400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

12,05,25 күнгі тәрбие сағаты 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы - бақыт мекені
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы –бақыт мекені »

Күні

12.05.25

Класс жетекші:

Смаилова Л.Т.

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Отбасы – шағын мемлекет, ал мемлекет – үлкен отбасы

Отбасы – бақыттың бастауы, берекенің ордасы.”

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін арттыру.

  • Оқушыларды отбасылық құндылықтарды сақтауға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара пікір алмасуға үйрету.


Қауіпсіздік мақсаты

КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ

ТҮРЛЕРІ. ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ

ҚАНДАЙ?»

    • Оқушыларға кибербуллингтің түрлері (флейминг, харрассмент, ауттинг, т.б.) мен оның салдары туралы түсінік беру.

    • Оқушылардың онлайн қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін арттыру (құпия сөздер, жеке ақпаратты қорғау, жалған ақпараттарды анықтау, т.б.).

    • Кибербуллинг жағдайында қолданылатын психологиялық қорғану әдістерін үйрету.

  1. Тәрбиелеу:

    • Оқушыларды кибербуллингке төзбеуге, басқаларды сыйлауға және онлайн мәдениетті ұстануға тәрбиелеу.

    • Жазықсыз куәгерлердің рөлі мен олардың кибербуллингті тоқтатуға қатысуын талқылау.

    • Жақсы ниетпен қолдау көрсету және қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.

  2. Қабілеттерді дамыту:

    • Оқушылардың сыни ойлау және ақпаратты талдау қабілеттерін дамыту (жалған ақпаратты анықтау, арандатуларды тану, т.б.).

    • Кибербуллинг жағдайында жақсы шешім қабылдауға және өз-өзін қорғау дағдыларын дамыту.

    • Жағдайды талдау және қауіпсіздік стратегиясын жасау қабілетін дамыту (әрекеттер алгоритмі).


Құндылықтарды дарыту

  1. Сүйіспеншілік пен қамқорлық: Балаға деген шексіз сүйіспеншілікті көрсету, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, қамқорлық жасау. Бала өзін қауіпсіз және қажетті сезінуі керек.

  2. Сыйластық: Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын қалыптастыру. Үлкендер кішілерді сыйлауы, кішілер үлкендерді құрметтеуі керек. Әркімнің пікірі маңызды екенін көрсету.

  3. Жауапкершілік: Балаға жасына сай міндеттер жүктеу. Үй шаруасына көмектесу, сабағын оқу, өзіне жауапты болу. Жауапкершілікті сезіну арқылы бала өзін-өзі басқаруға үйренеді.


Апта дәйек сөзі

Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау.

  • Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


2. Кіріспе:

Мұғалім:

  • Балалар, бүгін біз сендермен ең жақын, ең қымбат, ең асыл жанұямыз – отбасымыз туралы әңгімелесеміз. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды орын. Отбасы – біздің бақытымыздың бастауы.

Отбасы” деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау)



Сабақ басы (13 мин)












Негізгі бөлім:

а) “Отбасы бақыт мекені тақырыбында пікір алмасу:

  • Мұғалім: Балалар, сендер отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме? Не үшін жақсы көресіңдер? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

  • Отбасы сендерге не береді? (Махаббат, қамқорлық, қолдау, жылулық, т.б.)

  • Сендер отбасыларың үшін не істейсіңдер? (Үй шаруасына көмектесеміз, ата-анамызды тыңдаймыз, үлкендерді сыйлаймыз, т.б.)

  • Отбасы мүшелері бір-бірімен қалай қарым-қатынаста болу керек? (Сыйластықпен, түсіністікпен, кешірімділікпен)


Мақал-мәтелдермен жұмыс:

  • Мұғалім: Балалар, отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • Оқушылар білетін мақал-мәтелдерін айтады.

  • Мысалдар:

    • Отан – отбасынан басталады”.

    • Ата – бәйтерек, ана – гүл”.

    • Әке – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ”.

    • Отбасы – алтын қазық”.

  • Мұғалім: Осы мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Талдау жасау)



Ортасы (20 мин)


б) “Менің отбасым тақырыбында шағын шығарма жазу немесе сурет салу:

  • Оқушылар өз отбасылары туралы шағын шығарма жазады немесе сурет салады.

  • Шығармалар мен суреттерді талқылау, ортаға салу.


Отбасылық дәстүрлер” туралы әңгіме:

  • Мұғалім: Сендердің отбасыларыңда қандай дәстүрлер бар? (Мерекелерді бірге тойлау, демалыс күндерін бірге өткізу, үлкендерге құрмет көрсету, т.б.)

  • Отбасылық дәстүрлердің маңызы неде? (Отбасы мүшелерін жақындастырады, бірлікке шақырады, ұрпақтар сабақтастығын сақтайды)



Қауіпсіздік сабағы

10 мин

КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ

ТҮРЛЕРІ. ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ

ҚАНДАЙ?»

Кибербуллинг (киберқорқыту) – бұл ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық пошта, т.б.) пайдалана отырып, адамды қорлау, қорқыту, мазақ ету немесе кемсіту.

Кибербуллингтің түрлері:

  • Флейминг (Flаming): Желідегі жанжалдар, дөрекі және кемсітетін пікірлер алмасу, қорлау.

  • Харрассмент (Hаrаssment): Бір адамға үздіксіз түрде жіберілген қорқыту, кемсіту хабарламалары. Бұл ұзақ уақыт бойы қайталанатын агрессиялық әрекеттерді қамтиды.

  • Киберсталкинг (Cyberstalking): Желідегі аңду, құрбанның жеке өміріне қол сұғу, қорқыту мақсатында ақпарат жинау.

  • Ауттинг (Outing): Құрбанның жеке немесе ұятты ақпаратын рұқсатсыз жариялау, оны жұрт алдында масқаралау.

  • Трикинг (Tricking): Құрбанмен достық қарым-қатынас орнатып, одан құпия ақпаратты алып, кейін оны зиян келтіру үшін пайдалану.

  • Имперсонизация (Impersonation): Біреудің атынан жалған аккаунт жасап, оның атынан басқаларды қорлау немесе жалған ақпарат тарату.

  • Исключение (Exclusion): Құрбанды онлайн топтардан немесе қауымдастықтардан шығару, оқшаулау, елемеу.

  • Киберқоқан-лоқы (Cyberthreats): Құрбанға физикалық зиян келтіру немесе басқа да жағымсыз әрекеттер жасау туралы тікелей қорқыту.

Әр адамның қауіпсіздігі неде?

  • Жеке ақпаратты қорғау:

    • Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін мұқият реттеу.

    • Жеке ақпаратты (мекенжай, телефон нөмірі, оқу орны, т.б.) бөліспеу.

    • Күрделі және әртүрлі құпия сөздерді пайдалану.

    • Бөгде адамдармен кездеспеу.

  • Сауатты цифрлық әдеттер:

    • Күмән тудыратын сілтемелерді баспау.

    • Тек сенімді сайттарды пайдалану.

    • Антивирустық бағдарламаларды орнату және жаңартып отыру.

  • Кибербуллингке төзімділік:

    • Кибербуллингке қарсы тұруға үйрену.

    • Өзіңе сенімді болу.

    • Достар мен отбасынан қолдау іздеу.



Соңы






4. Қорытынды:

  • Мұғалім: Балалар, бүгін біз сендермен отбасы туралы көп нәрсе білдік. Отбасы – біздің бақытымыз, қуанышымыз, тірегіміз. Отбасымызды қадірлейік, сыйлайық, жақсы көрейік!

  • Оқушыларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

  • Үйге тапсырма: Отбасы мүшелеріне арнау өлең жазу немесе тілек айту.


Қосымша тапсырмалар:

  • Менің отбасымның шежіресі” жобасын жасау.

  • Отбасылық альбом” жасау.

  • Менің отбасымның аспаздық құпиялары” кітапшасын жасау.

  • Отбасылық квест” ойынын ұйымдастыру.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
09.05.2025
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі