400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

16желтоқсан Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік

Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

«Әнұран»

Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің тамаша әнің қабыл алыңыздар.

Ән: «Тәуелсіздік тірегім»

Би: « ұлдарымыздың биі» қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Балаларың өлең шумақтарына кезек берейік.

Айнұр:

Егемендік-бұл елімнің елдігі,

Егемендік- барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік- елін,жеріе қорғаған,

Ербол мен Қайраттың ерлігі.

Ақбота:

Желтоқсаным –тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Мансур:

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Мерей:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Жанбота:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Рамазан:

Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні-бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжіреген күні-бұл.

Ару:

16 – желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел қуанып,

Шаттанып ән салған күн.

Нурислам:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- елтаңба.

Нұрайна:

Отан - деген ұлы ана

Отан деген ғұлама

Мен ғана емес атамда

Перзенті екен Отанға

Ақтілек:

Тәуелсіздік мәңгіліккесақталсың,

Алдымызда барлық үміт ақталсың.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсың.

Аңсағаным:

Жасасын азат ерлік күн,

Жасасын бейбіт елмен жер.

Бостандық алған қазақтың,

Мәртебесін көрсін ел.

Амангелді:

Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал.

Айдар:

Желбірей берсің әрқашан!

Біз болашақ нұрымыз,

Көкке самғап ұшамыз.

Радмир: Отан – дейміз от жаққан жерімізді

Отан – дейміз өсірген елімізді

Отан –дейміз туған жер атамекен

Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.

Би: «Астана»

Ән: Желтоқсан желі.

Осымен тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі