9 сынып №19
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Нефронның құрылысы және
қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция
және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері
фильтрацияның себептері. §18.Нефронның құрлысы мен
қызметі.
(Сабақ тақырыбы)
|
Бөлім: |
«Бөліп шығару» |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: 9 «а,ә,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері. §18.Нефронның құрлысы мен қызметі. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.1.5.1- нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау; 9.1.5.2 -фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау; |
|
Сабақтың мақсаты: |
нефронның құрылысы мен қызметін және фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттайды; |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Бос орындарды толтырыңыз: 1.Бұлшықет қажуы __ жаттығулар кезінде пайда болады. 2.Аэробты тыныс алу __ қатысуымен жүреді. 3.Анаэробты тыныс алу процесі __ жүреді. 4.Бұлшықет жұмысы кезінде __ және __ тыныс алу үдерістері маңызды. 5.Ұзақ уақыт бойы жаттығу жасағанда, бұлшықеттерде __ жиналады. Кілт сөздер: оттегісіз, физикалық, аэробты, сүт қышқылы, оттегінің, анаэробты |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Бос орындарға тиісті кілт сөздерді жазады. Жауабы: Бос орындарды толтырыңыз: 1.физикалық 2.оттегінің 3.оттегісіз 4.аэробты, анаэробты 5.сүт қышқылы |
Дескриптор: - Бос орындарға тиісті кілт сөздерді жазады -3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
|
Оқушылардың назарын аудару |
«Қызықты деректер мен оқиғалар» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
|
Сабақтың мақсатын таныстыру |

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |

Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: нефронның құрылысы мен қызметін және фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттайды; Практикалық дағдылар: Нефронның ультрафильтрация және реабсорбция процестерінің маңыздылығын топта/жұпта талдайды; Функционалдық сауаттылық: Нефронның ультрафильтрация және реабсорбция процестерінің маңыздылығын түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |

Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. Вордвоол ойыны. «Ойнайық та, түсінейік!» |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б Дескриптор: - әр дұрыс жауапқа – 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация Сурет, кесте https://wordwall.net/ru/resource/80442684
https://wordwall.net/ru/resource/80701307
|
|
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - бейнефильмнен өз түсінгенін сипаттайды -1 балл; |
Интерактивті панель бейнефильм https://www.youtube.com/watch?v=gdGB9Wb6N5k https://drive.google.com/file/d/1yvFkm-I2x5v8AzxW6pNNg5xumgCEMMKH/view?usp=drive_link |
|
Практикалық тапсырмалар беру |
Топтық/жұптық жұмыс. Нефрон және фильтрация туралы білеміз бе? 1-топ/жұп. «Нефрон» 2-топ/жұп. «Ультрасүзу» 3-топ/жұп. «Абсорбция» 4-топ/жұп. «Реабсорбция» a. анықтама беру; b. қасиетін жазу; c. құрлысын/құрамын анықтау; d. қызметін сипаттау; |
Оқушылар топта Фрейер модельіне арналған тапсырманы орындайды. |
Топтық жұмысты бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж Үлестірме парақтар А4, А5 формат қағаздары, маркер, стикер |
|
Бағалау |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
|
Кері байланыс беру |
Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Кері байланыс: «Өте жақсы!» «Жақсы!» «Талпын!» |
Интерактивті панель Презентация Білгенім..... Білдім..... Білгім келеді.... |
|
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. §19.Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар. |
Берілген тақырып бойынша тірек сызба жасайды. |

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Қызықты деректер мен оқиғалар»
Адамның күніне өндіретін несеп мөлшері: Адам күніне шамамен 180 литр алғашқы несеп өндіреді, бірақ оның 99%-ы реабсорбция арқылы қайта сіңіріледі, сондықтан соңында тек 1,5–2 литр соңғы несеп шығарылады.
Оқушыға беретін мәтін
Бүйректер: сүзгілер және несеп өндіру
Адам денесінің екі маңызды мүшесі бар, оларды бүйректер деп атайды және олар жалпы денсаулығымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Бүйректер қан ағымынан қалдық заттар мен артық заттарды сүзіп, несеп өндіреді. Бүйректердің құрылысы мен қызметтеріне жақынырақ танысайық.
Нефрондардың құрылысы
Бүйректің функционалдық бірлігі нефрон деп аталады.
Әр бүйректе шамамен 1 миллион
нефрон бар, олар сүзу және несеп өндіру процестерін орындайды.
Нефрон бірнеше негізгі бөліктерден тұрады:
-
Гломерул: Бұл қан тамырларының кішкентай тобы, онда сүзу процесі басталады. Гломерул сүзгі қызметін атқарып, кейбір заттардың өтуіне рұқсат етеді, ал басқаларын қанда қалдырады.
-
Боуменнің капсуласы: Бұл гломерулды қоршаған табақша тәрізді құрылым, ол сүзілген заттарды жинайды.
-
Бүйрек түтігі: Боуменнің капсуласынан жинақтау түтігіне дейін созылған, бұралған түтік. Сүзілген заттар бүйрек түтігі арқылы өткен кезде, сұйықтық құрамы одан әрі жетілдіріледі.
-
Жинақтау түтігі: Бұл нефронның соңғы бөлігі, онда тазартылған сұйықтық, яғни несеп, жиналып, қуық арқылы сыртқа шығарылады.
Сүзу және несеп өндіру
процестері
Бүйректер қанды сүзіп, несеп өндіру үшін күрделі процестерді жүзеге
асырады:
-
Сүзу: Гломерул қанды сүзеді, су, глюкоза және қалдық заттар сияқты кішкентай молекулалардың өтуіне рұқсат етеді, ал ақуыздар мен қан жасушалары сияқты үлкен молекулалар қалдырылады.
-
Қайта сіңіру: Сүзілген сұйықтық бүйрек түтігі арқылы өткен кезде, бүйректер пайдалы заттарды, мысалы, суды, глюкозаны және амин қышқылдарын қайта қанға сіңіреді.
-
Бөліну: Бүйректер сондай-ақ сутегі иондары мен дәрі-дәрмектер сияқты кейбір заттарды несепке бөліп шығарады.
-
Несеп түзілу: Осы процестердің соңғы өнімі - несеп, ол қалдық заттардың, артық судың және денеге қажет емес басқа заттардың қоспасы. Несеп қуықта сақталып, сосын денеден шығарылады.
Қанды сүзу және несеп өндіру қабілеті бүйректердің сұйықтықтар, электролиттер және қалдық заттардың денедегі нәзік тепе-теңдігін сақтау үшін өте маңызды. Нефрондардың құрылысы мен қызметін түсіну арқылы біз осы маңызды мүшелердің күрделі құрылымы мен маңыздылығын бағалай аламыз.
• Нефрон – адам және басқа омыртқалылардың құрылымдық әрі қызметтік бірлігі
• Нефрон құрылысы: Капсула, Ирек бүйрек өзекшесі
• Нефронның кеңейтілген бөлігі: Капсула
• Капиллярлар шумағын қамтитын нефрон бөлігі: Капсула
• Нефроны Ұзын ирек өзектен тұратындар: Сүтқоректілер мен Адамда
• Нефрон қабырғасы түзіледі: Ерекше эпителий жасушаларының 1 қабатынан
• Нефрон қабырғасының басты қызметі: Қан тазарту
• Бірінші реттік зәр түзілу үдерісі: Ультрасүзілу не Жай сүзілу
• Қанның сұйық бөлігі – плазманың капиллярлар шумағынан капсулаға түсуі: Ультрасүзілу
• Бірінші реттік зәр түзілуде капсулаға өтпейді:
➢ Қан жасушалары
➢ Плазма нәруыздары
• Плазма нәруыздары: Фибриноген, альбумин, антидене
• Бірінші реттік зәр түзілуде капсулаға өтеді:
➢ Глюкоза
➢ Тұздар – NaCl
➢ Иондар
➢ Несепнәр
➢ Дәрумендер
• Сүзу үдерісі жүретін басты себеп: Шумақ капиллярларындағы жоғары Қысым
• Ультрасүзілуді қамтамасыз етеді:
➢ Жоғары гидростатикалық қысым;
➢ Зарядталған бөлшектердің әртүрлі потенциялы;
➢ Мембранада болатын беттік құрылымдар
• Абсорбция – қандай да бір зат молекулаларының белгілі бір шегарада жинақталуы
• Ирек өзекке түскен молекуларлардың қанға бармай тұрып шоғырлануы: Нефрон ішіндегі абсорбция
• Кері сіңіру үдерісі: Реабсорбция
• Қанға түскен заттарды кері қайтару: Реабсорбция
• Екінші реттік зәр түзілу: Реабсорбция
• Ең алдымен қанға кері қайтарылады: Су мен Глюкоза
• Бірінші реттік зәр түзілмейді: Жай сүзулі болмаса
• Адам ағзасы сұйықтық пен пайдалы заттарды жоғалтып, сусызданады: Кері сүзілу болмаса
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.
«Бүйректің сыртқы құрлысымен таныстыру»

«Бүйректің ішкі құрлысымен таныстыру»

«Нефрон құрлысымен таныстыру»

«Нефронда болатын үдеріспен таныстыру»

Топтық/жұптық жұмыс.
1-топ/жұп дескрипторы:
-нефрон құрлысына анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;
- нефронның құрылысын анықтайды және қызметін сипаттайды – 2 балл;
2-топ/жұп дескрипторы:
-ультрасүзуге анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;
- ультрасүзудің құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 2 балл;
3-топ/жұп дескрипторы:
-абсорбция үдерісіне анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;
- абсорбция үдерісінің құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 2 балл;
4-топ/жұп дескрипторы:
-реабсорбция үдерісіне анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;
- реабсорбция үдерісінің құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 2 балл;

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы_________
Тапсырма: Нефронның ультрафильтрация және реабсорбция процестерінің маңыздылығын түсіндіріңіз. Бұл процестердің қандай бұзылулары адам денсаулығына қауіп төндіреді?
Жауап үлгісі: Нефронның ультрафильтрация процесі организмнен артық сұйықтықты және зиянды заттарды шығарып, су-электролиттік теңгерімді сақтайды. Егер бұл процесс бұзылса, несептің түзілуі тоқтап, организмде уытты заттар жиналуы мүмкін.
Тест тапсырмалары
-
Қай құрылым несептің бастапқы сүзілуін қамтамасыз етеді?
-
а) Генле ілмегі
-
б) Боумен капсуласы
-
в) Жинақтаушы түтік
-
Дұрыс жауап: б) Боумен капсуласы
-
Реабсорбция процесі қай бөлімде ең белсенді жүреді?
-
а) Генле ілмегі
-
б) Проксимальды түтікше
-
в) Дистальды түтікше
-
Дұрыс жауап: б) Проксимальды түтікше
Кестелік талдау.
|
Процесс |
Орналасқан жері |
Қызметі |
|
Ультрафильтрация |
Боумен капсуласы |
Қаннан бастапқы несеп түзу |
|
Абсорбция |
Проксимальды түтікше |
Судың және еріген заттардың сіңуі |
|
Таңдамалы реабсорбция |
Дистальды түтікше |
Заттардың қажеттілікке байланысты сіңуі |
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Нефрон құрылымы және зәр түзілу үдерісі
Нефрон - бүйректің негізгі функционалдық бірлігі. Ол қан сүзгісі ретінде қызмет етеді, артық су мен қалдық заттарды қаннан шығарып, зәр түзеді. Нефронның құрылымы мен қызметі күрделі, бірақ маңызды. Фильтрация, реабсорбция және секреция үдерістері арқылы зәр түзіледі.
Бос орындарды толтырыңыз:
-
Нефрон __ негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
-
Боуман капсуласы мен қан капиллярлары __ түзеді.
-
Зәр түзілу үдерісінің бірінші кезеңі __ деп аталады.
-
Проксимальды түтікшеде __ үдерісі жүреді.
-
Дистальды түтікшеде __ үдерісі жүреді.
Кілт сөздер: бүйректің, реабсорбция, секреция, гломерула, фильтрация
Бірнеше таңдау сұрақтары: Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
-
Нефронның қай бөлігінде фильтрация жүреді?
a) Проксимальды түтікшеде
b) Генле ілмегінде
c) Гломерулада
d) Дистальды түтікшеде -
Зәр түзілу үдерісінің қай кезеңінде пайдалы заттар қанға қайта сіңіріледі?
a) Фильтрация
b) Реабсорбция
c) Секреция
d) Концентрация -
Нефронның қай бөлігі U-тәрізді пішінге ие?
a) Боуман капсуласы
b) Проксимальды түтікше
c) Генле ілмегі
d) Дистальды түтікше -
Қандай зат нефрон арқылы толығымен сүзіліп, қайта сіңірілмейді?
a) Глюкоза
b) Несепнәр
c) Су
d) Натрий иондары -
Зәр түзілу үдерісінің соңғы кезеңі қалай аталады?
a) Фильтрация
b) Реабсорбция
c) Секреция
d) Концентрация
Ашық сұрақтар: Келесі сұрақтарға толық сөйлемдермен жауап беріңіз:
-
Нефронның негізгі құрылымдық бөліктерін атаңыз және олардың қызметтерін қысқаша сипаттаңыз.
![]()
![]()
![]()
-
Фильтрация үдерісін түсіндіріңіз. Ол қайда және қалай жүреді?
![]()
![]()
![]()
-
Зәр түзілу үдерісінің үш негізгі кезеңін атаңыз және әрқайсысының маңыздылығын түсіндіріңіз.
![]()
![]()
![]()
Жауаптар кілті:
Бос орындарды толтырыңыз:
-
бүйректің
-
гломерула
-
фильтрация
-
реабсорбция
-
секреция
Бірнеше таңдау сұрақтары:
-
c) Гломерулада
-
b) Реабсорбция
-
c) Генле ілмегі
-
b) Несепнәр
-
c) Секреция
Ашық сұрақтар:
-
Нефронның негізгі құрылымдық бөліктері:
-
Боуман капсуласы: қан сүзгісі ретінде қызмет етеді
-
Проксимальды түтікше: реабсорбция жүреді
-
Генле ілмегі: су мен иондардың реабсорбциясы жүреді
-
Дистальды түтікше: секреция және реабсорбция жүреді
-
Жинақтаушы түтікше: зәрді концентрациялайды
-
-
Фильтрация - бұл зәр түзілу үдерісінің бірінші кезеңі. Ол гломерулада жүреді. Қан қысымының әсерінен су және кіші молекулалар Боуман капсуласына өтеді, ал ақуыздар мен қан жасушалары қанда қалады.
-
Зәр түзілу үдерісінің үш негізгі кезеңі:
-
Фильтрация: қаннан су мен кіші молекулаларды бөледі
-
Реабсорбция: пайдалы заттарды қанға қайтарады
-
Секреция: қалдық заттарды түтікшелерге шығарады
Бұл үдерістер бүйректің қан құрамын реттеуіне және қалдықтарды шығаруына мүмкіндік береді.

Нефронның құрылымы мен қызметі туралы мәтінге негізделген сұрақтар:
-
Бір өмірмен байланысты сұрақ: Нефронның құрылысы мен қызметі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді? Сіздің пікіріңізді дәлелдеңіз.
-
Көп таңдауы бар тапсырма: Нефронның негізгі қызметтерінің бірі болып табылады:
a) Ультрафильтрация
b) Тері тыныс алу
c) Ас қорыту
d) Жүйке импульстары -
Салыстыру тапсырмасы: Нефронның ультрафильтрациясы мен реабсорбциясын салыстырыңыз. Олардың негізгі айырмашылықтары неде?
-
Сәйкестендіру тапсырмасы: Төмендегі терминдерді олардың анықтамаларымен сәйкестендіріңіз:
a) Абсорбция
b) Фильтрация
c) Несептің құрамы
d) Таңдамалы реабсорбция -
Шындық немесе жалған тапсырмасы: Нефронның ультрафильтрациясы тек қана су мен тұздарды фильтрациялайды. (Шындық / Жалған)
-
Дұрыс реттілікті анықтау тапсырмасы: Нефронның қызметтерін дұрыс реттілікпен орналастырыңыз:
a) Ультрафильтрация
b) Абсорбция
c) Несептің түзілуі
d) Таңдамалы реабсорбция -
Бір дұрыс жауабы бар тапсырма: Нефронның қызметі не үшін қажет?
a) Иммундық жүйені қолдау
b) Дене температурасының реттелуі
c) Қан құрамындағы токсиндерді жою
d) Ас қорыту процесін жақсарту -
Көп таңдауы бар тапсырма: Нефронның қандай бөліктері фильтрация процесінде маңызды рөл атқарады?
a) Гломерул
b) Проксимальды тубул
c) Дистальды тубул
d) Барлық аталғандар -
Салыстыру тапсырмасы: Фильтрация және кері фильтрацияның себептерін түсіндіріңіз. Неліктен екеуі де маңызды?
-
Шындық немесе жалған тапсырмасы: Нефрон тек бүйректерде ғана орналасқан. (Шындық / Жалған)
Жауаптарды кілт:
-
(Ашық, субъективті жауап)
-
a) Ультрафильтрация
-
(Жауаптар әр түрлі болады; оқушылар ультрафильтрация - қанның фильтрациялау процесі, ал реабсорбция - заттардың қанға қайта сіңірілу процесі екенін атап көрсетуі керек.)
-
a) Абсорбция - заттардың сіңірілуі; b) Фильтрация - сұйықтықтың бөлінуі; c) Несептің құрамы - несептің компоненттері; d) Таңдамалы реабсорбция - қажетті заттардың қайта сіңірілуі.
-
Жалған
-
a) Ультрафильтрация, b) Абсорбция, c) Несептің түзілуі, d) Таңдамалы реабсорбция
-
c) Қан құрамындағы токсиндерді жою
-
d) Барлық аталғандар
-
(Жауаптар әр түрлі болады; оқушылар фильтрация - қаннан қалдықтарды жою процесі, ал кері фильтрация - қажетті заттарды қайтару екенін түсіндіруі керек.)
-
Шындық

Бүйректердің құрылысы мен рөлі. Бүйректе қан сүзіледі және зәр түзіледі. Яғни бүйректер ағзамыздың басты биологиялық сүзгісі болып табылады. Егер екі бүйрек те жұмыс істеуін тоқтатса, 30–40 минут ішінде ағзаның өздігінен улануы басталады. Міне, сондықтан ағзада бүйректердің рөлі маңызды болып табылады. Нефрон – бүйректің функциялық бірлігі. Нефрондар – микроскопиялық құрылымдар. Әрбір бүйректе 1 млн-нан артық
нефрон болады. Нефрон бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген және екі бөліктен тұрады.

1. Қанның сұйық бөлігі плазманың капиляр шумағынан нефрон
капсуласына түсуі
A. Ультрасүзілу
B. Реабсорбция
C. Фильтрацся
D. Гидролиз
E. Диссоцация
2. Қан ағымына, яғни нефронға түскен заттарды кері қайтару
A. Ультрасүзілу
B. Реабсорбция
C. Фильтрацся
D. Гидролиз
E. Диссоцация
3. Нефрон капсуласында жүретін үдеріс
A. Репарация
B. Инверция
C. Реабсорбция
D. Абсорбция
E. Регенерация
4. Нефрон қабырғасы
A. Жүйке жасушаларынан тұрады
B. Эпителий жасушаларынан тұрады
C. Дәнекер жасушаларынан тұрады
D. Түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады
E. Қан жасушаларынан тұрады
5. Суретте берілген бүйрек ауруын анықтаңыз.

A. Анемия
B. Цистит
C. Пиелонефрит
D. Несептас
E. Өрлеме жұқпа
6. Бүйрек ұлпаларына патогенді бактериялардың еніп, нефрон
жасушаларын жойып, бүйректі қабындыруы
A. Инсульт
B. Пиелонефрит
C. Несептас ауруы
D. Өрлеме жұқпа
E. Тахикардия
7. Қуықтың жұқпалы қабынуы
A. Цистит
B. Ботулизм
C. Несептас
D. Анемия
E. Дальтонизм
8. Бүйректе ерімейтін тұздардың бөлшектерінің қалыптасуы
A. Цистит
B. Ботулизм
C. Несептас
D. Анемия
E. Дальтонизм
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
§18.Нефронның құрлысы мен қызметі.

шағым қалдыра аласыз