16 «Жаңа жылдық тарту»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

16 «Жаңа жылдық тарту»

Материал туралы қысқаша түсінік
16 «Жаңа жылдық тарту»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:


Бөлім:

ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ

Сынып жетекшінің аты-жөні

Муратбекова П.М.

Күні:

23.12.24ж

Сынып: 6 Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының  тақырыбы

16.«Жаңа жылдық тарту»

Мақсаты

Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау

Дәйексөзі

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






































Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың тақырыбын таныстыру.

Жаңа жыл – Жылын   жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлап сынып сағатымызды бастайық! Жаңа жыл — жаңа күнтізбелік жыл басталып, күнтізбенің жыл саны бірге өсетін күн не уақыт. Қазіргі уақытта ең таралған Григориан күнтізбесі бойынша ол мейрамды 1 қаңтарда атап өтеді.Басқа халықтар мен діндік топтар басқа күнтізбелерді қолданғандықтан, басқаларда жаңа жыл басқа күндерде өткізуі мүмкін. Қытай жаңа жылы, ислам жаңа жылы және еврей жаңа жылы оның жақсы мысалы болып табыл

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналадыады.

Сыныптан екі жүргізуші тағайындап, жаңа жылдық мерекені тізгіндейді.1-жүргізуші
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып

2-ші жүргізуші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Ары қарай түрлі ойындар өткізіледі.

йындар: 1) «Алдау»

2) «Кім шапшаң?»

Хоровод: 1). «Орманда шырша туыпты»

2) «Зырлайды шанамыз»

3) «Аппақ, аппақ, жапалақтап»

4)«Жаңа жыл»

Қажетті заттар: 1) Аяз ата қалтасына тәттілер

2) Құмыра, балық аулайтын ау

3) 2 батарея микрофонға

4) видео, фотоаппарат











Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Сұрақтарға жауап береді

Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.









Бағыттау сұрақтары



















































ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










https://get.microsoft.com/installer/download/9NKSQGP7F2NH?cid=website_cta_psi





Сабақтың ортасы

Қауіпсіздік сабағы

«Жаңа жыл — ең қызықты да маңызды мереке. Барлығымыз асыға күтіп, бір-бірімізге сыйлықтар дайындаймыз. Әрбір үйде мерекелік дастархан жайылады. Оған дайындық бүгіннен-ақ басталатыны белгілі. Мереке тойлау, әрине, қызықты жағдай. Алайда, сыйлық беретін кезде, дастархан жаю барысында және мерекенің басты шарасы болып табылатын пиротехникалық бұйымдарды сатып алу және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. мүмкін. Конфликтология ғылымы жанжалды жағдайлардағы адамдардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл ғылым тұрғысынан қақтығыстардағы мінез-құлықтың 4 стратегиясы бар: бейімделу, болдырмау, ынтымақтастық, бәсекелестік.

Бірінші кезекте, мереке жақындай бастағаннан бір-біріміз үшін сыйлық дайындайтынымыз белгілі. Сыйлықты сатып алар кезде қауіпсіздігіне бір сәт назар аудару қажет. Себебі, жақын адамыңызға сыйлық сыйлаймын деп денсаулығына қауіп төндіруіңіз әбден мүмкін.

Сыйлықтардан бөлек, мерекенің басты қағидасына айналған пиротехникалық заттар, яғни фейерверк, петард, жер үстіндегі от шашу және тағы да басқа түрлерін сатып алатынымыз белгілі. Бірақ барлық пиротехникалық бұйымдардан жарақат алу және өрт қаупі бар, оларды қолданғанда аса сақ болу қажет! Жарақаттың және өрттің көп бөлігі пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзу немесе сапасыз өнімдерді (жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бүліну іздері бар) пайдалану салдарынан орын алады.

Петардалар мен фейерверктерді ұшыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

қолдану алдында нұсқаулықты мұқият оқу;

білтені жағар алдында өнімнің қайдан жанатыны туралы элементтерді дәл білу (фейерверкті қалжыңдап көрермендерге қаратуға болмайды);

іске қосуға арналған алаң тегіс болуы тиіс, оның үстінде ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы тиіс. Сонымен қатар, ол тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта болуы тиіс.

зымырандар балкондарға жиі ұшатынын немесе пәтерлерге терезе әйнектерін тесіп өтіп, өрттің себебі болып табылатынын ескеру қажет;

жанып жатқан петардты адамдар мен жануарларға тастамау;

петарды балалардың іске қосуына жол бермеу;

жанып жатқан петардты қолда ұстамау;

петардты жабық көлемге: банкаға, шелек, бөтелкеге салмау;

петардты тек ашық ауада пайдалану;

жанып жатқан петардқа 5-10 м қашықтықта жақындамау;

петардты тек қаптамада сақтау және тасымалдау ;

жарылғыш отшашуларды қалтаға салмау;

петардты бөлшектемеу;

фейерверктерді алауда жақпау;

ешбір жағдайда пиротехниканың үстіне еңкейіп қарамау;

егер петарда жұмыс істемесе-білтені қайтадан тексермеу немесе күйдіруге тырыспау;

зымырандарды аулада, құдықтарда, пәтерлерде, үйлердің жанында және қоршалған шағын аумақтарда жібермеу (есіңізде болсын, әрбір нақты өнімді іске қосу орындары нұсқаулықта көрсетілуі тиіс);

фитиль күйдірілген соң, жерге салып, бұйымнан 5-6 метр қашықтыққа жылдам алыстап кету.

Айта кететін жағдай, фейерверктерді жою қажет болғанда, екі тәулікке дейінгі мерзімге суға салып қою қажет, осыдан кейін ғана оларды тұрмыстық қоқыспен тастауға болады.

Балалар оқиды, талқылайды.



Слайд





































Ақпараттық мәтін

Сабақ

тың соңы


Қорытынды. Жаңа жыл – әлемдегі ең үлкен және жарқын мейрамдардың бірі. Мейрам алды күндері қаланың барлығы құттықтау хабарламалары мен жылтыр ойыншықтармен безендіріледі. Жаңа жыл мерекесі мектеп оқушыларымыздың сүікті мерекелерінің бірі болып табылады


Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды.


Рефлексия








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі