жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№13 сабақ. Демалудың пайдасы
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
Бөлім: |
Адам |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
1 сынып. |
|
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№13 сабақ. Демалудың пайдасы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Адамның дұрыс өсіп-дамуы үшін демалыстың маңызды екенін түсінетін болады |
|||||
Құндылықтар |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Құрастыру» әдісі арқылы топқа бөлу. Сурет қиындыларын құрастырып, оның не туралы екенін айтады. –Бұл әрекеттер қай кезде орындалады? –Сен қай кезде шаршайсың? –Өзіңді қалай сезінесің? –Күшіңді жинау үшін саған не қажет? Өткенді пысықтау «Күзгі жапырақтар» әдісі «Дұрыс тамақтану» тақырыбын пысықтау. Пайдалы тағамдарды ата Айран, ет, сүт, нан, ірімшік, жемістер, көгөністер, ботқа... Тақырыпты ашу Құндылық мақсаты: Табиғи және әлеуметтік объектілер, тірі және жансыз табиғаттың байланысы, ғылым және ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы Оқулықпен жұмыс – Адамға қозғалыстан басқа демалыс та аса маңызды. Демалу арқылы шаршаған денемізді, ойымызды қалпына келтіре аламыз. Демалыс түрлерін ата. Рухани демалыс – концерт, сүйікті іспен айналысу, жазу, кітап оқу. Демалысты дұрыс ұйымдастыру да – өнер. Жаңа тақырып «Жедел сұрақ» әдісі –Біз неге ұйықтаймыз? –Ұйқың қанбаса, өзіңді қалай сезінесің? –Ұйықтау үшін күннің қай мезгілі қолайлы? –Қай уақытта адам демалуы керек? (Көп жұмыс істегенде, шаршағанда.) –Демалыс не үшін керек? (Күш жинау үшін.) –Адам қалай демалады? (Серуендеп, ойын-сауық орталықтарында, т.б.) «Рөлдік ойын» әдісі –Сендер мектептен келдіңдер. Үй жұмысын қалай және қашан орындайсыңдар? (Жауабын кішкене қойылым ретінде көрсету.) 1-топ. Үй шаруасын орындау. –Балалар не істеп жатыр? Үй шаруасын істеуді (ыдыс жуу, еден сыпыру) сабақтан демалу деп есептеуге бола ма? –Иә, болады. Себебі ол – ой жұмысы емес, физикалық жұмыс. 2-топ. Компьютермен ойын ойнау. – Компьютер алдында отырып мектеп тапсырмасынан тынығуға бола ма? (Жоқ, себебі көзге жүктеме түседі.) 3-топ. Ұйқыдағы бала. –Ұйқы маңызды ма? Оны демалу деп есептеуге бола ма? Неге? –Иә, ұйқы кезінде адам ағзасы тынығады және күш-қуат жинайды. Есте сақта! Адам үшін демалу өте маңызды. Аулада ойнау, кітап оқу, тіпті үйдегі жұмыстарды істеу де демалуға жатады Сергіту сәті – Жазу жазып шаршаған саусақтарыңды қалай демалдыруға болады? Достарымен қолды демалтуға арналған жаттығулар жасауды ұсыну Бірлескен жұмыс ЕБҚ және ЕҚБ «Демалыс деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып кластер құрастырады. Кластерге демалысқа байланысты сурет не сөздер жазуы керек. Олар оны таңдап, қорғауы керек.
ФС тапсырмасы Көркем әдебиет Денсаулық туралы нақыл сөздер https://yandex.ru/video/preview/16373718403647473224 Дәптермен жұмыс 1.Адамның денсаулығы мықты болып өсуі үшін не қажет? Белгіле. 2. 2-тапсырмада күн тәртібін уақытпен сәйкестендір 2-тапсырмада бойынша жауаптар: 7.00 – таңертеңгілік жаттығу; 8.30 – мектепке бару; 13.00 – түскі ас; 16.00. – бесін ас; Кешкі 20.00 – теледидар көру; Кешкі 21.00 – ұйықтау. ҚЖ: Алған білімдерін нақтылау үшін тест тапсырмаларымен жұмыс жасайды. 1)Қолдың бөліктерін ата: А. шынтақ, білек, иық. Ә. Қол, аяқ, бас 2)Адам ағзасы қалай тынығады? А. тамақтан Ә. ұйқыдан 3)Сен есеюдің қай шағындасың? А.балалық шақ Ә. Қарттық шақ 4)Адам өсуі мен дамуы үшін қандай тағамдарды пайдалануы керек? А. Тәттілерді Ә.пайдалы тағамдарды 5)Пайдалы тағамдар қатарын анықта. А. жеміс, таза су Ә. Қытырлақ картошка, Кока-кола
|
Әр топ қойылған сұрақтарға жауап береді. 1-топ – Табиғат аясында 2-топ – Саябақта 3-топ – Ойын алаңында Шашылған жапырақта жазылған тағам атауларын оқып, кәрзеңкеге салады Тақырыппен танысады «Жедел жауап» әдісі бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. •Түскі ұйқы. •Түнгі ұйқы. •Саябақтағы серуен. •Мәдениет орындарындағы демалыс. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қойылым ретінде көрсетеді. 1-топ. Үй шаруасын орындау. 2-топ. Компьютер мен ойын ойнау. 3-топ. Ұйқыдағы бала Есіне сақтайды Қолды демалтуға арналған жаттығулар жасайды. Екеуі бірлесе отырып, демалыс туралы суреттермен кластер құрастырады Дәптермен жұмыс жасайды Тест тапсырмала рын орындайды Кері байланыс жасайды |
ҚБ: «Жапондық мимика» әдісі бойынша бағалайды: О-о-о – «Өте жақсы!» М-м-м – «Жақсы!» Дескриптор. Пайдалы тағамдарды тапты Дәрумендері көп тағамдарды біледі Дескриптор: Демалыс түрлерін атады Демалудың пайдасын айтты
Дескриптор: Сұрақтарға жауап берді Демалыс не үшін керектігін білді
Дескриптор: 1-топ Физикалық жұмыс түрлерін ажыратты Өздері жасайтын үй шаруасы туралы айтты 2-топ Компьютермен ойын ойнаудың зиянын білді Өзідерінің телефон, компьютермен қалай ойын ойнайтыны туралы айтты 3-топ Ұйқының денсаулыққа маңызы туралы білді Өзінің ұйқыға бөлетін уақыты туралы айтты
Сергіту сәтін өткізеді Дескриптор: Бірлескен жұмыс жасай алды Демалыс түрлерін таңдап, кластер құрастырды
Дескриптор: Дәптердегі тапсырмаларды орындады Күн тәртібін уақытпен сәйкестендірді Дескриптор: Тест тапсырмаларын орындады Өтілген тақырыптарды меңгерген
«Білім ағашы» әдісі |
Суреттер
Оқулық
Оқулық
Суреттер Оқулық
Басбармақ https://www.yo
Оқулық Тест тапсырма лары жазылған парақтар Кері байланыс парақтары Алма стикерлер |
Ресурстар:
Басбармақ https://www.youtube.com/watch?v=2jDAhLmyrwg
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
Бөлім: |
Күш және қозғалыс |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
1 сынып. |
|
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№14 сабақ. Түрлі денелердің қозғалуы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Қозғалыстың маңыздылығын анықтайды, денелердің қалай қозғалатынын біледі |
|||||
Құндылықтар |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Хал қалай? Осылай!» ойынын ұсынады. Әр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (әрекет). –Хал қалай? –Осылай! (Басбармағын көтереді). –Жүріс қалай? –Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). –Жүгіріс ше? –Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады Өткенді пысықтау «Сәйкестендіру» әдісі Өзіңнің күн тәртібіңді айт Оны уақытпен сәйкестендір. Жаңа тақырып «Ой шақыру» әдісі Құндылық мақсаты:Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау «Тәжірибе алаңы» әдісі Кіріспе тапсырма: оқушыларға бірнеше минут терезенің арғы жағындағы қозғалыстағы заттарды бақылау ұсынылады. Таймерді пайдалану арқылы алдын ала уақытқа шектеу қою керек. Бақылау: терезеден қозғалыстағы денелерді бақылайды. Зерттеуді жоспарлау: –Терезенің ар жағындағы қандай нысандар қозғалды? –Олар қалай қозғалды? –Қандай заттар қозғалады? Мәлімет жинау: Қозғалыстағы жанды денелерге ... (адам, жануар,) жатады. Қозғалмайтын жансыз денелерге ... (үй, жер, ағаш т.б.) жатады. Түсіндіру: Жансыз денелерді қозғалту – белгілі бір күштің әсерімен дененің орын ауыстыруы. ЕБҚ Мектепке келіп-кетер жолыңда қандай қозғалатын денелер бер? Солардың суретін сал. ЕҚБ Мектептен үйге-үйден мектепке дейінгі жолыңды сыз. Осы жолға қанша уақыт жұмсайтыныңды есептеп көр. Сергіту сәті «Ежелгі адамдар» әдісі Мұғалім ежелгі адамдар туралы әңгіме оқиды: «Ежелгі адамдар терімшілікпен және аңшылықпен айналысқан. Ер адамдар аң аулаған, әйел адамдар өсімдік тамырын терген. Алғашқы кезде олардың жүрістері еңкіш болды. Бірте-бірте әйелдер ағаш бұталарындағы жемістерді теріп, ер адамдар аң аулау құралдарын жетілдіріп, бойларын тіктеді». ФС тапсырмасы «Салыстырайық» Оқулықтағы үлкен адам мен шана сүйреткен бала бейнеленген суреттердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау Жауап: Үлкен адамның күші көп болғандықтан, шананы тез және оңай сүйретіп келе жатыр, ал баланың күші азырақ болғандықтан, ақырын сүйретіп келе жатыр. ҚЖ: Құндылық мақсаты:Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау «Тәжірибе алаңы» әдісі Зерттейік Оқушыларға ойыншықтар қалай қозғалатынын зерттеу жұмысы тапсырылады. (Робот, пультпен жүргізілетін автокөлік, аю) Қызықты мәлімет Қабылан – құрлықтағы ең жылдам қозғалатын жануардың бірі. Ол 1 сағатта 50-70 км жүгіреді.
|
Басбармағын көтереді. Алақанда екі саусақпен «адымдайды». Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады. Өткен тақырыпты пысықтайды Оқушылар сынып терезесінен 4 минут бойы қозғалысқа түскен денелерді Бақылайды Орындарына отырған соң, көрген қозғалыстағы денелерді атап, олардың қозғалысын қолдың көмегімен ауада сызып көрсетеді, әңгімелейді. Жеке жұмыс жасайды Мұғалімнің ежелгі адамдар тақырыбындағы әңгімесіне сәйкес сыныптағы ұлдар аңшылық, қыздар терімшілік қимыл-әрекеттерін жасайды. Салыстыру жүргізеді Оқушылар алдындағы ойыншықтардың қалай қозғалысқа келетіні туралы ойларымен бөліседі Кері байланыс жасайды |
Тамаша!
Жарайсыңдар! Дескриптор: Күн тәртібін уақытпен сәйкестендірді Демалысы туралы айтты
Дескриптор: Қозғалыстағы денелерді атап, олардың қозғалысын көрсетті Сыныптағы қозғалатын жанды денелер мен қозғалмайтын жансыз денелерді сараптады
Дескриптор: Ересек адам мен баланың қозғалысын салыстырды Күштің кімде көп екенін тапты Дескриптор: Ойыншықтармен зерттеу жүргізді Заттардың қозғалысы туралы түсінік қалыптасты
«Көңіл күй аралы» әдісі |
Қимыл-қозғалыс Суреттер
Оқулық Суреттер
Сызбалар Суреттер Ежелгі адамдар суреттері Оқулық
Ойыншық тар Оқулық
Стикерлер |
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
Бөлім: |
Күш және қозғалыс |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
1 сынып |
|
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№15 сабақ. Қозғалыс траекториясы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Қозғалыс траеториясын зерттейді,қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізеді |
|||||
Құндылықтар |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру Мұғалім оқушыларға доппен ойнауды ұсынады. Допты жоғары лақтыруға, дөңгелетуге, бір-біріне лақтыруға және еденге соғуға рұқсат беріледі. Талқыланатын сұрақтар – Добыңның қозғалысы туралы не айта аласың? Олар бірдей қозғала ма? Әлде әртүрлі ме? Жолы түзу (түзу сызық бойынша) немесе қисық (қисық сызықты) болды ма? Өткенді пысықтау Құндылық мақсаты:Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау «Тәжірибе алаңы» әдісі Зерттейік Оқушыларға көліктер мен жануарлардың қалай қозғалатынын зерттеу жұмысы тапсырылады. Тақырыпты ашу Ақпарат көзі – «бақылау». «Бақылау» әдісі Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Бүгінгі сабақтағы мұғалімнің қозғалысын сабақ бойы бақылап, оның қозғалысын параққа сызып отыру сұралады.
Жаңа тақырып «Кел, ойланайық» Оқулықтағы суреттерге қарап, қай суретте қозғалыс ізі бар екендігін бақылайды. Қозғалыс сызықтары туралы айту, мысалдар келтіру. Оқулықпен жұмыс Траектория – қозғалыстағы дененің қалдырған ізі. Аспанда ұшқан ұшақтың ізін байқауға болады. Су бетінде жүзген кеменің аз уақытқа қалдырған ізін көреміз. Ал кейбір дененің қозғалыс траекториясын көре алмаймыз. Дененің қозғалыс траекториясы бағытына қарай өзгеріп отырады. Жол – траекторияның ұзындығы. Бейнебаяннан аңдардың ізін бақылайды ЕБҚ Аңдардың ізі салынған суреттерден қайсысы ненің ізі екен тап. ЕҚБ Көліктердің қозғалыс жылдамдығын анықта. Оларды жылдамдығына қарай орналастыр Жеңіл автокөлік, жүк көлігі, автобус, велосипед. ФС тапсырмасы Құндылық мақсаты:Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау Тірек сөздермен жұмыс Қозғалыс, түзу із, қисық із. –Дененің қалдырған ізі қалай аталады? –Су бетіндегі кеменің ізі неге жойылады? –Қысқы орманда қандай жануарлардың ізін көруге болады? Құмдағы немесе қардағы жануарлар мен құстардың ізінің суреттері ілінеді. Бұл суреттердегі іздерді балалардың өз бетінше ізденіп табуына мүмкіндік беруге болады. «Нейрожаттығу» әдісі арқылы қозғалыстар жасайды Дәптермен жұмыс 1.Ненің ізі? 2.Із қалдыратын денелерді белгіле. 3. Сағаттың тілі із қалдыра ма? «Зерттейік» Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсыну. Осыдан кейін бірнеше оқушы сыныпта не мектеп дәлізінде бастапқы позицияны ұстап, өздерінің ұшақтарын жібереді. Қалған балалардан ұшақтардың ұшу траекториясын бақылауды сұрау. Тақтада ұшырылған ұшақтардың қозғалысының әртүрлі траекториясын салу. ҚЖ: Оқушыларды 1-ден 4-ке дейін санатып, сыныптағы қозғалысты бейнелейтін тапсырма орындатады: 1.1 цифрын айтқан оқушылар шеңбер бойымен тұрады; 2.2 цифрын айтқан оқушылар үшбұрыш құрайды; 3.3 цифрын айтқан оқушылар шаршы құрап тұрады; 4.4 цифрын айтқан оқушылар тік төртбұрыш құрайды. – Сендердің орындарыңнан қозғалуларыңа күш әсер етті. Қозғалысты дене мүшелері арқылы жасадыңдар. Сендер бір орыннан екінші орынға ауыстыңдар.
|
Сұрақтарға жауап береді Өз тәжірибесімен бөліседі Схеманы сызып отырады Қозғалысты бақылайды Жаңа ұғыммен танысады Бейнебаян көреді Жеке жұмыс жасайды Сұрақтарға жауап береді: –Дененің қозғалыста қалдырған ізі траектория деп аталады. –Су бетіндегі кеменің ізін су жояды. –Қысқы орманда әртүрлі жануарлар дың ізін көруге болады. Би билейді Дәптерде берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Ұшақтарды ұшырады Ойын ойнайды Кері байланыс жасайды |
Дескриптор: Айналадағы дүниеге зерттеу жүргізді Заттардың қозғалысы туралы түсінік қалыптасты
Дескриптор: Оқушылар бақылау жүргізді. Мұғалімнің қозғалыс траекториясын сызып отырды. Дескриптор: Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, қай суретте қозғалыс ізі бар екендігін бақылайды. Қозғалыс сызықтары туралы айтып, мысалдар келтіреді
Сен ізкесер болады екенсің!
Тамаша жауап!
Жарайсыңдар! Керемет! Дескриптор: 1-тапсырмада із иелерін сәйкестендіріп қосты: аю, бала, шаңғы, үйрек, қоян. 2-тапсырмада із қалдыратын денелерді белгіледі. Дескриптор: Оқушылар ұшырған қағаз ұшақтың траекториясын сызды. Кейбір оқушылар қағаз ұшақты ұшырады. ҚБ: мұғалім «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ақылдысың!» деген тәрізді қанатты сөздер арқылы ынталандырады. Сөйтіп бағалайды «Бағдаршам» әдісі |
Суреттер Доп
Оқулық Сыныпта парталардың орналасу схемасы салынған жұмыс парағы Оқулық «Маша мен аю» мультфильмі. «Сандаған аңдардың іздері» https://www.youtube Аңдардың іздерінің суреттері
Көліктердің суреттері
Аңдардың іздері салынған суреттер Әуен Жұмыс дәптері Қағаз ұшақтар Оқушылардың бейнелеп құратын пішіндік қатары
КЕрі байланыс тақтасы |
Ресурстар:
«Маша мен аю» мультфильмі.
«Сандаған аңдардың іздері» https://www.youtube.com/watch?v=rnm6 1GN2O8w
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
Бөлім: |
Күш және қозғалыс |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
1 сынып |
|
||||
Сабақтың тақырыбы: |
№16 сабақ. Қозғалыстың маңызы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын түсінетін болады |
|||||
Құндылықтар: |
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңбері» «Досымның портреті» ойыны Оқушылар шеңберде тұрып, бірінің арқасына бірі қағаздарын қойып, қозғалып жүріп сурет салады. Соңында көршісіне суретін сыйлап, бүгінгі сабаққа тілек айтады Өткенді пысықтау Қозғалыс траекториясы туралы пысықтау сұрақтарына жауап береді Жаңа тақырып Оқулықпен жұмыс – Адамдар үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Қозғалыс арқылы адамның денсаулығы жақсарады, денесі шынығады, көңіл күйі көтеріледі, демалады және уақытты үнемдейді. «Адам қалай қозғалады?» деген сұраққа жауап іздеу. – Адамның дене мүшелерінің қимыл- қозғалысы бүгіліп, жазылуға негізделген. Осы қозғалыстың әсерінен адам заттарды итеріп, тарта алады. Дене мүшелерінің ішінде ең көп қозғалатыны аяқ пен қол, сонымен қатар дене мен бас та қозғалыста болады. Адамның денесі жүру, жүгіру, секіру сияқты әртүрлі қимыл-қозғалыстар жасай алады. ЕБҚ Өзің күнделікті қандай қозғалыс жасайсың? Айтып бер Топтық жұмыс Құндылық мақсаты:Табиғи және әлеуметтік объектілер, тірі және жансыз табиғаттың байланысы, ғылым және ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы Әр топ берілген көліктерге жарнама жасайды. 1-топ – мәшине 2-топ – пойыз 3-топ – ұшақ Жарнама жасау үшін топтарға тірек сөздерді көмек ретінде ұсынуға болады: 1-топ – дөңгелек, тас жол жанармай; 2-топ –шойын жол, көмір, машинист; 3-топ – әуе, жанармай, ұшқыш. Ж: жобасы 1-топ – «мәшине». Мәшине отбасы мүшелерін күнделікті өмірде тасымалдауға қолайлы. 2-топ – «пойыз». Пойыз алыс ауыл, қала арасындағы жайлы қозғалысымен ерекше. 3-топ – «ұшақ». Ұшақ – уақытты үнемдейтін таптырмас көлік. ЕҚБ Атпен жүру туралы жарнама жасап көр. Тәжірибелік эстафеталық ойын Секіртпемен эстафеталық жарыс ұйымдастырылады Дәптермен жұмыс 1. Қай бала мектепке кешікпей келеді? Неліктен? (Автобусқа мініп жатқан бала). 2. Стадионда – бір орыннан секірген бала және жүгіріп келіп, екпінмен секірген бала. Қай бала алысқа секіреді? Дұрыс жауапты боя (Екпінмен секірген бала алысқа секіреді). ФС тапсырмасы Тірек сөздермен жұмыс Қимыл, қозғалыс, уақыт. –Денені қалай шынықтыруға болады? –Уақытты қалай үнемдейміз? Сұрақтарға жауап береді ҚЖ: «Білгенің жөн» Марат Жыланбаевтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол – құмды шөлдерден бір өзі ғана жүгіріп өткен марафоншы. Марат Жыланбаев туралы бейнебаян көреді. «Қозғалыс – денсаулық кепілі» деген тұжырымды қалай түсінетіндерін айтады. Кері байланыс |
Тілек айтады Өткенді қайталайды Қозғалыс туралы айтады Жеке жұмыс жасайды Оқушылар топқа бөлініп, берілген көлікке жарнама дайындайды Жарнама жасайды Жарысқа қатысады Дәптерде берілген тапсырмалар ды ретімен орындайды Сұрақтарға жауап береді: –Денені шынықтыру үшін спортпен айналысу керек. –Уақытты үнемдеу үшін күн кестесі құрылуы керек. Бейнебаян көреді Кері байланыс жасайды |
Жарайсың! Дескриптор: Қозғалыс туралы айта алды Өз ойын еркін жеткізді
Жарайсың!
Дескриптор: Тірек сөздердің барлығын дұрыс қолдана отырып, жарнама жасады; Тірек сөздердің кейбіреуін ғана дұрыс қолдана отырып, жарнама жасады; Тірек сөздерді дұрыс қолдана алмады, жарнама жасауда қиналды.
ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ақылдысың!» деген қанатты сөздер арқылы ынталандырады. Дескриптор: Тірек сөздерді пайдалана алды Қозғалыстың маңызы туралы біледі
«Білім сандығы» әдісі |
Суреттер Суреттер
Оқулық
Оқулық Суреттер Секіртпе
Жұмыс дәптері
Суреттер Оқулық Суреттер Марат Жыланбаев туралы бейнебаян «7 мәрте Гиннес рекордын бағындырған тұлға». https://astanatv. КЕрі байаныс тақтасы |
Ресурстар:
Марат Жыланбаев туралы бейнебаян «7 мәрте Гиннес рекордын бағындырған тұлға». https://astanatv.

