E) мемлекеттік











  1. Ең бай мекеме қалай аталады?

А) фонд

B) нарық

C) бюджет

D) банк

E) әкімшілік



  1. Онда қандай қызметкерлер жұмыс істейді?

А) кез келген адамдар

B) экономисттер

C) таңыс арқылы келген адамдар

D) орта маман иесі

E) қалталы адамдар



  1. Валютамен жұмыс істеу үшін не алу керек?

А) лицензия

B) несие

C) қарыз

D) ұсыныс

E) жоспар



  1. Лицензия не үшін керек?

А) халықпен карым-қатынаста болу үшін

B) жұмыспен қамтамасыз ету үшін

C) валютамен жұмыс жасау үшін

D) несие беру үшін

E) құрылыс жасау үшін



  1. Несие саясатын жүзеге асыру кімнің қолында?

А) халықтың

B) банктің

C) қызметкерлердің

D) басшылардың

E) шопандардың



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
4831
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі