400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

17 саб әліппе.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
17 саб әліппе.docx
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Әліппе кезеңі

Мұғалімнің аты-жөні

Шеримова.Е

Күні:

18.09.2025ж

Сынып: 1«Ә»

Қатысушылар саны:15

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Л дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;

1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

  • заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолданады;

  • Л дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажыратады;

  • жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін көркем жазу талаптарына сай жазады

Құндылықтар

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» (Абай)


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» әдісі арқылы жүреді.


Өткен тақырыпқа шолу, жаңа сабаққа кіріспеде «Жұмбақ», «Бір әріптің ізімен» әдістері қолданылады.

1) Раушанда жоқ,
Лалада бар.

Ринатта жоқ,

Алматта бар.

Бұл қай дыбыс? (Л)

2) Селде бар,

Сеңде жоқ.

Желде бар,

Жерде жоқ. (Л)

3) Егер л-дан бастасаң – Лақ.

Ал алдына құ қойсаң, не болады? (Құлақ)

– Біз қай дыбыс туралы жұмбақ шештік?

-Ендеше л дыбысынан басталатын сөздер айтайық.

Лақ, лас, лала, ... тсс

-Ендеше бүгін л дыбысы мен әрпін үйренетін боламыз.

-Л әрпін қарындаштардан жасап көрсетіңдер. Сабақ тақырыбын таныстыру.

Сабақтың мақсатын хабарлау.




Тілек айтып, досына гүл сыйлайды.


Жұмбақ шешеді.



Л дыбысынан басталатын сөздер айтады.



«Ауызша мадақтау» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау


Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!


Бөліктерге бөлінген роботтар суреттері



Сабақтың ортасы


24 мин




































(Ұ) 1- тапсырмада «Алма жинаймыз» әдісі қолданылады.

Тыңдалым-айтылым

-Дыбыстың қандай түрлері болатын еді?

-Дауысты дыбысты дауыссыз дыбыстан қалай ажыратамыз?

-Л дыбысы дыбыстың қай түріне жатады? Неліктен?

- Лақ, ллл

Оқылым. Оқулықпен жұмыс.

-Сөздерді оқыңдар.

Ал, ала, алар.

Ара, арал, арала.

Суретті мәтінді оқыңдар.

Ала бұлт, Арал, алма ал. Арал, ара ал. Ағаш арала.

- Сызбаның көмегімен сөздерді буындап оқыту. Әр дыбысты бір-бірінен ажырату.

Ла, ли, ло, ле, лі, лы

Суреттердегі заттарды атаңдар. Сөздің сызба-моделіне сай келетін затты атаңдар.

Сергіту сәтінде «Қызыл раушан» әуеніне билеп сергиді

2-тапсырмада өздік жұмыс жүреді.

Жазылым

1. Партада дұрыс отырғызады.

2. Жазуға даярлауда бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамытатын жаттығулар жасатады.

3. Жазу:

- дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • тапсырмаларды орындау;

- өзін-өзі бағалау.

(Ұ) 3- тапсырмада «Сұрақ-жауап» әдісі қолданылады.

«Сөз тану» айдары бойынша берілген

тіркестің мәнін түсіндіру.

Ебқ оқушыға:

Берілген сызбаға сай сөздер айт

ЕҚБ оқушы:

4 дыбыстан тұратын сөздер ата.

ҚБ тапсырма:

Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап береді.

Дыбыстарды ажыратады, буындап оқиды.

















Жаттығу жасайды.


Партада дұрыс отырады.

Жаттығу жасайды.

Қалам, қарындашты дұрыс ұстайды.

Тапсырма орындайды.

Сөздің мағынасын тыңдайды.




Тапсырма орындайды, дәлелдейді.

Дескриптор:

Дыбыстарды ажыратады, сөзді буындап оқиды -«Керемет!».

Дыбыстарды ажыратады, сөзді буындап оқуда көмек қажет етеді-«Жақсы!».

Дыбыстарды ажыратуда, сөзді буындап оқуда қиналады-«Талпын!».







Дескриптор:

Тапсырмаларды дұрыс орындайды -«Керемет!».

Тапсырмаларды орындауда көмек қажет етеді -«Жақсы!».



Сызбаға сай сөздер атайды, 4 дыбыстан тұратын сөздер атайды, дәлелдей алады-«Керемет!».

Сызбаға сай сөздер атайды, 4 дыбыстан тұратын сөздер атауда, дәлелдеуде көмек қажет етеді -«Жақсы!».

«Әліппе» оқулығы

1 сынып 2021ж


Сюжетті сурет

20-бет




















№1 жазу дәптері










Үнтаспа, смартфон







Сабақтың соңы

6 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

-Бүгінгі сабақта өзіңнің әрекеттеріңнен не ұнады?

-Қай әрекетің өзіңе ұнамады?

-Келесі сабақта ол қайталанбауы үшін не істейтін боласың?

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын хабарлайды.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі