15 сабақ Сөйлем мүшелері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

15 сабақ Сөйлем мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
15 сабақ Сөйлем мүшелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ермухамбетова Жанар Закарьяновна

Пән/Сынып:

3-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-апта 15-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Сәулет өнері туралы не білемін?

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем мүшелері (Оқулық 97-99 беттер, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)

Оқу мақсаты:

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне

стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырату.

Бағалау критерийі:

Мұғалімнің көмегімен жіберілген қателерді табады.

Сөйлем мүшелері туралы түсінеді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір қазақ тілі пәні.


Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін суретті ребусты шешейік.

«Сөйлем мүшелері»

Бүгінгі оқу мақсатына негізделген сабақ мақсаты:мұғалімнің көмегімен жіберілген қателерді түзету;

сөйлем мүшелері туралы түсіну.




Пәнге қызығушылықты ояту.






Суретті ребусты шешеді.

Презентация № 1 бет




Презентация № 2 бет



8 минут

Жаңа сабақ

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тақырыбына қарап, мәтін мазмұнын болжа.

Сәулет деген не?

Бұрынғы заманда баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, кейінірек сазбалшықтан тұрғызылды.

Уақыт өте келе құрылыс салу ісі де өзгерді. Бай адамдар сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай сарайларды тұрғызу үшін шеберлік пен терең білім қажет болды.

Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар-ғибадатхана*, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.

Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет өнері деп атайды.

Сәулет өнері-адамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.


-Мәтін мазмұнынына тірек болатын сөздерді тап.

Өзіңді тексер!

Сәулет, баспана, ғимараттар, құрылыстар, сәулетші, өнер.

ҚБ: Жарайсыңдар!


-Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.

Дескрипторлар: мәтін мазмұны бойынша тірек сөздерді табады;

мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

ҚБ: Жарайсыңдар!

Жазылым.

-Сәулетші деген кім? Мәтін сөздерін пайдаланып жауап жазып көр.

Өзіңді тексер!

Тұрғын үй, зәулім ғимараттар, әртүрлі кешендердің құрылысын ойлап табатын адамды (маманды) сәулетші деп атайды.


2-тапсырма. Оқулық 97-бет. Сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қойып жаз.

Адамдар баспана салды баспаналар бір-біріне ұқсас болды кейін тұрғын үйден басқа да құрылыстар салына бастады.

Сөйлем туралы білетініңді еске түсір.

Дескриптор:тыныс белгілерін қойып, мәтінді қатесіз жазады.


Өзіңді тексер!

Адамдар баспана салды. Баспаналар бір-біріне ұқсас болды. Кейін тұрғын үйден басқа да құрылыстар салына бастады.

ҚБ: Дұрыс! Тамаша!


Сөйлем туралы білетініңді еске түсір.

Есіңде сақта!

*Сөйлемдегі сөздер мағыналық жағынан бір-бірімен байланыста болады.

*Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

*Сөйлемде бірінші сөз бас әріптен басталып жазылады.

*Сөйлем соңына не « .» , не «?», не «!» белгісі қойылады.

Алғашқы сөйлемде неше сөз бар? Осы сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қой.


Ереже!

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз: Оқушылар театрға барды. (кім? қайда? не істеді?

Мәтін мазмұнын түсіну.



















































Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне

стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.












Сөйлем туралы білімдерін тиянақтау.

Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздерді таба алады;

Мәтін мазмұныны қатысты сұрақтар қояды.














































Жіберілген қателерді табады.

Презентация № 3 бет



























Презентация № 4 бет









Презентация № 5 бет






Презентация № 6 бет









Презентация № 7 бет












Презентация № 8 бет








Презентация № 9 бет














Презентация № 10 бет

4 минут



Тақырыпты меңгеру машығы

3-тапсырма. Суретпен жұмыс.

Бәйтерек, Медеу мұз айдыны, Алатау суреттері.

-Суреттегі атауларды қатыстырып, сөйлемдер құра.

Құраған сөйлемдеріңде неше сөйлем мүшесі бар?

Оларға қандай сұрақтар қойдың?

Дескрипторлар:сурет бойынша сөйлемдер құрайды;

сөйлем мүшелерін сұрақтар қою арқылы анықтайды.


Өзіңді тексер!

Нұр-Сұлтан қаласының ортасында Бәйтерек мұнарасы орналасқан.

Балалар Медеу мұз айдынына барды.

Алматы қаласында әдемі ғимараттар салынған.

ҚБ: Тамаша!

Сөйлем мүшелерін пысықтау.

Сөйлем құрайды.

Сөйлем мүшелерін анықтайды.

Презентация № 11 бет














Презентация № 12 бет

2 минут



Бекіту

Мен не білдім?

-Сөйлем мүшелері туралы білдім.

-Сөйлемдерді жүйелі құрай алдым.

-Мұғалімнің көмегімен жіберілген қателерді түзедім.


Жеке тапсырма

Оқулықтағы 4-жаттығуды орындау.

Дескрипторлар:

Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертеді.

Мәтінді қатесіз көшіріп жазады.

Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін табады.


-Балалар, сабақ аяқталды. Сау болыңдар!








Тақырыпты бекіту.







Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертіп жазады.

Мәтінді қатесіз көшіре алады..

Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтайды.


Презентация № 13 бет






Презентация № 14 бет










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі