11 сыныпқа факультатив

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сыныпқа факультатив

Материал туралы қысқаша түсінік
факультатив жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсініктеме

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды . Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру . Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Ұлттық жоспарда Қазақстан мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалынды:

ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету;

білім беру мазмұнын жаңарту;

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүйесінің жасалуы;

материалдық-техникалық базаның жақсартылуы.

Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Бағдарламаның мақсаты:

-күрделі тапсырмаларды шеше отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолдану біліктілігін дамытуға жағдай жасау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Бағдарламаның міндеті:

Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету; 
•Шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
•Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту; 
•Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру; 
•Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету; 
• Есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету. 


Күтілетін нәтиже: 
• Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін біледі; 
• Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алады; 
• Логикалық есептерді шешуде формулаларды қолданады; 
• Процент анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығарады; 
• Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешеді; 
• Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдаланады. 


Оқу курсының тақырыптық мазмұны

1. «Кеңістік және форма» тарауы кеңістіктік және жазықтық геометриялық

формалар мен қасиеттерге қатысты. Бұл тараудың басқа атауы – «геометрия». Бұл жерде формаларды түрлі көріністер мен өлшемдерде тану, олардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау, сонымен қатар нысандардың қасиетін түсіне білу тапсырмалары қарастырылған.

2.«Өзгерістер және қатынастар» саласы алгебрамен тығыз байланысты. Бұл

салада әр түрлі үдерістердегі айнымалылар арасындағы тәуелділіктерді математикалық тұрғыдан сипаттауға берілген тапсырмалар қарастырылады. Бұл тарау теңдеу, теңсіздік, эквиваленттілік, бөлінгіштік сияқты ұғымдарды қамтиды. Қатынас математикалық мағынада түрлі тәсілдер: формулалар, графиктер, кестелер арқылы көрініс табады.

3. «Анықталмағандық және мәліметтер» тарауына ықтималдық пен

статистикалық сипаттағы сұрақтар жатады. Бұл тарауды сонымен қатар ықтималдықты есептеу және статистика деп атауға болады.

4. «Сан» тарауы сандық сәйкестіліктер мен заңдылықтарды қарастырады. Бұл тарауға сандық түсініктер, аудан мен көлемді есептеп шығару, ауызша санау ұғымдары, жуық есептеулер мен математикалық операциялардың мәнін түсіну жатады. Бұл тарау арифметикамен тығыз байланысты болады. Бұл математикалық тараулар түрлі мәнмәтіндерде (контекстте) беріледі: адамның өз өміріне (жеке), кәсіби қызметіне байланысты (кәсіби), қоғаммен байланысты (көпшілік) есептер, ғылымға бағытталып (ғылыми) берілетін есептер. Осылардың негізінде математиканың қазіргі өмірде атқаратын рөлі көрсетіледі.









Сабақ кестесі

Уақыт кестесі

Апта күндері

І ауысым

ІІ ауысым

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

830-910

1310-1350







2

915-955

1355-1435







3

1005-1045

1545-1525







4

1050-1130

1530-1610







5

1140-1220

1615-1655







6

1225-1305

1700-1740







7

1310-1350

1745-1825














Демалыстар

Демалыстар

Мерзімі

Күзгі


Қысқы


Көктемгі



















«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

________Исатаева Б.Г

«ТЕКСЕРІЛДІ»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

________

«___» ___________


«КЕЛІСЕМІН»



________













«Еркіншілік аулының ЖОББМ» КММ

математика пәнінің мұғалімі

Көрпеш Жархынбек

11 сынып үшін 2025-2026 оқу жылындағы факультатив сабағының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары 



































Тақырыптық жоспарлау



Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан, барлығы 8 сағат

1

Сандар тарихы

1



2

Сандар тізбегінің белгісіз мүшесін табу

1



3

Арифметикалық амалдарды шапшаң орындау

1



4

Теңдеу және оның түрлері

1



5

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнері»

1



6

Теңдеу біздің өмірімізде

1



7

Теңдеулер құрып шығаруға арналған мәтін есептер

1



8

Теңдеулер жүйесін құрып шығаруға арналған есептерді шешу

1



ІІ тоқсан, барлығы 8 сағат

9

Теңдеулер жүйесінің түбірі арқылы салыстыру жасау

1



10

Келтірілген формулаларды қолданып қызықты есептер шығару

1



11

Өзіндік жұмыс

1



12

Кітап, газет және журнал беттерінің санын табу

1



13

Газет журнал беттеріне кеткен цифрды анықтау

1



14

Уақытқа байланысты есептер

1



15

Уақытқа айырмашылыған табу

1



16

Адам жасын табу

1



ІІІ тоқсан, барлығы 10 сағат

17

Банкке салынған қаржының күрделі проценттік өсу формуласы

1



18

Жұмбақ логикалық есептерді шешу

1



19

Ребус түріндегі есептер

1



20

Анаграмма шешу

1



21

Өмірдегі функциялар

1



22

Функция графиктерін салу

1



23

Функция графиктерінің теңдеуін жазу

1



24

Сиқырлы фигуралар

1



25

Санды геометриялық фигуралардың аудандарын табу

1



26

Ықтималдықтар теориясы

1








VІ тоқсан, барлығы 8 сағат

27

Кездейсоқ шамалар

1



28

Кездейсоқ шамалар

1



29

Ықтималдықтар теориясы

1



30

Ықтималдықтар теориясы

1



31

Комбинаторика элементтері

1



32

Комбинаторика элементтері

1



33

Әртүрлі есептер

1



34

Қорытынды сынақ

1













































Пайдаланылған әдебиеттер:

1 . Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы.

2. Е.Н. Имангалиев «Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру жолдары» //Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2012. №9.

3. «PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ». Әдістемелік құрал –Астана: ҰББСБО, 2013.

5. Оқушылардың математикалық сауаттылығы. Оқу құралы. Педагогикалық өлшеулер орталығы. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері». Астана, 2014. – 50 б.

6. Әлібеков Ш.М. «Алгебра және сандар теориясы», 2005ж

7. Ойлау логикасы. Қ. Ж. Нұрсұлтанов., Ж. Н. Дүрмекбаева., Қ. М. Нақышбекова., Л. М. Әміренова., Семей қаласы, 2004 жыл.

8. Математический тренинг. Развитие комбинационной способности: книга для учащихся 5-7кл. М.И.Зайкин. М.Гуманит из во Центр ВЛАДОС, 1996г7

9. В царстве смекалки. Е.И.Игнатьев М.:Наука. Главная редакция Ф.М литературы 1979г.

10. Тысяча и одна задача по математике: Кн: для учащихся 5-7 кл. А.В Спивак. М. Просвещения, 2002г.

11. Как научиться решать задачи. Фридман Л.М. М.: Просвещение, 1989г.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
12
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі