400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі " Семинар сабақ өткізіліп, іс- тәжірибе таратылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

Мектеп:

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Сағат саны: 2 сағат

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулов Е.К


Сынып: 7 Г


Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:20

Сабақ тақырыбы

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі


Зерттеу сұрағы

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты


  • 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

  • 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру


Тарихи концепт (фокус)

  • Себеп және салдар

Сабақтың мақсаты


Отаршылдыққа қарсыазаттықкүрестіңсебеп-салдарынанықтап, көтерілістің маңызын талдайды.Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді

Бағалау

критерийлері





Сыни ойлау мен талдау –1836-38жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, сипатын, мақсатын, барысын, нәтижесі мен тарихи маңызын талдайды;


Бағалау-Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар

Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған 1836-1838жж Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс туралы зерттеулерді талдайды (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Шағым-петиция, жазалаушы отряд, рапорт, буферлік аймақ

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебі...

Көтерілістің мақсаты...

Көтеріліс барысындағы басты оқиға...

Көтерілістің нәтижесі...

Көтерілістің жеңілу себебі.....

Исатай мен Махамбет көтерілісінің ерекшелігі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс,карта,фотосуреттер

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдың басындағыРесей империясының Қазақстанда жүргізгенотаршыл саясаты туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

1-сабақ


Қызығушылықты ояту




1-мин










3-мин





(Т)Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.

Көтеріліске қатысты топтардың (жазалаушылар, сұлтандар, шаруалар, старшындар) атаулары жазылған карточкалар бөлме қабырғасының әр жеріне ілінеді. Оқушылар қалаулары бойынша(топтар тапсырмаларықарапайымнан күрделілігіге орай,көтеріліске қарсы топтардан көтерілістің негізгі ұйымдастырушы топтары ара салмағына қарай берілген) өз деңгейлеріне сәйкестаңдаған карточка тұсына жиналып, топтасады.


Старшындар


Шаруалар


Сұлтандар


Жазалаушылар





(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

(М) «Сол жердемін деп елестетіңіз» тапсырмасы бойынша суретпен жұмыс жүргізіліп, оқушыларға төмендегі сұрақ қойылады:


  • Сіз нені көріп тұрсыз?

  • Сіз нені естіп тұрсыз?

  • Сіз нені иіскей аласыз?

  • Бүгін қандай тақырып болуы мүмкін?


Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.


М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннанкейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

Презентация


Топтар атауы жазылған карточка



https://www.youtube.com/watch?v=01zPtwV_-kI


немесе


https://my.mail.ru/music/songs/махамбет-мен-мен-едiм-7649262c26e218829e0068250dc02852


М.Өтемісұлы

«Мен, мен едім» термесі


Мағынаны тану


4мин






































8-мин
























4-мин

4-мин

4-мин

4-мин


























































6 мин







1 мин

(Б) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс

«Ұғымдардың мағынасын табайық»

Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері «шағым-петиция», «жазалаушы отряд», «рапорт») жазылған карточкалар ілініп,оларды белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастырып, берілген сөздердің мағынасын ашу сұралады. Сонан соң оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылап, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге мүмкіндігі бар.


Шағым-петиция-Билік орындарына, өкілдеріне арналғанұжымдық өтініш;

Жазалаушы отряд -Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері;

Рапорт- Есеп

Буферлік аймақ-екі мемлекет шекарасының ортасындағы нейтралды аймақ


Зерттеу мен талдау


(Т) 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс

«Ақпаратты талдайық»

Топтар мәтінде берілген ақпаратты Бөкей Ордасындағы әлеуметтік топтардың өкілі ретінде талдайды. Әр топ өз тақырыптарына қатысты мәтін мазмұнын оқып, мәселені талдап, зерттейді. Төрт топтың жұмысы бағаланады, олардың жасаған тұжырымдарына комментарий беріледі/ (Мәтінді оқу үшін әр топқа 8 минут, игерген ақпараттарын жариялау үшін 5 минут беріледі)


I-топ. «Шаруалар»

Көтеріліс себептері

1. Көтерілістің кезеңдерін және оның хронологиялық шеңберін анықтаңыз;

2. Көтеріліс болған аумақты картадан көрсетіңіз;

3.Көтерілістің себептерін атаңыз;

4. Қандай әлеуметтік топтың мүддесінің тапталғаны көз жеткізіңіз.


II- топ. «Старшындар»

Көтерілістің басталуы, алғашқы кезеңі

1. Көтерілістің басталуына түрткі болған оқиғаны атап, сипаттаңыз;

2.Көтерілістің сипаты мен мақсатын анықтаңыз;

3. Тарихи оқиға тұсындағы тұлғаларды атаңыз, осы оқиғада ол тұлға қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз;

4.Көтерілістің барысындағы басты оқиғаларды талдаңыз.


III- топ. «Сұлтандар»

Көтерілістің шешуші кезеңі

1.Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін анықтаңыз;

2.Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының басшыларын анықтаңыз;

3.Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетіңіз;

4.Көтерілісшілер мен хан жасақтары, жазалаушылар арасындағы болған шайқасты әңгімелеңіз


IV- топ. «Жазалаушылар»

Көтеріліс нәтижесі

1.Көтерілістің нәтижелерін анықтаңыз;

2.Көтерілістің жеңілу себептерін атаңыз;

3.Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын түсіндіріңіз;

4.Көтеріліс барысындағы басты тұлғалардың тағдыры туралы әңгімелеңіз;

5.Көтерілістің тарихи маңызын бағалаңыз.


Бағалау критерийі:

Сыни ойлау мен талдау –1836-38жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, мақсатын, барысын, нәтижесі мен тарихи маңызын талдайды;


Дескрипторы:

1-топ.Көтерілістің кезеңдерін мен хронологиялық шеңберін дұрыс анықтайды. Көтеріліс болған аумақты картадан дұрыс көрсетеді.Көтерілістің кемінде 2-себебін анықтайды.Халықтың мүддесінің тапталғаның кемінде 2-мысал келтіру арқылы дәлелдейді;

2-топ. Көтерілістің басталуына түрткі болған 1оқиғаны атап, сипаттайды.Көтерілістің мақсатын анықтайды.Тарихи оқиға тұсындағы кемінде 2тұлғаны атайды, 1 тұлғаның оқиғада қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді.Көтерілістің барысындағы кемінде 1басты оқиғаларды талдаңыз;

  • 3-топ.Көтерілістің үдеуінің 1 өзгеріске әкелгенін анықтайды.Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарыныңкемінде 1 басшысын атайды.Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетеді.Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы болған1 шайқасты әңгімелейді;

4-топ. Көтерілістің кемінде 1 нәтижелерін анықтайды.Көтерілістің кемінде 1 жеңілу себептері атайды.

Көтерілісшілердің түпкі мақсатының орындалмауыныңкемінде 1 себебін түсіндіреді. Көтеріліс барысындағы кемінде 1 басты тұлғаның тағдыры туралы әңгімелейді.Көтерілістің кемінде 1 тарихи маңызын бағалайды.


Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы.. «Смайлик сыйлау»


Интерпретация.

Мұғалімоқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» деген проблемалық сұрақ қойғаны жөн.Оқушылардан толық жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.


(Т) 2-тапсырма.«Ыстық отырғыш»

Әр топқа Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» тақырыбында рольдік ойын ұйымдастыруға болады. Әрбір топтан бір оқушы мәселен, «Мен Исатайды қолдап, қолыма қару алуымның себебі......» деген тірек сөйлемдер негізінде Махамбет ақын-батырдың кейпіне еніп, өз тобының ойын жеткізеді. Тапсырма орындалып болғаннан кейін, тұлға роліне енген оқушыларға кері байланыс беріледі.


Дескрипторы:

-Қос батырды біріктірген ортақ мақсаттың кемінде 1-іне мысал беру;

-Қос батыр туралы өзіндік 1 пікір ұсыну.


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Смайлик сыйлау»



Қосымша-1Карточкалар



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)


3-том. – Алматы, 2010.

Қабылдинов З.Е.


8 сынып. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Атамұра, 2012.









Атамұра, 2012.

Қазақтардың (1836-1838) хал-азат жж қозғалысы = Народно-освободительное движение казахов годах Құжаттар, материалдар, мақалалар / ҚР ҒА.- А-А "Ғылым", 1992.- http://www.nlrk.kz/data11/result/ebook_220/index.html






Қосымша-2

Карта




Қосымша-3

Таратпа- мәтіндер































































Көмекші сөз жазылған парақша немесе слаидқа жазып қою


Ой-толғау





1 мин








Рефлексия.

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген оқушылар өз стикерлерін жасыл түстің тұсына «Мен орташа түсіндім» деген оқушылар сары түстің тұсына, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген оқушылар қызыл түстің тұсына стикерлерінжапсырады.

Үлгі:

Кері байланыс.

«Бағдаршам» әдісі.

-Мен барлығын түсіндім

-Мен орташа түсіндім

-Ешнәрсе түсінбедім














Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?





Сабақты талдау

Күні Мұғалімнің аты-жөні: СмагуловЕ.К.

Сынып:7Г барлық оқушы 21/қатысушы:20

Сабақтың тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Көрнекілік/АКТ,Қазақстан Республикасының картасы, үлестірме материалдар.

Санитарлық жағдай: таза,жарық.

Сабақтың формасы мен қолданылған әдіс-тәсілдерді талдау


Қорытынды мен ұсыныстар: Бүгінгі сабақта сыныптың психологиялық ахуалы жақсы, оқушылардың сабаққа белсенділігін,жаңа талаптарға сай оқытудағы жаңа тәсілдерді,оқушының өзін бақылауы мен өзара бақылауын жетілдіру,оқушылардың сабақта сөйлеу қабілетінің көрінісін арттыру керек.Оқушылар үй тапсырмасына нашар дайындалып келген.Үй тапсырмасы бойынша жұмыс істеу жоспарланды.Топқа карточка арқылы бөлу өте қызықты жүргізілді.Оқушылар көтерілістің себептерін жылдап анықтай алды. «Ұғымдардың мағынасын табайық» тапсырмасында оқушылар көп қателесулер жіберді.Уақыт тығыз болуына қарамастан өзім түсіндіріп өтуге тура келді.Картамен жақсы жұмыс жасай алғанымен тақырыпты толып талдай алмады.Оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға көбірек дағдыландыру керек екендігі анықталды.Топ мүшелері бірін бірі смайликтер арқылы бағалап өтті.

Сабақ барысындағы жұптық, топтық жұмыстарға жақсы талап қойылды.Оқушының ой еркіндігі жоғары деңгейде болды. Сыни тұрғысынан ойлауға жақсы тапсырмалар ұйымдастырылған. Сабақтың мақсатқа жетуі,сабақ тиімділігі нәтижелі болды.



































Шығыс Қазақстан облысы Аягоз ауданы

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ














Ашық сабақ тақырыбы:

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі























2020-2021 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі