жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1917 жылғы Ресейдегі революция. Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды?
Пән: Дүниежүзі тарихы ҰМЖ
тарауы: 2А бөлімі
- |
Мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Жакипова Маржан Абубакировна |
|||||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып:8 |
Қатысқандар- Қатыспағандар |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы:
|
Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды |
|||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.1.1 – тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан социалистік революциясының әсерін сипаттау |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: -Большевиктердің 1917 жылғы Қазан социалистік революциясын орнатқандығын біледі. Оқушылардың басым бөлігі: -Оқушы Қазан социалистік революциясын, Уақытша үкіметтің құлауын талдай алады. Кейбір оқушылар: Әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан социалистік революциясының әсерін сипаттайды;
|
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау кретирийі |
-1917 жылғы Қазан социалистік революциясының мәлімет бере алады -Қазан социалистік революциясын, Уақытша үкіметтің құлау тарихын айта алады. - Қазан социалистік революциясынжәне большевизмнің үкімет басына келуіне талдау жасай алады
|
|||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттары |
Тыңдалым-айтылым. Бейне роликке анализ жасау. Кезбе тілші әдісі арқылы бейне ролик қосылады. Бейнеороликті тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді.
Оқылым-жазылым. «Т» әдісі және «Галереяны шарлау» әдісі арқылы мәтінді оқи отырып,әртоп сабаққа белсене қатысап, керек мәліметтерді жазады және салыстырады. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты лекция мен терминалогия Интерактивті тақтада термин сөздер шығарылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып, мұғаліммен бірге мағынасын талқылайды. Терминдер 1.Социал-демократия –дүниежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күш, ХІХғ. соңы мен ХХғ. басы кезінде пайда болды.Кең көлемді демократиялық құруларды жүргізіп,революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы. 2. «Уақытша үкімет» - буржуазия мен помещиктер бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік 3.Декларация -(лат.жариялау) - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялар мен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме. 4. Большевизм – В.И. Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы.РСДЖП ІІ съезінде(1903ж)басқарушы органдары сайлау кезінде В.И.Лениннің жасақтары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады. 5. Меншевиктер –РСДЖП –Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы құрамындағы ағым
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы бірліктер Талқылауға арналған тармақтар Уақытша үкіметтің билігін жойғаннан кейін үкімет басына келген кімдер:большевиктер ма? әлде меншевиктер ма?
Сіз неліктен.... екенін айта аласызба? Уақытша үкіметтің құлау себептерін айта аласыз ба
Жазылым/ диалогқа қажетті тіркестер: декрет, Кеңес билігі, Халық Комиссарлар Кеңесі (ХҚК), шетелдік интервенция, азаматтық соғыс.
|
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Өз өзіне және айналадағы адамдарға құрмет:Саяси билікке деген құрметті қалыптастыру
Ұлттық құндылықтар Қоғамдағы ұлттық бірлікті сақтау, бейбіт келісімге құрметпен қарау |
|||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
Құқық |
|||||||||||||||||||||||||
Ойлауға дағдылары |
Білу , түсіну, қолдану |
|||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Ресейдегі самодержаваның жойылу себебі туралы түсінік қалыптасқан |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақты жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
1-3минут
5-6 миунт |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Топтарға бөлу. Ұйымдастыру кезеңі Топтастыру: Аталым қағаздарға топтың аттары жазылады және өз топтары туралы қысқаша мағлұмат бере кетеді. 1.топ Революция 2.топ Большевик 3.топ Уақытша үкімет
Бағалау парақшасымен таныстыру Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында өз көңіл күйлерінің неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына)ұқсас екенін айтып береді.Ойының соңында жауаптарды қорытындылап, бүгінгі шеңберімізде балалардың көңіл күйі қандай екенін: қайғылы, көңілді, күлкілі және т.б. жауаптардың қорытындысын шығырғын кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр т.б. сияқты элементтер агресивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударған жөн.
Үй тапсырмасын тексеру: 1.«Попкорн?» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау және оқушылардың белсенділігін арттыру; 1.Ресей экономикасының дамуы қандай тарихи жағдайларда жүрді? 2. Капиталистік өнеркәсіп дамуының үш кезеңін ата және олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай болды? 3.Ақпан революциясының басталу себепері қандай? 4.Қос өкімет деген қалай түсінесің? 5. Шаруашылықтың жіктелуі қалай болды? 6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі ірі өнеркәсіптік өндірістің негізгі ..... болды? 7. Неліктен Ресей 1860-1880 жылдары экономикалық тұрғыдан Батыс Еуропаның жетекші елдерінен артта қалды? 8. 1890 жылдары Ресейде өнеркәсіпт өрлеуі қай салаларда орын алды? 9. ХІХ ғасырдың басында басыбайлық құқықты шектеу және тастаудың қандай жобалары жасалды?
«Попкорн» әдісін қолданудағы мақсатым өткен сабақты пысықтау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін анықтау және белсенділігі мен қызығушылығын артыру және талқылау дағдыларын дамытыуға қол жеткізу.
ҚБ-ды «ҚБ Мадақтау сэндвичі» «Мадақтау сэндвичі» ҚБ-ды қолдану мақсатым: Үй тапсырмасына белсене әрі дұрыс жауап берген оқушыларды топқа бөлінген сынып оқушыларының сұрақтың дұрыс жауабына орай мұғалім мадақтау стикерін беру. |
Аталым қағаздар
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы
8-10 минут
8-10-минут |
2. Видеоролик көрсету 2. «Кезбе тілші» әдісі, бейне роликке анализ жасау. Саралау тәсілі бойынша «Кезбе тілші» әдісін қолданып А,В,С оқушылардан жауап алу үшін сұрақтар қоямын:
А-деңгейі 1.Большевиктердің үкімет басына келуі мен жүргізген саясатын түсіндіру? 2.Ресейдегі Қазан социалистік төңкерісінің тарихи маңызы қандай? В-деңгейі 1.1917 жылы кеңес билігі қандай маңызды қаулылар қабылданды? 2. Уақытша үкімет, Қазан төңкерісінің құлау себебтері қандай? С-деңгейі 1. Үкіметтің басына Большевиктердің келуін және Жұмысшылар құқықтарының декларациясын атап көрсетеді? 2.Азаматтық соғыс және шетелдік әскери интервенцияны мәнін ашу
Кезбе тілші әдісін қолданудағы мақсатым: Бұл әдіс арқылы оқушыларды Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойуы туралы жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады,олардың ойлау әрекетін жандандырып қосымша ақпарат береді
Қ/б.Сыныптастарды бағалау Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір біріне жұмысы үшін баға қояды. Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, бұл оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік береді. Аталған құрал жеке сабақтарда және жұмыс схемаларында қолданылуы мүмкін.
3. «Т» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатып, жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру. Плакатты екі бағанаға ішкі және сыртқы деп бөледі. Жаңатақырыпты оқиды. Ішкі жағына кітаптағы бар мәліметтерді жазса, сыртқы жағына кітаптағы жоқ мәліметтерді сыни ойлай отырып жазады. Жасаған «Т» кестелерін сынып алдында дәлелдейді.
І-топ Большевиктер үкімет басына келгенге дейін және үкімет басына келгеннен кейінгі діннің мәселесі қандай болды? ІІ-топ Большевиктер үкімет басына келгенге дейін және үкімет басына келгеннен кейінгі шаруалардың мәселесі қандай болды? ІІІ-топ Большевиктер үкімет басына келгенге дейін және үкімет басына келгеннен кейінгі саяси жүйе және билік мәселесі қандай болды?
«Т» әдісі. Бұл әдісті қолданудағы мақсатым: Мәтінді оқи отырып, сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге және зерттеу сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік береді:
Қ/б «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар әр топтың жауабын ойын барысында бағалайды.
«Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
1.Мына суретте кімнің бейнесі бейнеленген? 2. Петроградта жұмысшылар, теңізшілер мен сарбаздардың қарулы көтерілісі неге алып келді? 3. Дінді жоққа шығару саясаты қандай болды? 4. Уақытша үкімет басына келген басшылар туралы мәліметтерді ата. Қазан революциясынан кейін кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ҚБ. Түйінді сәттер Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын. «өте жақсы», «жақсы» «жарайсың» «сіздің қолыңыздан келеді» секілді бағалау арқылы оқушылардың ішкі уәжін ояту, ілгерлендіру, сүйемелдеу, |
https://bilimland.kz/upload/content/lesson/16681/media/93929586c024131345dba7ecb4e54715/content/script_00040/media/mcc_hi_up_04_04_1a.mp4 https://bilimland.kz/upload/content/lesson/16683/media/46bf516a90c60f1393f0e09c32842b76/content/script_00042/media/3500.mp4
Кезбе тілші
«Т» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатып, жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру
ҚБ. Түйінді сәттер бағалау
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
7-минут
2-3 минут
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
Оқушылардың деңгейіне қарай тақырыптық және терминалогияға байланысты деңгейлік тапсырма. А- Сөйлемдердегі қалып қойған сөздерді тауып көп нүктенің орнын толықтырыңыз. Ақпан төңкерісінен кейін елде жағдай ........ тұрақсыз болды және Ресейдің ..... саяси күштерінің арасындағы күрестің шиеленісіне қолайлы жағдай туғызды. ...... жылы 7 қарашада (көне санау бойынша 25 қазан) Петраградта жұмысшылар, теңізшілер мен сарбаздардың көтерілісі ...... жетті. Елдегі атқарушы билікті большевиктер үкіметі - ....... жетекшілік еткен Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) басқарды. Декларацияның төрт бөлімінде Кеңестік мемлекеттің саяси негіздері орнатылды, ....... басты міндеті анықталды, ....... саясат қағидалары орнатылды. Азамат соғысының бірінші кезеңі Орал және Поволжье аймағындағы .......... ........... қалпына келуімен аяқталды.
В Төменде берілген сөздердің дұрыс немесе бұрыс екенін көрсетіңіз
С- Уақытша үкімет, большевик, меншевик, декрет, Социал-демократия, декларация терминдік сөздердің мағанасын айту
Мақсаты:Сыныптағы оқушыларға жаңа сабақ тапсырмасына қатысты деңгейлі тапсырмалар беру арқылы бүкіл сынып оқушыларын сабаққа деген қызығушылығымен белсенділігін арттыру арқылы сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз ету.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасымен жұмыс жасату
Дескриптор
ҚБ-ды «Ду қол шапалақ» «Ду қол шапалақ» ҚБ-ды қолдану мақсатым: Үй тапсырмасына белсене әрі дұрыс жауап берген оқушыларды топқа бөлінген сынып оқушыларының сұрақтың дұрыс жауабына орай өздерін-өздері ду шапалақ арқылы визульды бағалауына мүмкіндік беру.
Үйге тапсырма: саралау тәсілі бойынша А.В.С тапсырмаларын беремін А.деңгейі: Үкімет басына келген большевиктердің басшысы Ленин В.И туралы қысқа эссе жазу В.деңгейі: Азаматтық соғыс және шетелдік әскери интервенциясына сөздерге сөзжұмбақ дайындау С.деңгейі: Қазан революциясы мен Уақытша үкіметі кестеге түсіріп келу.
|
ҚБ-ды «Ду қол шапалақ»
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлекция
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады. |
||||||||||||||||||||||||
Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында үй тапсырмасын «Попкорон»әдісі арқылы сұрадым
«Кезбе тілші Саралау тәсілі бойынша» А,В,С оқушылардан жауап алу үшін сұрақтар қоямын.
«Т» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатып, жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру.
Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Қабырғаға дайындалған постер ілінеді әдісін қолданып
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Оқушылардың деңгейіне қарай тақырыптық және терминалогияға байланысты деңгейлік тапсырма. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
|
«Попкорон»әдісі арқылы сұрадым
ҚБ-ды «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ-ды Кезбе тілші
Қ/б.Сыныптастарды бағалау
«Т» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатып, жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру. Қ/б «Жапондық бағалау»
ҚБ. Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Қабырғаға дайындалған постер ілінеді
ҚБ. Түйінді сәттер
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
ҚБ-ды «Ду қол шапалақ»
|
Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Егер шаршап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі |
||||||||||||||||||||||||
№1 қосымша Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Бөлім |
|
|||||||||||||||||||||||||
Тақырып |
Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды |
|||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
8.1.1.1 – тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан социалистік революциясының әсерін сипаттау |
|||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағыларының Деңгейі |
Білу , түсіну, қолдану |
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-1917 жылғы Қазан социалистік революциясының мәлімет бере алады -Қазан социалистік революциясын, Уақытша үкіметтің құлау тарихын айта алады. - Қазан социалистікреволюциясынжәне большевизмнің үкімет басына келуіне талдау жасай алады
|
|||||||||||||||||||||||||
Тапсырма |
||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың деңгейіне қарай тақырыптық және терминалогияға байланысты деңгейлік тапсырма. А- Сөйлемдердегі қалып қойған сөздерді ұяшықтан тауып толықтырыңыз. Ақпан төңкерісінен кейін елде жағдай ........ тұрақсыз болды және Ресейдің ..... саяси күштерінің арасындағы күрестің шиеленісіне қолайлы жағдай туғызды. ...... жылы 7 қарашада (көне санау бойынша 25 қазан) Петраградта жұмысшылар, теңізшілер мен сарбаздардың көтерілісі ...... жетті. Елдегі атқарушы билікті большевиктер үкіметі - ....... жетекшілік еткен Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) басқарды. Декларацияның төрт бөлімінде Кеңестік мемлекеттің саяси негіздері орнатылды, ....... басты міндеті анықталды, ....... саясат қағидалары орнатылды. Азамат соғысының бірінші кезеңі Орал және Поволжье аймағындағы .......... ........... қалпына келуімен аяқталды.
В Төменде берілген сөздердің дұрыс немесе бұрыс екенін көрсетіңіз
С- Уақытша үкімет, большевик, меншевик, декрет терминдік сөздердің мағанасын айту
Мақсаты:Сыныптағы оқушыларға жаңа сабақ тапсырмасына қатысты деңгейлі тапсырмалар беру арқылы бүкіл сынып оқушыларын сабаққа деген қызығушылығымен белсенділігін арттыру арқылы сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз ету.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасымен жұмыс жасату
Дескриптор
|
||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
|||||||||||||||||||||||||
- 1917 жылғы Қазан социалистік революциясының мәлімет бере алады - Қазан социалистік революциясын, Уақытша үкіметтің құлау тарихын айта алады. - Қазан социалистік революциясын және большевизмнің үкімет басына келуіне талдау жасай алады
|
- 1917 жылғы Қазан социалистік революциясының мәлімет бере алды - Қазан социалистік революциясын, Уақытша үкіметтің құлау тарихын айтты - Қазан социалистік революциясынжәне большевизмнің үкімет басына келуіне талдау жасай алды |
|||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген