400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниежүзі тарихы

Ұмж бөлімі: 7-бөлім Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

Мектеп: № 1 орта мектеп

Сынып: 8

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Демеева.А.Б

Сабақ тақырыбы

1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;

7.2.3.3 - К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру;

7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

Сабақ мақсаттары

1848-49 жылдары Еуропадағы революция кезінде буржуазияның рөлін анықтау үшін революцияның себептерін және нәтижелерін анықтау

Бағалау критерийлері


  • Жұпта терминдерді түсіндіреді;

  • Топта оқушылар революцияны қалыптастырған факторларды «Mine map» сызбасында талдайды;

Тарихи концепт

себеп-салдар

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Оң қанат, сол қанат, консерватизм, демократия, жалпы ер адамдардың сайлау құқығы,либерализм, басылым еркіндігі,

дін бостандығы,бірлестіктер бостандығы, тәуелсіз сот, ұлтшылдық, ұлттық мемлекет, социализм, конфедерация, әлеуметтік теңсіздік

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Мемлекеттік әнұрандардың мәтіндеріне пікір беру үшін қолданылатын сұрақтар:

Мына жол .. қандай оқиғаларды суреттейді?

Неліктен сіз осы сөзді таңдадыңыз?

Неліктен сіздің тобыңыз мемлекеттік әнұранына енгізу үшін келесіні ... таңдады?

Құндылықтарды дарыту



- патриотизм;- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

Пәнаралық байланыстар

География (Еуропа мемлекеттерінің географиялық жағдайы тақырыптары бойынша)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім


Оқушылар Англия империясы мен Еуропа мемлекеттерінің отаршылдық экспансиясы тақырыбы бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Люф-Филипп Гаргантюа ұлттық байлықты жеуде. Карикатура О. Домье Суретте не бейнеленген? Осы карикатураны талдай отырып, немесе бейнематериалды көру арқылы сабақ тақырыбын анықтау

Сабақ мақсаттарын және бағалау критерийлерін анықтау

Бейнематериал: 1848 ж.

Франциядағы революция

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі





















Топтық жұмыс түрі


Ж. №1 тапсырма Қабілетті оқушылар үшін терминмен жұмыс тапсырмасын күрделендіру

  • Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгіле.Берілген терминді 5 сөзге дейін қысқарт.Терминдер арасындағы 5 өзара тәуелділікті қалыптастыр.

  • Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңда.

  • Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықта

Демократия Либерализм Национализм Республикандықтар Социализм

Дескрипторлар:

  • Демократия, либерализм, национализм, республикандықтар, социализм терминдердің мағынасын анықтауда 5 кілтті сөзді белгілейді;

  • Берілген терминді 5 сөзге дейін қысқартады;

  • Терминдер арасындағы 5 өзара тәуелділікті қалыптастырады;

  • Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңдайды;

  • Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықтайды;

№2 тапсырма Оқушыларды топтарға (Франция, Италия, Германия және Венгрия.) бөлу. 1848 жылы болған револоцияларды көрсете отырып Еуропаның картасың көрсету.

1848-49 жылдары Еуропадағы революция себептерін анықтау үшін «Mine map» ментальды картасын құру.

Қарастырылатын бағыттар: Әлеуметтік фактор

  • Саяси фактор Экономикалық фактор

Бағалау критерийлері:3 сала бойынша ақпараттарды толық жазуы;

  • Спикердің баяндау шеберлігі;Постерді шығармашылық тұрғыда безендіруі;Уақытты тиімді пайдалануы; Жұмысты жариялау

/«Карусель» әдісі арқылы/

Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.

Әр топ мүшелері топтардан жинаған ақпараттарын дәптерлеріне кесте түрінде орындайды.

Мемлекеттер

Саяси фактор

Экономикалық фактор

Әлеуметтік фактор

Германия




Франция




Венгрия




Италия




Дескрипторлар:

Топта оқушылар : Революцияны қалыптастырған саяси факторды «Mine map» сызбасында талдайды; Революцияны қалыптастырған экономикалық факторды «Mine map» сызбасында талдайды; Революцияны қалыптастырған әлеуметтік факторды «Mine map» сызбасында талдайды;

Презентация

Қосымша 1


Сабақ соңы

Рефлексия:

Не білдім? Не үйрендім? Сұрағым бар.

презентация



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Тексерілді:


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. Әсіресе топтық жұмыста оқушылар деңгейіне қарай тапсырмалады орындау барысында топтық деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
12612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі