16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН»
ЕРТЕҢГІЛІГІ
Мақсаты :
1. Білімділігі:
Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен
бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы
танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын
ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін
күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан
құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2.
Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес
қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде
адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру,
жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,
Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын
жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге
үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.
Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын
ояту.
Көрнекілігі:
1.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының
суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар
және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың
Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты
болсын!!!
Қошақан
ортаңғы тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат
етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға
кіреді.
Сәлемдесу
рәсімі
Армыcың, алтын күн,
Армыcың, Жер Ана,
Армысың, көк аспан,
Aрмысың қонақтар,
Армысың, достарым!
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай
мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік
мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай
қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің
отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға
берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың
мен астанаң.
-Біздің балаларымыз «Отан»
туралы мақал
-мәтелдер айтып берсін.
Айлин
Ердін көркі
елімен
Отан көркі
елімен.
Арай
Отан оттанда
ыстық.
Айша
Отансыз адам,ормансыз
бұлұл.
Тәрбиеші
сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының
туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол
жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова
сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына
жаттаған тақпақтарын тыңдайық.
Айсулу
Бабамның да
арманы
Осы еді гои
аңсаған
Тәуелсіздік
таңдары
Бақ береді
баршаға.
Алина
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым
Түсті бақыт
жолыма
Менің
қазақстаным.
Амир
Құтты болсын тауелсіздік
мерекесі
Мықты болсын елімнің
керегесі
Тату –тәтті боп ,халқымнын
әрқашан
Кетпесін туған жердің
берекесін.
Тәрбиеші: біздің балаларымыз
«алға
қазақстан» биін билеп
берсін.
Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып
беру
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Олай болса балалар, «Көк тудың желбірегені»
әнін бірге тамашалайық
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Тәрбиеші: Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі
тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып,
Қазақстанымыз гүлдене берсін!