400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

17×5,84:4түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы 17×5,84:4түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5, 96:6, 75:15, 84:4 ауызша көбейту және бөлуді орындау. 3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. 3.2.1.3.көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану. 3.2.1.5.сандық өрнектерді салыстыру (3арифметикалық амалдан тұратын).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3А бөлім - Кестеден тыс көбейту және бөлу

Күні:16.01

Сынып: 3-сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Мусаева Айгул

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

17×5,84:4түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5, 96:6, 75:15, 84:4 ауызша көбейту және бөлуді орындау.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3.көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану.

3.2.1.5.сандық өрнектерді салыстыру (3арифметикалық амалдан тұратын).

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеде тыскөбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалыі санға айналдыруды б біледі.

Бірқатар оқушылар:

100 сан шегіндегі санды көбейтуді және бөлуді ауызша орындау кезінде санға қосындыны көбейту, көбейту мен бөлу амалдарын қамтитын ең қарапайым көбейтуді, түрдің күрделі құрылымы теңдеуін шешу, көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде беру және қолдануды үйренеді

Кейбір оқушылар:

Өз бетіменкөбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады.

Бағалау критерийлері

• екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру);

• рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану;

• бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару;

• қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту

Тілдік мақсаттар

Тілдік оқу мақсаты

• -Бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісі басқаша жазуға бола ма?

• -Осы өрнектің қысқаша жазбасы бар ма, қалай ойлайсыз?

• Көбейту қасиеттері не үшін ойлап табылды?

Неліктен екенін айта аласыз ба…?

• .....екі бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін квадрат деп атаған?

• ( үш бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін куб деп атаған?)

• .....көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу керек пе?

• (көбейтудің терімділік қасиеті?)

• .....көбейту қасиетін білу керек пе?

• ...... қалдық бөлгіштен аз болу керек пе?

• Қалай екенін айта аласыз ба…?

• .... қалдықпен бөлуді бір мәнді сан етіп орындау ма?

• .... 17•5 (96:6, 75:15, 84:4) мәнін ауызша көбейту (бөлу)

Пәндік лексика және терминология

• • сан деңгейі;

• санның квадраты;

• санның кубы;

• көбейтудің терімділік қасиеті;

• көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ондық құрамына негізделіп үш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау, үш таңбалысандарды қосу және алу алгоритмін, нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»

Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Белсендіру.

№1тапсырманы есептеп, қай сурет қандай бояумен салынғанын анықтайды. 11-ге көбейтуді балалар біледі. 11=10+1 қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, бұл ұқсас амалды орындауға болады.

Сонымен қатар қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қайталау да бағдарламаға енеді.

Ережелердің әріптік жазбасы тақтаға ілінеді.






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін алгоритм құру бойынша жұмыс жасайды.Бұл үшін №2 тапсырманың жазылуында түрлі түсті бағдарлар берілген.

17∙5=(10+7)∙5=10∙5+7∙5=50+35=85

Топ бойынша оқушыларға қадамдарды ретімен орындауға тапсырма беруге болады:

1. Санды разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Әрбір қосылғышты санға көбейт.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

Бұл сабақта тексеру жүргізудің қажеті жоқ, себебі кері амал әлі өтілмеген.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3 тапсырмада мысалдардың бір бөлігін түсінік бере отырып орындау керек.

Түсінік беру үшін үлгі-алгоритмді қолдануға болады:

Формативті бағалауға арналған дәптерден өздік жұмыс.

Түсіндіре отырып есептеу ұсынылады. Балаларға өзін- өзі тексеру үшін үлгі беріледі:

28∙4=(20+8)∙4=20∙4+8∙4=80+32=112

45∙9=(40+5)∙9=40∙9+5∙9=360+45=405

69:3=(60+9):3=60:3+9:3=20+3=23

77:7=(70+7):7=70:7+7:7=10+1=11

Жетістік критерийлері ұсынылады:

Мен:

  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындаймын.

Қосындыны бір таңбалы санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Жаңаны қолдану.

Сабаққа үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлу жағдайлары да енгізілген. Мұндай мысалдарды балалардың өздері сабақтың басында құрастырған алгоритм негізінде түсіндіріп бере алады. Тек ол кезде санды 2-ге жіктеген, ал енді 3 қосылғышқа жіктейді.

Осылай 963:3 түріндегі бөлу тәсілін балалар №2 тапсырмадан көрді, ал 204∙2, 242∙2, 408:2, 484:2 және №:6 (а) және 7(а) №:6 (ә) және7 (ә) тапсырмаларын шетінен орындауға болады.

Өткенмен жұмыс.

№4 тапсырма орындалу ретін анықтауға арналған.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Жетістік баспалдағы» кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?










Директордың оқу ісі бойынша орынбасары:___________________






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі