400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

12 жылдық білімге көшу-Қазақстанның нәтижелі білім беру саясатының кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
12 жылдық білім беруге байланысты жасалған конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

12 жылдық білімге көшу-Қазақстанның нәтижелі білім беру саясатының кепілі.

Касимова Роза Алпысбаевна

Екібастұз қаласының №18 ЖОББМ - ММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы

өзгерістердің бірі-12 жылдық оқыту моделі.

Президентіміз Н. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық - дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Осы орайда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүние жүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру үрдісінде білім берудің әлеуетін арттыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан әлемдік мәдениетпен иық тірестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалармен әлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Әрбір жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, олардың өзін-өзі тануы үшін мұғалімдер алдына білім беруде инновациялық технологияларды ендіру міндеті жүктелуде.

Білім берудің тәрбиелік әлеуеті арта түссе, оны саналы игеру-алған білімнің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Материалды саналы меңгерген оқушының жауабы логикалық байланысы мығым, көңілге қонымды, нақтылы болып келеді. Жалпылама берілген білімнен гөрі оқушының өз тәжірибесіне негізделген білімнің тартымды болып, шәкірт жігері мен ынтасын арттыратындығы даусыз. Шығыс даналығы былай дейді: "Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Ал істеп көрсетіп берші, үйреніп аламын". Яғни баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту тасқа басқан таңбадай болары сөзсіз. Қызығушылықпен алған білімін бала өз өмірінің мақсаттарына қолдана біледі. Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға ізденімпаздықпен қарау қай мұғалімнің болса да міндеті. Оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыру бүгінгі күн талабы.

Қазіргі мұғалім тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас ұрпақтың білімділігіне байланысты.

Өйткені сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу-ұстаздардың қолында. Бұл үшін әрбір мұғалім оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты жандандыруы, оқушылардың білімге ынтасын барынша арттырып, олардың сана-сезімін дамыту жолында заман талабына сай тынымсыз жұмыс жасауы тиіс. Осы бір үлкен сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең ұрпақтың өмір талабына жауап бере алатын өз ісінің шебері ретінде баулуы қажет.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.

Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

• Қоғам дамуының қарқындылығы;

• Постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара

қатынас ауқымының кеңеюі;

• Халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық

проблемалардың туындауы және өсуі;

• Адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:

• Білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру

мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген

модельдердің жасалуы. Білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру.

Жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б.;

• Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық

белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы,

сындарлы білім беру моделіне өкшу;

• Терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

• Оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік,

көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің

күшейтілуі;

• Білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыпастыру.

Қазіргі білім жүйесінің баса назар аударатыны:

• тұжырымдамаларды түсіну;

• кез келген жағдайда қызмет қылуға қабілеттілік, яғни бүгінгі тұлғаның

функционалды сауаттылығы немесе оқу құзырлылығы.

Оқу құзырлылығының негізгі салалары:

• әдебиет;

• математика;

• жаратылыс ғылымдары.

12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

Қазіргі заманға сай өзгерістер, жаңа өндірістік ақпарат технологияларының пайда болуы, мәдениеттің, іскерліктің дамуы-адамды сол қоғамға сай болуын талап етеді. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақты заманға сай азамат етіп оқытып, тәрбиелеп шығару үшін оқытушы білім беру әдістерін шыңдата түсуі қажет.

Қазіргі заманда білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші-білім сапасы мұғалімнің негізгі міндеті-оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа баулу болып табылатыны бәрімізге белгілі. Елбасының жолдауында: "Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз" делінген.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.






















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «12 жылдық білім беру » – №10, №11 2010 жыл

2. «Бағдарлы мектеп» – №6 2011 жыл

3. «Бастауыш мектеп» журналы – №5 2005 жыл

№6 2004 жыл

4. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру

тұжырымдамасы.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі