«1,2,3,4,5 цифрлары. Реттік санау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«1,2,3,4,5 цифрлары. Реттік санау»

Материал туралы қысқаша түсінік
«1,2,3,4,5 цифрлары. Реттік санау»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру бөлімдері: ҚМҰҚ, құрастыру, жаратылыстану.
Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары. Реттік санау»

Мақсаты: жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғай білуге және еңбексүгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ -жауап, кері байланыс, конструктормен құрастыру.

Керекті құрал-жабдықтар:

1ден 5 дейінгі сандар, ойыншықтар, жыл мезгілдеріне арналған суреттер, конструктор.

I. Мотивациялық - қозғаушы туғызу кезеңі

Тәрбиеші: -Салеметсіздер ме балалар, ата-аналар! Бұл мен сендедің тәрбиешілерің. Сендермен кездеспегелі көп уақыт өтті, мен сендерді сағындым. Жақын күндерде біз балабақшада кездесеміз. ал оған дейін біз, Айгүл Серікқызы басқада апайларың осылай ақпарат құралдары арқылы жиі сендермен кездесіп тұрамыз. ал енді, экран алдына жайғасып отырып, мені мұқият тыңдаңыздар. Онлайн оқу қызметін бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,
Алтын сәулет таратты.
Қайырлы күн, қайырлы күн!
Қайырлы күн, балалар! 

II . Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі

1. Жыл мезгілдері (сұрақ -жауап)

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Ия дұрыс, айтасыңдар 4 мезгіл бар екен.

-Жақсы, ал қазір қай мезгіл?(көктем)

-Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы? (наурыз, сәуір, мамыр)

2. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, табиғатты аялайық: көктемде күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік атады. Көктемде ағаштарды күтіп баптаймыз. ағаштардың түбіндегі топырақты қопсыту,әктеу керек. Құс ұяларын жасап ағаштарға ілген жөн. Осы іс- әрекеттеріміздің бәрі еңбектенудің арқасында жүзеге асады. Күтіп баптаған өсімдіктер ғана әдемі болып өсіп, айналаға сән береді, ауаны тазартады

3. 1 -ден 5-ке дейін тура , кері санау

1-тапсырма

-Балалар 1-ден 5-ке дейін тура санап беріңдерші.

2-тапсырма.
-Балалар, мына менің алдымда тұрған ойыншықтардың қандай ретпен орналастырылғанын айтып беріңдерші.
Сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың естеріне саламын.
-Үшінші орында қандай ойыншық тұр?
-Қоян нешінші тұр?
-Аю нешінші тұр?
-Қайсысы ойыншық бесінші орында?
-Ал маймыл нешінші орында орналасқан?

3-тапсырма.
Бірнеше пирамидаларды санап, түстерін ажыратуды ұсынамын.
Заттарды санап болған соң, сол заттың санына сәйкес келетін цифрды қасына қоямын. Содан соң цифрларды балаларға көрсетемін.

Сандардың көршісін тап

4- тапсырма суретте берілген балаларды рет ретімен атап шығыңдар

5- тапсырма құмыраның ішіне және артына жасырынғанды тап

Құрастыру.

- Балалар естеріне түсіріңдерші , конструктормен не құрастыруға болады? -Ия , әр түрлі заттар жасауға болады екен. Ендеше ұшақ құрастырып көрейікші

III. Қорытынды кезең:

Үй тапсырмасы: 1- ден 5-ке дейін тура кері санау, ар түрлі табиғи заттан ұшақ құрастыру.

Кері байланыс. тәрбиешілердің ватсабына балалардың жасаған жұмыстарын жіберуді сұрайды.

 

.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2020
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі