18. Буллингтен қорған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

18. Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
18. Буллингтен қорған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Буллингтен қорған

Күні

20.01.2025 ж.

Сынып жетекші:

Муратбекова П.М.

Сынып: 6 Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

18.«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Қауіпсіздік мақсаты

интернеттегі жас шектеулерінің маңыздылығын және оның балалардың қауіпсіздігіне әсерін түсіну.

Қауіпсіздік міндеті

1. Жас шектеулерінің не екенін және олардың не үшін бар екенін түсіндіру.

2. Балаларды интернеттегі жас шектеулерін тануға және сақтауға үйрету.

3.Жас шектеулерін бұзуға байланысты қауіптердің мысалдарын қарастыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Тәртіп – тәрбие бастауы!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер

















Сабақ басы (13 мин)












Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшедежұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.

Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.

Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.

Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.


Презентация


Ортасы (20 мин)


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».


Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).


«Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)


Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.


Презентация


Қауіпсіздік сабағы 10 мин

1. Кіріспе (2 минутқа дейін): талқылау, жас шектеулері және олар қайда қолданылады. Танымал сайттар мен қосымшалардағы жас шектеулерінің мысалдары (презентацияда). Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға қарым-қатынас пен даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Мектеп оқушыларына сынып сағатының ұсынылған тақырыбының өзектілігін көрсетуге бағытталған балалар сауалнамасы: интернетті күнделікті қолданатындар қолдарыңызды көтеріңіздер; әлеуметтік желілерде тіркелген балалар қолымызды көтереміз; интернетте өздері туралы ақпарат қалдырған адамдар қолымызды көтереміз, мысалы: аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, фотосуреттер және т.б.


2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) - Жас шектеулерін енгізу себептерін талқылау (қажетсіз мазмұннан қорғау, жеке қауіпсіздікті сақтау). - Жас шектеулерін бұзудың жағымсыз салдарының мысалдары (кибербуллинг, орынсыз контентті қарау). Педагог балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай жағдайларға тап болдыңыздар ма және қалай әрекет еттіңіздер? ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! 1. Ең алдымен, интернеттегі өзіңіз туралы ақпарат көлемін шектеу керек. !!! Артық фотосуреттерді, бейнелерді, мекенжайларды, телефон нөмірлерін, туған күн, туыстар мен жақындар туралы мәліметтерді жойыңыз.

https://www.youtube.com/watch?si=k3hCv2yT-jLKGDfR&v=9-2FDWjemLY&feature=youtu.be


Соңы






Қорытынды Сабақты қорытындылау Карточкалар 1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады? 2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады? Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер.

«Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

Елде бейбітшілік орнасын.

Данышпандардың саны көбейе берсін.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

Экономикамызөрге  бассын.




презентация




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі