жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
19-20 жас аралығындағы студенттердің шет тілін үйренудегі проблемалар
19-20 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚУЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Естай Айнур, Игілік Ақерке
Базарбекқызы Назерке
Ғылыми жетекші: аға оқутышы Шукан Алия
Аннотация:Шет тілдер факультетінде оқитын студенттердің ағылшын тілін үйренудегі басты қиындықтары қарастырылады.Студенттің өзіне деген сенімсіздігі мотивация жоғы талқыланады.
Кілт сөздер:Сенімсіздік, тілдік қордың жоғы,мотивация,ұялшақтық
Ұсынылған зерттеу жұмысында ағылшын тілін үйрету барысында ауызша сөйлеу дағдыларын тиімді әдіс
тәсілдермен дамытып оқыту ұсынылған. Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістеріне тоқталдық. «19-20 жас аралығындағы студенттердің шет тілін үйренудегі проблемаларын» анықтау үшін белгілі бір студентпен жұмыс жасадық .Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім алушылардың шет тілін үйренуде кездесетін қиындықтары
«19-20 жас аралығындағы студенттердің шет тілін үйренудегі проблемаларын» анықтау үшін белгілі бір студентпен жұмыс жасадық.Экспериментіміздің мақсаты:білім алушылардың шет тілін үйренуде кездесетін қиындықтарын қарастырып, тиімді әдістер қолдана отырып мәселенің шешімін табу.Бұны бастамас бұрын біз студенттерден сауалнама алған болатынбыз. Сауалнама жауабын талдай отыра, студентімізде кездескен проблемаларды анықтап толық жауабын алдық.Оның айтуы бойынша,айтылым дағдысы (сөздерді дұрыс дыбыстау) және сөздердің аудармасын еске сақтау қиындық тудырады.Ол шет тілінде сөйлегенде өзін сенімсіз ұстайды , ал мұның себебін «Тілді жетік білмегендіктен,айтып жатқан сөйлемімнің дұрыс екеніне күмәнданамын» деп түсіндіреді. Ең алдымен , тілдік барьермен жұмыс істеу үшін біз Илья Франк ұсынған оқу әдісін таңдап алдық. Бұл әдістеме бойынша ол , В2 деңгейіндегі «The Curious Case of Benjamin Button» деген кітапты ұсынады.Әрине , басында кітап жай ғана шет тіліндегі әңгіме болып көрінуі мүмкін. Алайда , мұнда әрбір сөйлемнің қасында оның аудармасы жазылып тұрады. Кейін әңгіменің желісін түсініп алғаннан соң,оның таза шет тілінде жазылған түрін асықпай оқи аласыз.Сонымен қатар , кітапта қиын сөздердің оқылуы (транскрипция) және күнделікті өмірде қолданамыз деген сөздердің аудармалары жазулы тұрады.Кітапты дауыстап оқу , әрбір сөзге мән беріп , оқылым дағдысын дамытуда бұл құралдың көмегі көп болды. [1].
Келесі кезекте , сөздік қорын көбейту үшін «Карточкамен жаттау» әдісін алдық.Мұнда 30 тақырыпқа байланысты 500 карточка және есте сақтауға көмектесетін 6 ойын Бұл карталардың көмегі өте зор болды.Ойындарды бірнеше бала бірігіп ойнап , осындай қызықты әдіспен көп жаңа сөздер жаттадық.Ендігі біздің маңызды мәселеміз-сенімсіздік.Студент , сөйлемді дұрыс құрастыра алмаймын деп қорқады.Сондықтан , бі өз арамызда бізге жеткізгісі келген ойын шет тілінде айтуды ұсындық.Ең басында ең оңайынан бастадық. Мысалы: «Give me a spoon», «What's our next lesson?». Кейін , кешкісін өзінің бір күн бойы істегендерін ағылшынша айтуға тырысты. Және оның тыңдалым дағдысына әсер ету үшін , бізде ағылшынша сөйлеп , әңгімелестік Кешкісін,барлығымыз бірге ағылшын тілінде «Friends» атты сериалды көрдік.Бұл сериал,достардың күнделікті өмірлерін сипаттайды. Эксперимент барсында, байқағанымыз студенттің тілге деген құштарлығы артып, «Шет тілін үйрену қиын» деген түсінігі өзгерді .Көп ізденіп , сөз жаттады , кітап оқу арқылы акцентін түзеп , дыбысталумен жұмыс жасады .Ал, біздің түйгеніміз: тіл үйрену үшін қызықты әдістерді пайдаланып пен қызықты адамдармен бірігіп жұмыс жасау керек. [2].
Тыңдап түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыттық Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты.
Тыңдап түсіну барысында туындайтын қиындықтар:
Сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін.
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Ал студент өз мұғаліміне дағдыланып алады.
Мұғалім барлығына түсінікті болу үшін өте баяу ырғақта сөйлейді. Дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді.
Егер тыңдаушы сөйлеушінің сөйлегендегі іс-қимылын бетпе бет көріп үйреніп қалады. Телефон арқылы сөйлесу, радио тыңдауда ондай болмайды. Осы кезде түсінісу қиын болады.. [3].
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
- Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
- Оқытушы тұлғасы;
Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді.
Студенттің тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Студенттер материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Студенттердің ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, студент қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2 Студенттің толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктерімен байланысты болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Студенттің оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5Студент өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет. [4].
Студентті оқыту барысында осы тәсілдерді қолдандық:
Логикалық ойлау;
Грамматикалық-аударма әдісі;
Үнсіздік әдісі
Физикалық сезіну әдісі;
Рольдік ойындар;
Мәдени қарым-қатынас;
Анализдеу;
Пікір алматыру;
Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.
Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Студентің сабақ барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады. [5].
Ағылшын тілін үйретуде студентке ескертетін жайттар :
1 Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
2 Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
3 Тапсырманы студенттің қабілетіне қарай беру.
4 Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
5 Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше студенттердің дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді. Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз. . [6].
Нәтижелер.
Эксперименттің нәтижесінде жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, студентіміздің грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейі көтеріліп, ауызша сөйлеуге деген қызығушылықтары артты.
Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығы айқындалды.
Эксперимент барысында студентіміздің топ алдында ұялмай шыға алғандығын өз көзімізбен көре алдық.
Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологиялар айқындалды және оның ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудегі тиімділігі негізделді.
Ауызша сөйлеуді дамыту қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс екені дәлелденді.
Эксперимент барысында студентімізге группаның жеке қолдауы мотивациясы маңызды екенінді біле алдық.
Қорыта келгенде біз студентіміздің өз өзінің сенімсіздігін жеңгенін көре аламыз. Эксперимент барсында, байқағанымыз студенттің тілге деген құштарлығы артып, «Шет тілін үйрену қиын» деген түсінігі өзгерді .Көп ізденіп , сөз жаттады , кітап оқу арқылы акцентін түзеп , дыбысталумен жұмыс жасады .
Ал, біздің түйгеніміз: тіл үйрену үшін қызықты әдістерді пайдаланып пен қызықты адамдармен бірігіп жұмыс жасау керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Илья Франк
2. The Curious Case of Benjamin Button
3. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы.
4. Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген