Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
11-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларының жинағы. (әдістемелік ұсыным)
Автор:
Досанова Ж.А.
Қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырмаларының жинағы
(11-сынып). Әдістемелік ұсыным. – Ертіс а.:
«№3 Ертіс ЖОББМ» КММ, 2024 жыл. - 30 бет.
Жинаққа қазақ тілі мен әдебиетінен үлгі тапсырмалар енгізілген.
Жинақ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен 11-сынып оқушыларына арналған.
КІРІСПЕ
Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс.
2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі орта мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаудың форматы өзгерді. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен мен толықтырулар енгізілді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жалпы білім беру деңгейінің 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілініде емес) жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) мазмұнын қамтиды. Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқитын білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін жалпы білім беру деңгейінің 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілініде емес) пәні бойынша оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының (жаратылыстануматематикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) мазмұны ескеріледі.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.
Ұсынылып отырған жинақтағы үлгі тапсырмалар мен нұсқалардың негізінде мұғалімдер өздерінің оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауына болады.
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Оқылым және жазылым |
3 сағат |
Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Тапсырмалар жалпы көлемі 400 сөзден тұратын төрт қысқа мәтін үзінділеріне негізделеді.
* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстануматематикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша оқитын білім алушылар мәтін негізінде берілген сұраққа өз көзқарастарын білдіріп, 130-180 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. |
|
Максималды балл |
40 балл |
Бағалау міндеттері
1-БМ |
Коммуникативтік құзырлық Білім алушы: • мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтап, мәтін идеясымен байланысын анықтауы; • қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеуі; • түрлі стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерді іріктей алуы; • белгіленген оқу стратегияларын пайдалануы тиіс. |
2-БМ |
Тілдік құзырлық Білім алушы: • сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде грамматикалық нормаларды сақтауы; • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білуі тиіс. |
Балдардың үлестірілуі
Тапсырма |
Бағалау міндеттері |
Балл |
1 |
1-БМ Коммуникативтік құзырлық |
10 |
2 |
2-БМ Тілдік құзырлық |
20 10 |
Барлығы |
40 |
Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі
Емтихан жұмысының балдары |
Балдардың проценттік құрамы, % |
Баға |
0 - 15 |
0 - 39 |
2 (қанағаттанарлықсыз) |
16 - 25 |
40 - 64 |
3 (қанағаттанарлық) |
26 - 33 |
65 - 84 |
4 (жақсы) |
34 - 40 |
85 - 100 |
5 (өте жақсы) |
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(оқыту қазақ тілінде емес)
№1-нұсқа
1-бөлім
Сөз өнері туралы мамандардың кеңестерін оқып шығыңыз.
1-10-сұрақтар бойынша сәйкес пікірлерді таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
|
Көпшілік алдында сөйлей алу – бүгінгі күннің қажеттілігі. |
|
[1] |
|
Сөздік қорды байыту үшін оқудың орны бөлек. |
|
[1] |
|
Өзгелердің сізді тыңдауы өте маңызды. |
|
[1] |
|
Тіл байлығын дамытып, сөздік қорды байытудың ең дұрыс жолы – кітап оқу. |
|
[1] |
|
Сөзді орнымен қолдану да өнер. |
|
[1] |
|
Әртүрлі сала бойынша хабардар болған жөн. |
|
[1] |
|
Сөйлеу кезінде дауыс мәнерін өзгертіңіз. |
|
[1] |
|
Әлеуметтік желідегі парақшаңызда жаңа сөздерді пайдаланып, түрлі тақырыпта пост жазып тұруға болады. |
|
[1] |
|
TED конференцияларын тыңдау пайдалы. |
|
[1] |
|
Түсінбеген сөздер болса, түсіндірме сөздіктерді қолданыңыз. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7б, 8в, 9ә, 10в
А. Айдын Көпшілік алдында сөйлей алу – бүгінгі күннің қажеттілігі. Кейде кәсіби салада айтарыңызды дұрыс жеткізе алмасаңыз, ісіңіз алға баспайды. Журналистер, маркетологтер, психолог пен саясаткерлер үшін аудиторияның назарын өзіне шоғырландыра алу өте маңызды. Ол үшін шешен сөйлей білу керек. Сөзді орнымен қолдану да өнер. Мысалы, кітаптан бас алмайтын оқымысты адам өз білетінін жеткізе алмаса, сөйлеу арқылы тыңдаушыны өзіне баурап алатын адам оны басып озады. Уинстон Черчилль: «Егер сөйлеуші халықтың наразылығын тудыруды мақсат тұтса, оның жүрегі ашу мен ызаға толы болуы тиіс. Егер сезімге әсер еткісі келсе, ол жылауы керек. Ал халықты сендіру үшін, алдымен, өзіне сенуі тиіс. Сіздің басты қаруыңыз – шынайылық», – деген екен. Ә. Мәди Сөздік қорды байыту үшін оқудың орны бөлек. Бірақ тек әдебиетпен ғана шектелуге болмайды. Әртүрлі сала бойынша хабардар болған жөн. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жазбаларды, бейтаныс адамдардың блогтарын және өзіңізге таныс емес газет-журналдарды да оқыған пайдалы. Мысалы, мен TED конференцияларын жиі тыңдаймын. Не үшін дейсіз ғой? Тәжірибе, идея, ақпарат алу үшін. Ғылымға, білімге, бизнеске байланысты әртүрлі тақырыптардағы TED конференциялары жылына екі-үш рет өткізіледі. Оған әлемнің ең мықты спикерлері өз баяндамаларын ұсынады. TED-ке ұсынылатын жұмыстар алдын-ала іріктеледі. Баяндамашылар конференцияда сөйлеу үшін бір жыл көлемінде дайындалады. Сөйлеушінің әрбір сөзі, дауыс ырғағы қандай болуы керек деген талаптар шеңберінде үлкен ұжым жан-жақты жұмыс істейді.
Б. Алина Өзгелердің сізді тыңдауы өте маңызды. Сыбырлап, басыңызды төмен салып сөйлемеңіз. Әйтпесе тыңдаушылар сіздің сөзіңізді елемейді. Әрине, бұл үшін айқайлаудың қажеті жоқ. Тек дауыс мәнерін өзгертіңіз. Егер үлкен аудиторияда сөз сөйлесеңіз, дауысыңызды барынша жарқын әрі анық етіп шығарыңыз. Қарапайым жағдайларда қатты сөйлемеңіз, бұл сіз жайлы жаман пікір қалыптастырады. Тез сөйлеген де дұрыс емес. Тыңдармандарға сіздің сөзіңізді түсіну және ұғыну қиынға соғады. Сөз барысында сөйлеу темпін өзгертіңіз, сөйлемдер арасында үзіліс жасаңыз. Бір жағынан, өте баяу сөйлеу өзгелерге монотонды болып көрінеді және сізді тыңдауға шыдамдары жетпеуі мүмкін. Қаласаңыз, YouTube арнасындағы TED конференцияларын, подкастарды тыңдауға болады. Ағылшын тілін білсеңіз, тіпті жақсы, көптеген материалдар шет тілінде ұсынылады.
В. Ерболат Тіл байлығын дамытып, сөздік қорды байытудың ең дұрыс жолы – кітап оқу. Бұл орайда кез келген кітап емес, қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын көбірек оқуға кеңес берер едім. Жай судыратып оқып шықпай, әр сөзін ұғынуға тырысқан жөн. Түсінбеген сөздер болса, түсіндірме сөздіктердің көмегіне жүгінсеңіз болады. Ұнаған сөз тіркестерін, әдемі цитаталарды жазып отыратын арнайы дәптер арнаңыз да, соған түртіп алып жүріңіз. Бірақ жаңа сөздер сол дәптер беттерінде қалып қоймауы тиіс. Санамызда жатталып, белсенді сөздік қорға енуі үшін оларды қолдану керек. Мәселен, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жаңа сөздерді пайдаланып, түрлі тақырыпта пост жазып тұруға болады. Оқыған кітаптар, көрген фильмдер туралы достарыңызға әңгімелеп беруді әдетке айналдырыңыз. |
[Барлығы: 10 балл]
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпараттарды қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін тіл байлығы қаншалықты қажет деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№2-нұсқа
1-бөлім
Ата-ана тәрбиесі туралы жастардың пікірлерін оқып шығыңыз.
1-10-сұрақтар бойынша сәйкес пікірлерді таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Ата-аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле алмайды. |
|
[1] |
2 |
Адамгершілік негізі әрбір отбасынан басталады. |
|
[1] |
3 |
Өз балаларын өзге балалармен салыстырады. |
|
[1] |
4 |
Балалардың көбі қазіргі таңда интернетке жүгінетін болды. |
|
[1] |
5 |
Бала санасында «мен жаманмын» деген ойлар қалыптасады. |
|
[1] |
6 |
Қазақ халқы мақалда баланы құспен салыстырған. |
|
[1] |
7 |
Қазір көбінесе ата-аналар балаларды материалдық құндылықпен тәрбиелейді. |
|
[1] |
8 |
Интернеттегі ақпараттарға сеніп, неше түрлі жағдайларға тап болады. |
|
[1] |
9 |
Ата-аналар барлық тәрбиені мектепке міндеттеп қояды. |
|
[1] |
10 |
Бала - ата-ана тәрбиесінің айнасы. |
|
[1] |
Кілті: 1ә, 2а, 3в, 4б, 5в, 6а, 7ә, 8б, 9ә, 10в
А. Медет Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек деген ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» демекші ұрпақ тәрбиесінде балаға білімнен бұрын тәрбие беру маңызды екенін дәлелдеген. Адамгершілік негізі - имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне әсері зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Ә. Айнұр Ата-анасынан ала алмаған жылулықты көшеден іздеген баланың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтырып жатады. Ата-аналардың көпшілігі күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыттары тапшы болып жатады. Ең бастысы бала-шағамыз қатарынан кем болмай, киімі бүтін, тамағы тоқ болса, қалтасында қымбат смартфоны болса болды деп, материалдық құндылықпен шектелудеміз. Сондай-ақ көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, немқұрайлы қарап, барлық тәрбиені мектепке міндеттеп қояды. Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны айдан анық. Ертеңгі күні балаңыз теріс жолды таңдаса, «Неге менің балам ғана осылай болды?» деген өкініш өзегіңізді өртемесіне кім кепіл болмақ. Б. Жангелді Ата-анадан жауабын ала алмаған бала, интернетке жүгінетіні сөзсіз. Интернет пен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың экстремистік сайттардың еркін қолжетімділігі де баланы жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген баланы көрсек, таңырқайтын кезге тап болдық. Балалар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға сеніп, оларға лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен бөлісіп отыруды үрдіске айналдырған. Сол мәліметтер мен видеолардың арасында жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын ақпараттар да жетерлік. Сондай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып жатқандары қаншама. Ең бірінші зайырлы тәрбие беретін мектептерде білім алып, тарихи, дәстүрлі құндылықтарымызды, тұлғаларымыздың өмірін балаға өнеге етіп айтып, келеңсіздікке тап болмау үшін, балаға тәрбиемен қатар үйреткен дұрыс. В. Әсел Біздің бір әдетіміз балалармыз тілімізді алмай, көңілімізді қалдырса, «Анау өзің секілді Пәленшенің баласын қарашы, қандай ақылды», «Мына Түгеншенің ұлын қарашы, жазуы керемет, маржандай» - деп өзге балалармен салыстыра кетеміз. Жұрттың баласы шынымен де ақылды шығар. Бірақ ол біздің баламыз емес қой. Біздің баламыз алдымызда отыр. Және ең жаманы не екенін білесіз бе?! Мұндай сөздерді естіген балаңыз дәл қазір өзін ең ақылсыз, ең жаман балаға балап отыр. Бала санасында «мен жаманмын», «ата-анам маған разы емес», «мен нашармын», «мен төменмін», «мен ондай бола алмаймын» деген ойлар қалыптасып үлгерді. Сондықтан сіздің отбасыңыз балаңыздың тәрбиесі сіздің айнаңыз.
Бала тәрбиесі-отбасынан басталады (centre-tur.kz) |
[Барлығы: 10 балл]
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпараттарды қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№3-нұсқа
-
бөлім
Қоршаған ортаны қорғау туралы мамандардың пікірлерін оқып шығыңыз.
1-10-сұрақтар бойынша сәйкес пікірлерді таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Елімізде қазіргі таңда 230 миллион тонна қатты радиоактиві қалдық жинақталған. |
|
[1] |
2 |
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі барлық адам баласын қатты алаңдатуда. |
|
[1] |
3 |
Табиғатымызға сырттан қандай да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда барлық тіршілік иелері зардап шегеді. |
|
[1] |
4 |
Еліміздегі ядролық сынақтардан ең қатты зардап шеккен аймақтың бірі - Семей. |
|
[1] |
5 |
Мұнай өнімдері Каспий теңізінің жағалауын ластап жатыр. |
|
[1] |
6 |
Ядролық сынақтар жер қабаттарының өзгеруіне әкелді. |
|
[1] |
7 |
Экологиялық жағдайдың нашарлануынан адам денсаулығы ауру-сырқауға ұшырайды. |
|
[1] |
8 |
Қиыншылық кезінде әркім өз тіршілік тауқыметімен жүріп, өзекті мәселелер назардан қалып қойды. |
|
[1] |
9 |
Ядролық жарылыстардың орнында қауіпті көлдер пайда болды. |
|
[1] |
10 |
Ғарыш қалдықтары да топырақтың тозуына әкелді. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6в, 7б, 8ә, 9в, 10а
А. Әділ Қазақстанда қазіргі кезде 230 миллион тонна қатты радиоактиві қалдық жинақталған. 1949-1996 жылдар аралығында елімізде 500-ден аса ядролық қару сыналды. 20 миллион гектар жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйеге айналды. Бұл апат 3,4 миллион адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Аламты, Шымкент, Өскемен сияқты қалаларда ауаның ластану мөлшері өте жоғары. Шығыс Қазақстан өңірінде экологиялық мәселелер жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына зардабын тигізіп жатыр. Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы мұнай өнімдерімен ластанып жатыр. Қазақстанның қай аймағына барсаңыз да, экологиялық ахуал күрделі. Сарыарқаның төскейі де жетістіп тұрған жоқ. Байқоңырдан ұшырылатын ғарышкемелердің қалдығы осы аймаққа құлайды. Жергілікті тұрғындарға төбеден төгіліп жатқан гептилден экологиялық апат төніп тұр. Ғарыш қалдықтары мен өндірістік ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына әкелді. Ә. Марат Қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі - қоршаған ортаны қорғау. Бұл мәселе адамзатты қатты алаңдатуда. Өз еліміздің табиғаты тұрақты қорғауды талап етіп отыр. Бұл істе өзге елдердің тәжірибесіне сүйенген абзал. Қазіргі таңда Моңғолия көлдері жер бетіндегі ең таза көлдер қатарына жатады. Біздің мемлекет ең ірі көліміз - Балқаш көлінің жағасына атом электрстансысын салуды жоспарлап отыр. Атом электрстансысы өте көп қажет етеді. Онсыз да суы тартылып, құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған Балқаштың жағдайы мәз емес. Бұл көлде балықтың 20 түрі, құстар мен жануарлардың көптеген сирек түрлері мекендейді. 70 - 80- жылдары осы мекеннен бір миллионға жуық құндыз терісі дайындалған екен. Дағдарыс кезінде әркім өз тіршілік тауқыметімен жүріп, өзекті істер назардан қалып қойды. Б. Бауыржан Дүниедегі
тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған ортамыз. Сондықтан
қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау - баршаға ортақ міндет.
Қоршаған орта дегеніміз – біздің күнделікті өмір сүріп жатқан
табиғатымыздың аясы. Табиғат аясына өсімдіктер дүниесі,
жан-жануарлар әлемі, жер, су және ондағы тіршілік иелері
кіреді. Қоршаған
ортаға сырттан қандай да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда
табиғат аясындағы тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай
нашарлап, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам
денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың тазалығы
табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың тұрақтылығына
тікелей тәуелді. Тазалық сақталмаған жерде эпидемиялық аурулар
пайда болуы мүмкін.
Адам
ауру-сырқауға ұшырауы
ықтимал. Семей полигоны ХХ ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. Ядролық сынақтардың залал-зардабы бүкіл бір аймақтың қошаған ортасы мен табиғатына, адамдардың денсаулығы мен өміріне қатты әсер етті. Адам ағзасына қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері енді. Адамдар ғана емес, Жер де зиян шекті. Ядролық сынақтар жер қабаттарының бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне өз кепілдіктерін берді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: “Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды”. |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпараттарды қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қалай ойлайсыздар, халықтың тағдыры неге қоршаған ортамен байланысты?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№4-нұсқа
1-бөлім
Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі туралы мамандардың кеңестерін оқып шығыңыз.
1-10-сұрақтар бойынша сәйкес пікірлерді таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Жұмыссыздықтың негізгі себебі білімнің жетіспеушілігі. |
|
[1] |
2 |
Жұмыссыз жастардың көбісі қалаға көшуді армандайды. |
|
[1] |
3 |
Жұмыспен қамтудың төмендігі қоғамдағы қылмыстың өсуіне әсер етеді |
|
[1] |
4 |
Қоғамдағы жұмыссыздықтың артуы экономикалық тұрақсыздыққа алып келеді. |
|
[1] |
5 |
Жастардың өз бизнесін ашуға деген қызығушылығы артып келеді. |
|
[1] |
6 |
Кейбір жастар жұмыссыздықты өмірлік қиындық деп қабылдайды. |
|
[1] |
7 |
Жұмыссыздықтың алдын алу үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту қажет. |
|
[1] |
8 |
Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдау қажет |
|
[1] |
9 |
Жұмыссыздар арасында білімділердің де саны көп. |
|
[1] |
10 |
Жұмыспен қамту шаралары жастарға жұмыс табуға көмектеседі |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2а, 3ә, 4ә, 5б, 6а, 7б, 8ә, 9в, 10в
A.
Әлия
Ә.
Болат
Б.
Жанар
В.
Нұржан |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпараттарды қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін қалай шешуге болады деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 5-нұсқа
-
бөлім
Білімнің қоғамдағы рөлі мен оның елдің болашағына әсер етуі туралы жастардың пікірін оқып шығыңыз. 1-10-сұрақтар бойынша сәйкес пікірлерді таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Білімді ұрпақ - елдің болашағының кепілі. |
|
[1] |
2 |
Мемлекеттің дамуы үшін сапалы білім беру жүйесі қажет. |
|
[1] |
3 |
Жастарды оқытуға ерекше көңіл бөліну керек. |
|
[1] |
4 |
Білімсіз қоғамда экономикалық және мәдени өсу қиынға соғады. |
|
[1] |
5 |
Елдің болашағы - қазіргі жастардың қолында. |
|
[1] |
6 |
Білімді болу - жоғары жетістіктерге жетудің кепілі. |
|
[1] |
7 |
Білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіру қажет. |
|
[1] |
8 |
Жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру маңызды. |
|
[1] |
9 |
Оқу мен тәрбие - егіз ұғымдар. |
|
[1] |
10 |
Жақсы білім алған адам қоғамға үлесін қоса алады. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7б, 8в, 9а, 10ә
Ә. Ерасыл
Б. Сабина
В. Кәрім |
-
бөлім: Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Білімді ұрпақ - іргелі елдің кепілі бола алады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 6-нұсқа
1-бөлім
Қазақстандағы туризмге қатысты пікірлерді оқыңыз. 1-10-сұрақтар бойынша әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Қазақстандағы туризмнің дамуына инфрақұрылымның жеткіліксіздігі кедергі келтіруде. |
|
[1] |
2 |
Қазақстанда экотуризмнің даму мүмкіндігі жоғары. |
|
[1] |
3 |
Туризм саласын дамыту үшін мемлекеттік қолдау қажет. |
|
[1] |
4 |
Қазақстанның туристік әлеуеті толығымен пайдаланылмаған. |
|
[1] |
5 |
Ішкі туризмді дамыту ел экономикасына оң әсерін тигізеді. |
|
[1] |
6 |
Шетел туристері үшін Қазақстанның табиғаты қызықты. |
|
[1] |
7 |
Туристік қызмет көрсетуді жақсарту қажет. |
|
[1] |
8 |
Қазақстандағы туристік нысандардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі үлкен мәселе. |
|
[1] |
9 |
Қолайлы визалық режим туризмді дамытуға ықпал етеді. |
|
[1] |
10 |
Қазақстандағы туризм саласы бәсекеге қабілетті болуы тиіс. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2б, 3ә, 4ә, 5в, 6в, 7а, 8ә, 9б, 10в
А.
Байсар
Ә. Әлихан
Б. Камила
В. Назерке |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет деп ойлайсыз? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 7-нұсқа
1-бөлім
Ерлер мен әйелдер теңдігіне қатысты пікірлерді оқыңыз. 1-10-сұрақтар бойынша әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Гендерлік теңдік – заманауи қоғамның негізгі қағидаларының бірі. |
|
[1] |
2 |
Әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктер беру қоғамның дамуына ықпал етеді. |
|
[1] |
3 |
Кәсіби салада ерлер мен әйелдерге бірдей жағдай жасау маңызды. |
|
[1] |
4 |
Гендерлік стереотиптер ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерін шектейді. |
|
[1] |
5 |
Ерлер мен әйелдер бірдей құқықтарға ие болуы тиіс. |
|
[1] |
6 |
Әйелдердің қоғамдағы рөлі күн сайын артып келеді. |
|
[1] |
7 |
Ерлер мен әйелдердің теңдігі – адам құқықтарының бір бөлігі. |
|
[1] |
8 |
Теңдік тек құқықтармен шектелмей, міндеттерге де қатысты болуы керек. |
|
[1] |
9 |
Әлеуметтік теңсіздік әйелдерге мансаптық өсуде қиындықтар тудырады. |
|
[1] |
10 |
Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік еңбек нарығындағы алшақтықты азайтады. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7а, 8в, 9б, 10в
А.
Ерасыл
Ә. Роза
Б. Тұрсын
В. Мақсат |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қалай қол жеткізуге болады деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 8-нұсқа
1-бөлім
Төмендегі жастардың болашақтағы рөліне қатысты пікірлерді оқыңыз. Әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. |
|
[1] |
2 |
Болашақта жастар елдің дамуына басты үлес қосады. |
|
[1] |
3 |
Жастарға сапалы білім мен тәрбие беру ел болашағына әсер етеді. |
|
[1] |
4 |
Жастардың инновациялық идеялары қоғамның дамуына серпін береді. |
|
[1] |
5 |
Елдің болашағы жастардың қолында деп сенім арту дұрыс. |
|
[1] |
6 |
Жастардың белсенділігі елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпал етеді. |
|
[1] |
7 |
Жастар өз болашағын құруда басты рөл атқарады. |
|
[1] |
8 |
Мемлекет жастардың дамуына қолдау көрсетуі қажет. . |
|
[1] |
9 |
Жастардың білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру маңызды. |
|
[1] |
10 |
Жастардың қабілетін іске асыруы елдің жарқын болашағын қамтамасыз етеді. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3ә, 4б, 5а, 6в, 7а, 8ә, 9б, 10в
А.
Ерасыл
Ә. Роза
Б. Тұрсын
В. Мақсат |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
"Болашақ – жастар қолында" деген ойға келісесіз бе? Неліктен?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 9-нұсқа
1-бөлім: Төмендегі Қазақстандағы көші-қонға қатысты пікірлерді оқыңыз. Әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Қазақстандағы көші-қонның басты себебі – экономикалық жағдайдың нашарлауы. |
|
[1] |
2 |
Көші-қон елдің еңбек нарығына елеулі әсер етеді.Көші-қон елдің еңбек нарығына елеулі әсер етеді. |
|
[1] |
3 |
Қазақстанда ішкі және сыртқы көші-қон үдерісі белсенді жүріп жатыр. |
|
[1] |
4 |
Урбанизация – көші-қонның басты қозғаушы күші |
|
[1] |
5 |
Көші-қон үдерісі елдің демографиялық құрылымын өзгертеді. |
|
[1] |
6 |
Көші-қон еңбек күшінің тапшылығына алып келеді. |
|
[1] |
7 |
Қазақстанның көші-қон саясатын жетілдіру қажет. |
|
[1] |
8 |
Елге шетелдік мамандардың келуі экономиканың дамуына әсер етеді. |
|
[1] |
9 |
Көші-қон үдерісі ауылды аймақтардың босауына әкеліп соғады. |
|
[1] |
10 |
Көші-қон үдерісін реттеу арқылы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3а, 4ә, 5б, 6в, 7ә, 8б, 9а, 10в
А.
Қайыргелді
Ә. Шолпан
Б. Шынар
В. Нұрлан |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қазақстандағы көші-қон үдерісін тиімді басқару үшін қандай шаралар қолдану қажет деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 10-нұсқа
-
бөлім: Төмендегі толеранттылыққа қатысты пікірлерді оқыңыз. Әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Толеранттылық – көпұлтты қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың басты құралы. |
|
[1] |
2 |
Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім толеранттылық арқылы қамтамасыз етіледі. |
|
[1] |
3 |
Әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарды сыйлау қоғамның дамуына ықпал етеді. |
|
[1] |
4 |
Толеранттылықсыз қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. |
|
[1] |
5 |
Толеранттылық адам құқықтарының маңызды бөлігі болып табылады. |
|
[1] |
6 |
Қоғамда толеранттылықты насихаттау тұрақтылыққа жетудің негізгі жолы. |
|
[1] |
7 |
Толеранттылық әр адамның жеке мәдениетін сыйлауға негізделген. |
|
[1] |
8 |
Толеранттылық мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға ықпал етеді. |
|
[1] |
9 |
Толеранттылық арқылы қоғамдағы шиеленістердің алдын алуға болады. |
|
[1] |
10 |
Қоғамдағы тұрақтылыққа жету үшін толеранттылық деңгейін көтеру қажет. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4а, 5ә, 6а, 7б, 8ә, 9а, 10в
A. Мафуза
Ә. Гүлнәр
Б. Аслан
В. Дәулет |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Толеранттылық қоғамдағы тұрақтылықты қалай қамтамасыз етеді деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 11-нұсқа
1-бөлім: Төмендегі уақыт пен адамның өзара байланысына қатысты пікірлерді оқыңыз. Әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Уақытты тиімді пайдалану адамның жетістігіне тікелей әсер етеді. |
|
[1] |
2 |
Адам уақытты дұрыс басқарса, өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алады. |
|
[1] |
3 |
Уақыт – адамға берілген ең құнды ресурс. |
|
[1] |
4 |
Уақытты жоспарлау өмірдегі табысты арттырады. |
|
[1] |
5 |
Уақыттың қадірін білу – адамның өмірлік мақсатына жетуіне көмектеседі. |
|
[1] |
6 |
Адам уақытын тиімді пайдаланбаса, мүмкіндіктерден айырылуы мүмкін. |
|
[1] |
7 |
Уақытты жоғалту – мүмкіндіктерді жоғалту. |
|
[1] |
8 |
Адам уақытын дұрыс басқара білсе, өмірі мәнді болады. |
|
[1] |
9 |
Уақытты тиімді басқару – өмірдегі тепе-теңдікті сақтаудың кілті. |
|
[1] |
10 |
Өмірде уақытты босқа өткізбеу – адамның табысты болуына ықпал етеді. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7б, 8в, 9а, 10ә
A. Бауыржан
Ә. Асем
Б. Фархат
В. Айлин |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Уақытты тиімді пайдалану адамның табысты болуына қалай ықпал етеді деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
№ 12-нұсқа
1-бөлім: Төмендегі ұлттық қауіпсіздікке қатысты пікірлерді оқыңыз. Әр пікірге сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз (А, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.
1 |
Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттің тұрақтылығының негізгі кепілі. |
|
[1] |
2 |
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери ғана емес, экономикалық тұрақтылық та маңызды. |
|
[1] |
3 |
Ұлттық қауіпсіздік – елдің болашағы мен егемендігін сақтау жолындағы маңызды фактор. |
|
[1] |
4 |
Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі шарттарының бірі. |
|
[1] |
5 |
Ұлттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі елдің халықаралық аренадағы беделін арттырады. |
|
[1] |
6 |
Ұлттық қауіпсіздік тек әскери қорғаныспен шектелмейді, ол сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті қамтиды. |
|
[1] |
7 |
Елдің экономикалық тәуелсіздігі ұлттық қауіпсіздікті нығайтады. |
|
[1] |
8 |
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықтың бірлігі маңызды рөл атқарады. |
|
[1] |
9 |
Ұлттық қауіпсіздікті сақтап қалу үшін үнемі жаңартылып отыратын тиімді саясат қажет. |
|
[1] |
10 |
Тұрақтылық пен қауіпсіздік – мемлекеттің дамуының кепілі. |
|
[1] |
Кілті: 1а, 2ә, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7б, 8в, 9а, 10ә
A. Талғат
Ә. Сәкен
Б. Әлиғазы
В. Сембай |
2-бөлім
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып, өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200 сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қандай жолдарын маңызды деп ойлайсыз?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + келтірілген өз пікіріне 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]


