Материалдар / 12. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

12. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Калдыбаева А.Н, Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.10

бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Сабақ

мақсаты

Оқушылар:

  • координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.


Бағалау критерийі

Оқушы:

  • координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • жазуын «а мен b-ның айырмасының модулі» деп оқимыз;

  • жазуын «а саны мен b санының модульдерінің қосындысы» деп оқимыз;

  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

Құндылықты

дарыту

Оқушылар жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрметпен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру). «Кездесу» жұптық оқыту әдісі арқылы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Координаталық түзуде берілген нүктелердің координаталарын салыстыру кезінде негізі қаланған білімдерді оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын өткенде қолдана алады.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғымды білу. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


1-2 мин










2-7 мин


Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

Сыныппен жұмыс:

Сабақтың мақсаты: Координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту (Слайд 1).

Мұғалім оқушылар осы сабақта координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайтуға байланысты есептер шығарып, білімдерін толықтыратынын ескертіп айтады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту (Слайд 2):

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады








Сабақтың ортасы


7-37 мин




































Өткен сабақты еске түсіру мақсатында келесі есептерді ауызша есептейді. Өтілген тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіру мақсатында есепті орындау алгоритмін айтуды талап ету ұсынылады.

1. Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосып, азайтыңыз (Слайд 3-5):

5+2 -6+4 -3+(-3) 5+(-6) -2+0


2. Қандай сандар

а) 6 санынан 3 бірлікке;

ә) -3 санынан 5 бірлікке;

б) -1 санынан 4 бірлікке қашық орналасқан?

3. Бос орындарды толтырыңыз:

-4+ ?=5 5+ ? = -1 -7+?=-5  -3+?=-8


Жауабы: №1. 5+2=7 -6+4=-2 -3+(-3)=-6

5+(-6)=-1 -2+0=-2

2. А) 3,9 ә) 2,-8 б) 3,-5

3. 9,-6,5,-5

Сонымен

1. Координаталық түзуді пайдаланып екі бүтін санды қалай қосамыз?

2. Екі санның айырмасын қосынды түрінде қалай жазуға болады?

(Слайд 7-8)

Жұптық жұмыс:

Тақырып бойынша есептер (жұптық жұмыс) шығару. Есепті шығару жолын талқылау және оқушылар өздерін тақтадан тексеріп бағалау үшін тақтаға оқушы шығару.

Есептерге дескриптор:

1. Координаталық түзуді дұрыс сызады;

2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.


1. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+5, а+(-3), а-1, а-4 сандарын кескіндеңіз.

2. Түсте ауа температурасы -2°С болды. Кешке ауаның температурасы -3°С-қа, ал түн ортасында -5°С-қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?

3. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін -42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да -27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?

Сонда үш санды координаталық түзуде қалай қосады екенбіз?сұрағын қою арқылыоқушыларға бірнеше санды қосу үшін орындалатын амалдар тізбегін құрғызу (оқушылар жауабын талқылаймыз, қорытынды жасаймыз: координаталық түзуде үш санды қосу үшін алғашқы екеуін қосып алып нәтижесіне үшінші санды қосамыз. Үштен де көп сандар үшін қосындыны дәл осындай жолмен табамыз)


Келесі есепте жұптағы оқушылардың біріне а) нұсқасын екіншісіне ә) нұсқасын есептеп өзара салыстыруға кеңес беру. Нәтижелерін талқылап, қорытынды жасайтынын ескертіп айту:


3. Келесі сандарды координаталық түзуді пайдаланып қосыңыз: а) 3, -4, 5; ә) -6, -2, 1.


Қосылғыштардың орнын ауыстыруға болады ма? Есептеп көріңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер?


5. Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5 млн. тг, екінші айда -3 млн. тг, ал үшінші айда +1 млн. тг болды. Фирманың үшінші айдағы ақша есебінің өзгерісі неше теңге? Фирма зиян шеккен ба, әлде пайда тапқан ба?

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.

Қосымша есептер:

6. Ұялы телефон бағасы алғашқыда 4500, келер айда тағы 3000 теңгеге арзандатылды. Ұялы телефонның алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?


7. Ауа шары Жер бетінен 400 м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды?


Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады (Қосымша 2)

Қосымша 1



Қолданылған әдебиет:

1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015


2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин













Қосымша 2

























Қосымша 3






Қосымша 4











Қосымша 5


Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Үйге тапсырма: №5, 6; тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін жағдаяттарды пайдаланып 2 есеп құрастырып келу


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Оқушылар өз-өздерін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі және бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көзді демалдыру жаттығуы» жасатылады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!