16-желтоқсан -Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік күні
Тәрбие сағатының
мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға
еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға
деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге
білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін
қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық
педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін
көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір
айтуға, тұжырым жасатуға
үйрету.
Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ халқын «Ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды
атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар Қазақ тарихында
«Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті. 1916-шы жылы ұлт-азаттық
көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне
ұласты.
Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды.
Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен
қазақтар осы күні туған жеріне оралуда. 1937-38-ші жылдар
жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары,
арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов,
М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде
ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс
ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті
ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін
соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді. 1954-56-шы жылдар тың
игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты
әлемге әйгіленді. 1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл
оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ
ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып
кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б.
жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген
жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі
егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп
келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн
еді.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік
туралы) (2-минут).
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)
№3-ке: Ерлік пен бірлік-------------(егіз)
№4-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы)
Жаңбыр жауса-----------------(жер
ырысы)
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған
ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін
кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз.
Ән: «Қазағым»
Оқушы шығармашылығынан:
№1-Гүлшат: Қазақстан кең байтақ,
Туған өлкемсің!
Қазақстан тәуелсіз ел,
Байтақ жерімсің!
Егеменді елдің,
Мен бүгінгі ұрпағы.
№4-Мұхамедәлі: Сүйемін туған елімді,
Сүйемін байтақ жерімді.
Сүйемін Қазақ халқымды,
Сүйемін Отан анамды.
Қорытынды сөз.
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер
қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен
келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен
Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып,
қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін
алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен
жемісі.
Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан
Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де
сендер.
Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды
қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып,
Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп
әлемге әйгілі болуымыздың өзі –
осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса
тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп,
құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі -
сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана
Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас
болмақ.
«Шамалған
станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталықпен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«16-желтоқсан-Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні»
Сынып жетекші:
Жумабаева Ж.К