14 саны құрамы 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

14 саны құрамы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар математика
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлімі: 1В: Көбейту және бөлу

Тақырыбы: Екі жиынның бірігуі мен қиылысуы

Мектеп: «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ














































































































7

Күні: 08.10.2020

Машықкердің аты-жөні: Муқанова Аружан


Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.4.1.1 екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу

3.4.1.2 сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

3.5.2.2 екі жиынның қиылысуы, екі жиынның бірігуі, бос жиын таңбаларын қолдану

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: бос жиынның не екенін, бірігу мен қиылысу

таңбаларын қалай қолданатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

екі жиынның бірігуі (қиылысуы) болатын жаңа жиынды қалай құруға болатынын біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

өз беттерімен жиын құрады, жиындардың бірігуін, жиындардың қиылысуын жазады.

Бағалау критерийлері

- Екі жиынның бірігуін және қиылысуын белгілейді, құрастырады, бейнелейді

- Бос жиынның не екенін біледі


Тілдік мақсаттар

Жиын, бос жиын, екі жиынның бірігуі, қиылысуы

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

Алдыңғы меңгерілген білім

Жиындар, жиындардың бірігуі мен қиылысуы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?! Қалдарың қалай?

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру)

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»































Оқушыларды топтарға бөлуге арналған гүлдің суреттері



Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»


  • Бос жиын дегеніміз не?

  • Жиындардың қиылысу белгісі?

  • Жиындардың бірігу белгісі?

  • Бос жиынға мысал келтір


Сабақ мақсатын анықтау

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары анықталады

- Екі жиынның бірігуін және қиылысуын белгілейсің, құрастырасың, бейнелейсің



Сабақтың ортасы


30мин




(Ұ.Ж.)Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмаға берілген суретті қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

1-тапсырма. а)Біздің сыныптың оқушылары шахматпен және бимен айналысады. Сұрақтарға жауап бер:

- Қанша бала шахматпен айналысады? (4 бала)

- Қанша бала бимен айналысады? (4 бала)

- Қанша бала шахматпен де, бимен де айналысады? (10 бала)

- Болаттың шахматпен де, бимен де айналысатыны рас па? (Жоқ, жалған)

- Сырымның шахматпен де, бимен де айналысатыны рас па? (Иә, рас)

Ә) Сурет бойынша сұрақ қой.


(Ө.Ж.) 2-тапсырмада оқушылар сұрақтарға сызба бойынша жауап береді. (Оқушыларға өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру)

2-тапсырма. Біздің сыныптың кейбір оқушылары сүйікті пәні ретінде математиканы және жаратылыстануды атады. Сызбаға берілген сұрақтарға жауап бер. Сызба бойынша сұрақ ойластырып, достарыңнан сұра

- Неше оқушы математиканы сүйікті пәні ретінде атады? (5 оқушы)

- Неше оқушы жаратылыстануды сүйікті пәні ретінде атады? (4 оқушы)

- Неше оқушы математиканы да, жаратылыстануды да сүйікті пәні ретінді атады? (11 оқушы)

- Санжардың математиканы да, жаратылыстануды да жақсы көретіні рас па? (Жоқ, жалған)

- Диастың математиканы жақсы көретіні рас па? (Жоқ, жалған)

ҚБ: «Смайлик» арқылы бағалау


Ойлан! (Ж.Ж.) 3-тапсырма. Суреттегі жиындардың қиылысқан бөлігіндегі элементтерді ата. Жиындардың қиылысуына атау бер.

TextBox 1

5 10 8 16

15 25 45 20 40 24 12

35 30 28 4




5-ке 4-ке





ҚБ: Бағдаршам әдісі


(Т.Ж.) 4-тапсырма.

Оқушылар 4-тапсырманы топпен орындайды.

4-тапсырмада оқушылар жиындарды олардың сұлбалық кескіні бойынша таңдап алады. Оқушылар бұл тапсырманы өздерінің жиын туралы білімдеріне сүйене отырып, графикалық түрде орындайды. Тапсырма жиындардың қиылысуы туралы екендігін түсінген оқушылар қиылысатын екі дөңгелекті сызады. Екі тармақта да 4 адам барғандықтан, дөңгелектердің қиылысатын жеріне 4 цифрын жазады. Көрме залында 12 адам барғандықтан, ал оның 4-еуі белгіленгендіктен, бірінші шеңберге 8 цифрын жазып, төменіне тиісті қол қою керек. Музейге 18 адам барғандықтан, ал төртеуі белгіленіп қойылғандықтан, екінші шеңберге 14 цифрын жазып, белгілеу керек.

(Әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыну)

ҚБ:


Тақтамен жұмыс. 6-тапсырма. Есептерді шығар.

А) Маржан дүкеннен 8 теңгеден бетбелгі және 7 теңгеден күнтізбе сатып алды. Ал осындай 5 бетбелгі мен 4 күнтізбеге барлығы қанша теңге төлейді.

Талдау:

- Есепте не туралы айтылған? (Маржанның дүкеннен бетбелгі мен күнтізбе сатып алғаны туралы айтылған)

- Есепте не белгілі? (Бетбелгі мен күнтізбенің бағасы белгілі)

- Есептің сұрағы қандай? (5 бетбелгі мен 4 күнтізбеге барлығы қанша теңге төлейді?)

Берілгені:

Б етбелгі – 8 тг – 5дана

? тг

Күнтізбе – 7 тг – 4 дана


Шешуі: (5ˑ8)+(4ˑ7)=68(тг)

Жауабы: 5 бетбелгі мен 4 күнтізбеге барлығы 68 теңге төлейді


Ә) Санжар бумадағы бір рет қолданылатын стақандарды 345 теңгеге және 5 теңгеден 9 түтікше сатып алды. Ал Маржан 8 теңгеден 5 қасық, 250 теңгеге 1 бума майлық қағаз сатып алды. Олар екеуі бірге барлығы қанша теңге төледі?

Талдау:

- Есепте не туралы айтылған? (Балалардың дүкеннен сатып алған заттары туралы айтылған)

- Есепте не белгілі? (Санжардың стақандарды 345 теңгеге және 5 теңгеден 9 түтікше, ал Маржан 8 теңгеден 5 қасық, 250 теңгеге 1 бума майлық қағаз сатып алғандығы белгілі)

- Есептің сұрағы қандай? ( Олар екеуі бірге барлығы қанша теңге төледі?)

Берілгені:

С анжар –345 теңгеге стақан және 5 тг-ден 9 түтікше

? тг

Маржан – 250 теңгеге майлық және 8 тг-ден 5 қасық

Шешуі: 345+ (5·9)=390 (тг)

250+(8·5)=290 (тг)

390+290=680(тг)

Жауабы: барлығы 680 тг төледі

ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалау


(Ж.Ж.)7-тапсырма. Кестені пайдаланып, тура теңдік пен теңсіздік құрастыр.

321+129

328-258

160-90

150+40

240-50

53+367

98+102

900-450

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы

8-тапсырма. Дұрыс пікірді тап.

  1. Дөңгелектің ортақ бөлігінде көк немес кішкентай кеселер орналасқан

  2. Дөңгелектің ортақ бөлігінде көк және кішкентай кеселер орналасқан

  3. Дөңгелектің ортақ бөлігінде кішкентай көк кеселер орналасқан

ҚБ: «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,«Керемет!»

Оқулық























































А4 бет, маркер











































































Сабақтың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы: 69 бет, 5 тапсырма

Рефлексия.

«Аяқталмаған сөйлем»

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...



Таратпа материал


Іс-тәжірибе жетекшісі: Сентаева А.Б

Сынып жетекшісі: Ашкенова А.

Машықкер: Муканова А.Д

Баға:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2021
751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі