Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№18 "Ақжарқындылық және оптимизм"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом
Мерзімі: 18.01.2019 жыл
Мұғалім: Г.Абуева
Сыныбы: 3 «а,ә,б,в» Оқушы саны: 18-24
№18 Тақырыбы: Ақжарқындылық пен оптимизм
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Мейірімділік, ақжарқындылық, оптимизм
Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі ақжарқындылық және оптимизмнің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушыларды, ақжарқындылық, оптимизм ұғымдарын түсіндіру арқылы , ақжарқындылық қасиетіне түсінік беру; - Оқушыларға айналадағы адамдармен ашық, жарқын қарым қатынас жасау дағдыларына мейірімділік қасиеті арқылы үйрету; -оқушыны мейірімділікке, , ақжарқындылық, оптимист болуға тәрбиелеу |
Ресурстар Оқулық ,дәптер |
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі 5 «Т» ережесін еске түсіру Тыныштық сәті: Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру: «Күн мен бұлт» әңгімесі 79 бет Дәйексөз «Адам – өз өмірінің суретшісі» Баубек Бұлқышев 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын. Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? Мұғалім сыйы. Жақсылық пен Жамандық Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:– Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, – десе, Жамандық:– Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, – дейді.Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:– Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, – дейді.Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:– Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, – дейді.Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол: – Әй, адам - ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып:–Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,–деп батасын береді.Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.Сұрақтар: Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылған? Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай құндылықтар адамды жақсылық жасауға ұмтылдырады? Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? Барлық адамның қолынан жақсылық жасау келе ме? Әңгімелеп беріңдер. Шығармашылық жұмыс. 4 Тапсыпма Көрнекті адамдардың айтқан пікірлерін оқыңдар. 5 Тапсырма Сабақта меңгергендіріңді баспалдақтағы сөздердің тұсына қорытындылап жазыңдар. 6 Тапсырма Мәтінді оқып мұндағы адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар. Жаңаны білеміз Оптимизм бұл дүниедегі үміт көзімен, сеніммен қарау дегенді білдіреді. Оптимист адам өміріндегі алуан түрлі құбылыстарға жақсылық көзімен қарап, жағымды қабылдай алады. Ол - болашаққа мейірімділіксезіммен ұмтылатын жан. Жағымды ойлар мен өмірге деген оптимисттік көзқақарас басқа адамдармен жақсы қарым- қатынас орнатудың, табысқа жетудің көзі болып табылады. Топпен ән айту: «Дос болайық, бәріміз!» Сөзін жазған: Хасенхан Талғаров Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Үй тапсырмасы. «Жарты құрт» әңгімесі 85 бет Сабақтың қорытынды минуты Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар. Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет , Дұрыс әрекет бар жерде Дұрыс әрекет , Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева