400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау» Мақсаты: а) 1- ден 5 – ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; ә) геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; б) логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1


Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

Талапкер Асылай Мұхамбетқызы

КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының

ІІ – ші санатты тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс – әрекет түрі: Математика

Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»


Мақсаты:

а) 1- ден 5 – ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау;

ә) геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;

б) логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;


Мотивациялық - қозғаушылық: Амандасу
Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн.

Күліп шықты күн бүгін.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- 3 ай

- Наурыз, сәуір, мамыр.


Қызықты сәт.
Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.

Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар.

Тәрбиеші: Сәлематсыз ба қоян, көңілдісің ғой?

Қоян: Ия балалар бүгін менің туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.

Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?

Қоян: Білмедім? Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.

Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма?

Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.

Тірбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.

Қоян: Қандай тапсырма?

Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.

Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе?

1 тапсырма: «Сан қатары»

Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.

0....2....4 .....1.....3.....5

5....3....1.... .....4.....2.....0


2 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
- Қоянның құйрығы нешеу?

- Бір сиырда неше мүйіз бар?

- Бір мысықта неше аяқ бар?


3 - тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?»

Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Жанындағы бос төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді.



Сергіту сәті:

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек -  мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.



4 - тапсырма:

Екі қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу, бас нешеу?

Жауабын кім табады?


Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп екеуін,

Тағы да алдым екеуін,

Алдым сонда нешеуін?


5– тапсырма: Топтастыруға байланысты ойын: «Логика пойызы»

1 Вагон-заттардың түсіне байланысты

2 Вагон-қажетті тағамына байланысты

3 Вагон-қарама-қайшылығына байланысты

4 Вагон-заттардың пішіндеріне байланысты

5 Вагон-заттардың ұқсасына байланысты

6 Вагон-заттардың қажеттілігіне байланысты

7 Вагон-заттардың төлдеріне байланысты

Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап қоянның сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі