16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
16- желтоқсан ата бабамыздың қасық қаны қалғанша тәуелсіздігімізді алып бергені туралы оларға бас иу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Mақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Фанфар.

Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті 
Л –дейді лағып лепірме 
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі (4-3А сынып оқушылары)

Әнұран.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерексіне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

1-Жүргізуші. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:

Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Д.Нажмиттеноваға беріледі.

Ән. «Көк тудың желбірегені»


1-жүргізуші: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейкесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын – 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жас жайбарат еді, аңғал еді, алаңсыз еді

2-жүргізуші. Тарихта «Құйын-86» мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)

Саят: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Диана: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.
Еліңнің сен намысы үшін,
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңды.

Назира: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Гайдар: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.

2-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақ

1-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/тары.

2-жүргізуші: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

1-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.

2-жүргізуші. Сахнаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз! (4 А сынып оқушылар)

1-оқушы.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 

2-оқушы.

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

3-оқушы.

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын. 

4-оқушы

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

5-оқушы.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. 


1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтын өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!

2-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

Ән. «Желтоқсан желі» (5-6 сынып)

1-Жүргізуші: Аяз қысып ,төкті қыс та қаһарын
Сиретпеді жастар бірақ қатарын
Қайдан білсін милиция қорғаны 
Ұрып-соғып суық сумен атарын! 

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс («9 Сынып» оқушылары)

1-жүргізуші: Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны.
2-жүргізуші: Еліміздің рәміздері қашан қабылданды, авторлары кімдер, несімен ерекшеленеді? Міне, осы сұраққа бізге толығырақ Байзакова Айнұр жауап берсін.

Байзакова Айнұр: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек – қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
- Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасы:Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің туын биік ұстап, Мемлекетіміздің Рәміздерін әрқашан қадірлей білейік!Тәуелсіз еліміздің көк байрағы-көгімізде желбіреп, елтаңбасы шалықтап, әнұраны шарықтай берсін!

Келесі Ән шашуымызды қабыл алыңыздар. «Мен Қазақпын»

1-жүргізуші: Ендеше, ең басты тәуелсіздік жылдарынан кейінгі 10 жыл бойы жеткен жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп іл/

Ел шежіресі:

______________: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады.

_____________: 1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер: Ту, Әнұран, Елтаңба бекітілді.

_____________: 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
_____________: 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

_____________: 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

_____________: 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті.

_____________: 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген.

_____________: 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.

______________: 1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
______________2000 жыл - “Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.
______________2001 жылды Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы деп жариялады.

1-жүргізуші: Егеменді елмін бүгін,
Өзге елдермен тең жұлдызым.
Қазақстан – Тәуелсіз ел,
Сақтайтұғын ел бірлігін, - демекші өздеріңіз көріп отырғандай жас Қазақстанымыз 20 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Осы тәуелсіз елеміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екеніңізді естен шығармаңыздар.

2-Жүргізуші: Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған 
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын-демекші, Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Халқымның ар –намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.

Ән. Атамекен

1-2 жүргізуші. Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
1495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі