Материалдар / «12 сәуір Ғарышкерлер күні»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«12 сәуір Ғарышкерлер күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
«12 сәуір Ғарышкерлер күні» тәрбие сағаты
Авторы:
28 Қараша 2023
353
36 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін ___________________

Мектеп: №275 орта мектеп

Күні: 11.04.23 ж. Сыныбы: 6 «Б» Сынып жетекшісі: Баратова С.


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«12 сәуір Ғарышкерлер күні»

Тәрбие сағатының

мақсаты:

Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

суреттер, видео, слайд

Сабақ формасы

Жаңа материалды игеру

Сабақтың әдісі

түсіндіру, әңгімелеу, “Сен білесің бе?”

Жоспарланған кезеңдері


ресурс

Басы

Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Кіріспе. «Ғарышқа алғаш ұшқандар жайлы қызықты мәліметтер»

  2. І топ «Тоқтар Әубәкіров»

  3. ІІ топ «Талғат Мұсабаев»

  4. ІІІ топ «Айдын Айымбетов»

  5. Әдебиет сазды монтаж.

  6. «Ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтер»

  7. Кросворд «Ғарышкерлер»

  8. 8.Ән «Песенка юных космонавтов» Ерадилова Аяна

  9. Қорытынды


Ортасы

1.Кіріспе.

Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады.

1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын.

Ғарышкер ит-Лайка. Лайка ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 1957 жылдың 3 қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг, жасы 2 жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жиберді. Ғарыш кемесі ұшырғаннан кейін, шамамен 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта 1 апта жуық уақыт өмір сүру керек болатын.

Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен бірге 2 ит итті жаттықтырған болатын. Олар Белка мен Стрелка.

Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек.

Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген.

12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.


І топ. Қазақтың тағы бір тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек.

1991 ж. 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.


ІІ топ.Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.

Байқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер ұшқыш Талғат Мұсабаевқа "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады.

Қала басшысының шешімінде: "Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына және ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі атап көрсетілді".

ІІІ топ. Айдын Ақанұлы Айымбетов – 1972 жылы 27 шілдеде Қазақ КСР, Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Заря Коммунизма (қазіргі Өтенай) ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 мектепті «Алтын белгіге» бітіріп шыққаннан кейін, П.С.Кутахов атындағы Армавир жоғарғы әскери ұшқыштар училищесіне оқуға түсіп, ұшқыш-инженер мамандығын алып шығады.1993 жылдан Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, аға ұшқыш және әуе бөлімінің командирі лауазымдарында Талдықорған қаласына жақын «Жетісу Барыстары» әуебазасында қызмет атқарды. Ол Л-39, МиГ-23МЛ, МиГ-27МД, Су-27 ұшақтарын меңгерген. Парашютті-десанттарды даярлауда нұсқаушысы болып табылады және офицер-сүңгуір. 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлер қатарына қабылдаулары туралы өтініш білдірген және 2001 жылы тағы да Қазақстан Республикасының ғарышкерлер қатарына қабылдаулары туралы өтінішін білдірген.Осы уақытта оның қоржынында 470 ұшу сағаты және 360 рет парашютпен секіріс болды. 2002 жылдың жазында Мәскеу қаласында «Медицина-биологиялық мәселелер институтында» медициналық комиссиядан өтті. 2002 жылдың 17 желтоқсанында негізгі медициналық комиссиядан өтіп, дайындықтарға рұқсат алды. 2003 жылы 29 мамырда ресейлік ғарышкерлікке үміткерлер тобында дайындықтарды бастады.2005 ж 5 шілдесінде ведомоства аралық квалификациялық комиссияның шешімімен «ғарышкер-сынақшы» атағы берілді. 2006 ж І.Жансүгіров атындағы «Жетісу» мемлекеттік университетінің «физика-математика» факультетін «физик және информатик» мамандығы бойынша аяқтады.

әуе күштерінің полковнигі Айдын Ақанұлы Айымбетов 2015 ж 2 - 12 қыркүйек аралығында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінде борт инженері ретінде ғарышқа сапар шекті. Ол ғарышта 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд болды.

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовке “Халық қаһарманы” атағын тағайындады.


Видео


Слайд


















видео








































Видео





5.Әдебиет сазды монтаж.

Әубәкіров ағаның, Тоқтар ағам жан ағам,
Даңқы көпке самғаған. Бұрыннан да ер еді.
Тоқтар аға Гагарин, Мен де батыр ағадай,
Салған жолды жалғаған.(Аяжан) Ұшқым келет ғарышқа.(Исламбек)

Талғат елдің мақтаны, Тоқтар менен Талғат

Екінші ұшқан Ғарышқа. Ғарышқа ұшты самғап

Талғат рекорд орнатты, Ел мерейін өсірді

Үш рет ұшып Ғарышта. (Парасат) Көк пен жерді жалғап.(Аяна)

Үшінші ол Ғарышкер, Ғарышқа ұштың самғап

Ғарышқа ұшып ерлеген. Тоқтардың жолын жалғап

Айдыны ол қазақтың, Еліміз сенімен мақтанар

Жақсы ісімен тербеген.(Даяна) Алтындай ең асыл бақ табар (Б.Аружан)

6.«Ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтер»

7. Кросворд «Ғарышкер»

8.Ән «Песенка юных космонавтов» Ерадилова Аяна

















Видео








Соңы

Қорытынды.

  1. Ғарыш дегенде ойларына не келеді?

  2. Ғарышқа бірінші кім ұшты?

  3. Ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер ?

  4. Ғарыш костюмі?




































275 орта мектеп

















«12 сәуір Ғарышкерлер күні»



6 «Б» сынып

сынып жетекші Баратова С.















Байқоңыр қаласы 2023 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!