400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1929-31 жж. Шаруалар толқуларының себептері,қозғалыстың сипаты,негізгі ошақтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:1929-31 жж.Шаруалар толқуларының себептері,қозғалыстың сипаты,негізгі ошақтары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өтілген тақырыптарды түсіну,білу,тарихи хронологияларды,ұғымдарды,статистикалық цифрларды еске сақтау,ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жалғастыру.
Дамытушылық: Ізленіс жұмыстарын меңгеру,тарихи оқиғалар мен фактілерге анализ және синтез жасай білу,өзгені тыңдай білу.

Тәрбиелік: 1921-31 ж.ж. шаруалар көтерілістері және 1920-80 ж.ж. көтерілістер,наразылықтарды зерттеу арқылы ұлтжанды болу,Қазақстандық патриотизмді сезіну,еңбек сүйгіш болу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы.сызбалар,кестелер.
Сабақтың түрі: Сабақ-жиналыс
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,синтез,анализ жасай білу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу

- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Құрметті,Ұстаздар,оқушылар сабақ-жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Сабақ-жиналысымызды ашпас бұрын сабақ-жиналысымызды жүргізу үшін төраға және хатшы тағайындап алуымыз керек.Кімнің қандай ұсынысы бар?
Оқушы: Сабақ-жиналысымыздың төрағасы Мақсымов Қайырхан болсын,хатшылыққа Ашкенова Айсәулені ұсынамын.
Кімнің қандай ұсынысы бар?
-Жоқ.
Сабақ-жиналыстың төрағасы
Мақсымов Қайырхан ,хатшы Ашкенова Айсәуле кандидатуралары бекітілсін дегендерің қол көтеріңдер,түсіріңдер.
Соңғыс ұсыныс бір ауыздан бекітілді.

Сабақ-жиналыстың барысы:(сабақ –жиналыстың төрағасы жүргізеді)
Хатшы сабақ-жиналыстың барысын хаттамаға түсіріп отырады.
--Күн тәртібінде қаралатын мәселе екеу.
1.Шаруалар толқуларының себептері,сипаты.
(Баяндамашы Төкенова Балдырған)
2. 1921-31 ж.ж. Қазақстан аумағындағы шаруалар көтерілістері.

(Баяндамашы Қабиденов Бақтияр)
-Күн тәртібіндегі мәселелерге алып, қосарларыңыз бар ма?
-Жоқ(оқушылар)
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты картадан: Оңтүстік Қазақстан,Торғай,Алматы,Гурьев(Атырау),Маңғыстау,Орал,Теміртау,Шығыс Қазақстан,Қатонқарағай ауылы көрсетіледі.
Күн тәртібіндегі
бірінші мәселе бойынша сөз Төкенова Балдырғанға беріледі.

Баяндама тыңдалған соң,талдау,жарыс сөзге шығу басталады.Бұл жұмыс Сократ шеңбері бойынша жүргізіледі.Себебі 1929-31 ж.ж. шаруалар көтерілістерінің болуы және болмауы да мүмкін еді.

Жарыс сөз тоқтатылған соң,сабақ-жиналыстың төрайымы күн тәртібіндегі 1-ші мәселеге қысқаша қорытынды жасайды.
1927 жыл желтоқсан айында Партияның ХҮ сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.
Негізгі ұстанымдары:
-Еріктілік
-Дербестік
-Материалдық мүдделік
-Ұжымдастыру сатыларына кезең –кезеңмен өту.

ҚАКСР-де Ұжымдастыру1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді.
Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:

-Қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді

-Даярлықсыз,жеткілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

-Әкімшілік –күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

-Шаруашылық базасын жасау,тұрғын үйлер,мәдени тұрмыстық обьектілерісалу жоспры орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар»құра бастады.

Нәтижесінде:

-Абыралы ауданында -70%:

-Жымпиты ауданында -60%:

-Жәнібек ауданында -95% шаруашылық ұжымдастырылды.

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды:

1928 жылы-2 %,1930 жылғы 3-сәуірде-56,4 % ,1931 жылғы қазан-65%

Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды:

-1929 жыл-56,498 шаруа жауапқа тартылып,34 мыңы сотталды.

-1931 жыл-5,500 отбасы жер аударылды.

-1929-1933 жылдар –ОГПУ(біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі-9,805 іс қарап,оның ішінде:ату жазасына -3,386 адам,3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға-13,151 адамға үкім шығарды.

-1933 жыл-ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды.
1930 жылғы 30 мамыр –республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола,Қарағанды округтерінен мерзімсіз,тегін пайдалануға 110,000 га жер бөлді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап,1930-32 жылдары аштық жайлады.

1932 жылғы ақпан-колхозшы қожалықтарының 87%-ы,жекешелердің 51,8%-ы малдан түгел айырылды.

Ұжымдастыру қарсаңында-40,5 млн. Мал болса,1933 жылы1-қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.

Бұл жағдай өлкеде аштық қасыретін туғызды:

-1930 жылы-313 мың адам.

-1931 жылы 755 мың адам.

1932 жылы769 мың адам қайтыс болды.

-1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ыжаппай қырылды.

Т.Рысқұловтың Сталинге хатында көрсетілген деректер:

«Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда:

-Орта Волгада -40 мың:

Қырғыз жерінде -100 мың:

Батыс Сібірде-40 мың:

Орта Азияда-30 мың:

Қарақалпақ жерінде 20 мың қазақтар бар.Көшіп кетушілер Қалмақ,Тәжік жері,Солтүстік өлке,Батыс Қытайға дейін барған.Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы».

- Ақтөбе обылысында 1930 жылы 1млн. адам болса,1932 жылы 725800 адамға кеміген(71%).

-Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса,1932 жылы 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп,12 мыңы қалған.

1930 жылғы қаңтар -1931 жылғы маусым аралығы 1млн.70 мың адам(281,230 шаруа қожалығы)Қытай,Иран,Ауған жеріне т.б. көшті.Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ,414 мыңы кейін елге оралды.

Аштық зардаптары:

-1930-1933 жылдары 2,1 млн.адам қырылды.(барлық халық саны 6,2 млн.)

-Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін,1969 жылы ғана қалпына келді.

Баяндама тыңдалған соң,талдау,жарыс сөзге шығу басталады.Бұл жұмыс Сократ шеңбері бойынша жүргізіледі.Себебі 1929-31 ж.ж. шаруалар көтерілістерінің болуы және болмауы да мүмкін еді.

Жарыс сөз тоқтатылған соң,сабақ-жиналыстың төрайымы күн тәртібіндегі 1-ші мәселеге қысқаша қорытынды жасайды.
2-ші мәселе қаралмас бұрын оқушылардан «Геноцид», «Депортация», «авантюра», «шовинизм» терминдердің мәнін сұрайды.Картадан Ақмола,Қарағанды,Павлодар,Көкшетау,Жаңаөзен жерлерін көрсету талап етіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз
Қабиденов Бақтиярға беріледі

4.1929-1931 жылдарда өшлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.

Семей округі- халық наразылығының ірі орталығы.1930 жылғыақпан-мамыр аралығында Зырянов,Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды,Батпаққара көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды.Оңтүстік,Орталық,Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы –көтерілісшілер аймағының орталығына айналды.
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 дивизия күшімен талқандалып,175 адамды атуға,172 адамды 2-10жылға соттауға,көбін Сібірге жер аудару туралы үкім шығарды.

Созақ көтерілісі-Табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді Басшысы Жақыпов.

Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып,аудан басшыларын өлтірді.Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен аяусыз жанышталды.311 адам қылмыстық жауапкешілікке тартылып,68-ін атуға,152-сін 3-10 жылға еңбекпен түзету лагерьлеріне қамауға,21-ін Сібірге айдауға,10 адамды өлке аумағында 3 жылға жер аударуға үкім шығарды.

1931 жылғы көктемдегі Қарқаралы округінің Абыралы,Шыңғыстау,Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетінен түгел қырылды.

Республика аумағында 372 толқулармен көтерілістер болып,оған 80 мың адам қатысқан.

Жазалау шараларының салдары:

-1929-1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып,883-і атыолды.

-Баллығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.

5.1932 жылы 17қыркүйек – «Қазақстанның ауыл шаруашылығы,атап айтқанда мал шаруашылығы туралы» туралы қаулы қабылданды.

Міндеттері:

-Ұжымдастыру кезінде республиканың шаруашылық,мәдени даму деңгейін ескеру.

-Шаруашылық даярлық дәрежесін ескеру.

-Мал шаруашылығы аудандарында ТОЗ-ды құру

Реттеу жұмыстары:

- «Жасанды колхоздар таратылды.

-Астықты аудандарда коммуналар орнына ,артельдер ұйымдастырылды.

-Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер қайтарылды.

-Отырықшы аудандарға 2млн. пұт астық және 30 млн.сом ақша бөлінді.

Баяндама тыңдалған соң жарыс сөзге шығатын оқушылар 1929-31 ж.ж. Кеңес үкіметінің авантюристік,шовинистік саясатын сипаттайды.
Қаулы:
1.1920-31 ж.ж. көтерілістердің басты себебі-Кеңес үкіметі тарапынан ұжымдастыру науқаны күшпен жүргізілгендіктен болды деп есептелсін.

2.Біз,11 сынып оқушылары Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген шовинистік саясатын айыптаймыз.
Осы қаулы бекітілсіндеген оқушылар қол көтерсін.

Қаулы бірауыздан бекітілді.
Сабақ-жиналыстың хатшысы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атайды.Мұғалім оқушылар еңбегін бағалайды,кемшіліктерді атап көрсетеді.
Үйге тапсырма: оқулықтағы 129-132 бетті оқу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі